13 боөЖ. Медициналық интроскопияның негізі Орындаған: Қырықбай Аймерей Факультет: Жалпы медицина Топ: 101a тексерген: Уразақынов Дарын Алматы, 2022 Мазмұны


Магниттік-резонанстық томография (МРТ)



бет4/9
Дата05.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#55080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аймерей сроп

Магниттік-резонанстық томография (МРТ).
Ішкі мүшелер мен ұлпаларды ядролық магниттік резонанс деп аталынатын физикалық құбылысты пайдаланып зерттеудің томографиялық әдісі.Әдіс жоғары кернеулктегі тұрақты магнит өрісінде тұрған сутегі атомдары ядроларын белгілі электромагниттік толқындарының комбинациясымен қоздыруына жауабын өлшеуге негізделген.
Ядролық магниттік резонанс әдісі адам ағзасын ағза ұлпаларының сутегімен қанығуы негізінде және олардың әр түрлі атомдар мен молекулалардың қоршауында тұруына байланысты магниттік қасиеттерінің ерекшеліктерін өлшеуге негізделген. Сутегі ядросының магниттік моменті(спині)бар және өзінің кеңістіктегі бағдарын күшті магнит өрісінде,сонымен бірге протон үшін арнайы берілген градиенттік,және сыртқы радиожиіліктік импульстер деп аталынатын,протон үшін арнайы болып табылатын қосымша өрістер берілген резонанстық жиілікте әсер еткенінде өзінің кеңістіктегі бағдарын өзгерте алатын бір протоны бар.



МРТ қызметінің тізбесі:

  • бастың (гипофиздың, мидың, мұрын қойнауларының) магнит-резонансты томографиясы;

  • контрастымен магнит-резонансты ангиография және магнит-резонансты ангиография (мидың және мойынның қантармырларының (артериялары мен веналарын) МРТ зерттеулері;

  • омыртқа бағанасы мен жұлынның магнит-резонансты томографиясы (кез- келген комбинациядағы мойын бөлігінің МРТ, кеуде бөлігінің МРТ, бел аумағының МРТ, сегізкөз-құйымшақ жігінің МРТ);

  • контрасты жіберілуімен қан тамырларының магнит-резонансты ангиографиясы;

  • МРТ келесілерді анықтауға мүмкіндік береді:

  • жаңа өспелер (қатерлі, қатерсіз, метастаздар);

  • қабынбалы процесстер (жіті, созылмалы);

  • жарақаттық, жарақаттан кейінгі, операциядан кейінгі өзгерістер;

  • қан тамырларының патологиялары;

  • дистрофиялық және дегенеративтік өзгерістер, атрофиялық процесстер, даму кемістігі.

 МРТ қарсы көрсетімдер:
МРТ жүргізуге мүлдем болмайтын көрсетімдер:

  • жасанды жолмен жүрек қағысы соғатын науқастар (градиентті магнит өрісі әсерінен асинхронды жұмыс режиміне ауысуы мүмкін);

  • жүректің жасанды қақпақшалары;

  • зерттеу уақытында пациенттің қозғалыссыз жатуы мүмкін емес жағдайда; 

  • ми қан тамырларының бассүйекішілік ферромагнитті гемостаздық клипстары (жылжу кезінде қантамырдың зақымдануы мен қан кетуі мүмкін);

  • қолқа клипстары;

  • электродтар;

  • ферромагнит металл имплантаттар;

  • зерттеуге жататын анатомиялық аймақтағы металлконструкциялар (металл пластиналар, дистракторлар және т.б.);

  • периорбитальды ферромагнитті бөгде зат (жылжуы кезінде көз алмасы зақымдануы мүмкін);

  • ортаңғы құлақтың ферромагнитті немесе электронды импланттары;

  • айқын клаустрофобия;

МРТ салыстырмалы қарсы көрсетімдер:

  • клаустрофобия (жабық бөлмелерден қорқу);

  • эпилепсия, шизофрения;

  • жүктілік (әсіресе алғашқы үш айлық);

  • декомпенсацияланған жүрек жетімсіздігі;

  • түрлі жерде орналасқан қан тоқтатушы клипстар;

  • имплантталған нейростимуляторлар;

  • инсулин сорғы;

  • науқастың аса ауыр жағдайы;

  • физиологиялық мониторинг жасауға қажеттілік;

  • пациент салмағына шектеу (120 кг артық емес).

Әдетте МРТ зерттеулерін жүргізуге ешқандай арнайы дайындық қажет емес. МРТ әдістемесі бойынша пациент көлденең қалыпта жатқан бойы томографтың тар тоннеліне енгізіледі, томографта жату зерттеу түрлеріне байланысты әртүрлі уақытты алады (25-40 минут). Пациент зерттелініп жатқан анатомиялық аймақты қозғалтпай жатуы керек. 
Бірқатар МРТ суреттері вена арқылы сіздің қолыңызға контрастты ерітіндіні жіберу жолымен алынады. МРТ процедурасы ауырсындырмайды және сканерлеу кезіндегі томографтың шуылы мен процедураның ұзақтығы әсершіл адамдарға біршама қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Шуылды бәсеңдету үшін Сізге құлаққаптар ұсынылады. Зерттеу кезінде тынысыңызды еркін алыңыз, Сіз үнемі біздің қызметкерлердің бақылауында боласыз және өзіңізді нашар сезінсеңіз кез- келген уақытта арнайы дабыл түймешегін басуыңызға болады. Жеке заттар, асыл бұйымдар және бағалы заттар, металл бар киімдер, және электрмагнитті құрылғылар МРТ сканерлеу бөлмесіне кіргізілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет