13 дәріс. Сақтандыру ұйымының Қаржысын қалыптастыру



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі40,15 Kb.
#50933
  1   2
Байланысты:
12 лекция сақтандыру


13 дәріс. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сақтандыру компаниясының акша айналымына екі салыстырмалы дербес акша ағыны кіреді:


- сақтандыру корғанысын қамтамасыз ететін; каражат айналымы (сақтаңдыру төлемдері);
- сақтандыру компаниясының жұмыс істеуіне арналған, қаражат айналымы
Сақтандыру қорғанысын камтамасыз ететін каражат айналымы, өз кезегінде, екі кезеннен өтеді: бірінші кезенде сақтандыру коры қалыптасады және бөлінеді, екінші кезеңде - депозиттік салымдар есебінен пайда алу, бағалы кағаздар сатып алу және т.б. максатында сақтандыру қоры каражатының бір бөлігі банктерге инвестицияланады.
Сақтандырушы жасаған акша қоры сақтандырушы мен сақтанушының өзара карым - катынастарының тепе - теңдігін (әквиваленттілігін) сақтау үшін жеткіліктілік ықтималдығы неғүрлым жоғары болса, сақтандырушының каржылық тұрактылығы соғұрлым жоғары болады.
Нарықтық шаруашылық жүргізу жағдайында сақтандыру ұйымдарының қызметі өз шығындарының орньш толтыруды ғана емес, сонымен бірге пайда алуды да болжайды. Сақтандыру ұйымы езінің сақтандыру операцияларынан үлкен пайда алуға ұмтылмауы тиіс, өйткені осы арқылы сақтандырушы мен сақтанушының өзара қарым - катынастарының тепе - теңдік (әквиваленттілік) принципі бұзылған болар еді.
Табысты жүргізген инвестициялық кызметтен алган қаражат, негізінен сақтандыру операцияларын каржыландыруға: сақтандырудың залалды (шығынды) түрлерін дотация беруге, жаңа сақтандыру түрлерін әзірлеуге, кадрларды даярлауға және кайта даярлауға бағытталады және т.б.
Өзін - өзі сақтау және рентабельділік принциптеріне негіздей отырып, шаруашылык жүргізуші субьектілер, өзіндік сақтандыру қорларынан өзге, шаруашылық кызметтерін жүргізу үшін кажет өзге қорлар құрады.
Сақтандыру ұйымының табысы – сақтандыру және өзге де заңмен тыйым салынбаған қызметтерді жүзеге асыру нәтижесінде түсетін ақша қаражат-тарының жиынтық сомасы. Сақтандыру қызметінен түсетін табыстардың басты элементі – сақтандыру жарналары және сақтандыру сыйақылары.
Сақтандыру ұйымының табыс көлемі сақтандыру портфелінің құрамы мен құрылымына, тарифтік саясатына, маркетингтік стратегиясына және басқа да факторларға байланысты.
Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақыларын жинақтауы объективті факторлармен айқындалады, яғни нарық коньюктурасымен заңнамалық нормативтік құқықтық база салық салу жүйесінен мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың даму деңгейімен және т.б.
Аталған факторлар сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерінің ағынын арттырып немесе тежеп отырады.
Сақтандыру ұйымының табыстарын 3 топқа жіктейміз:
1. Сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты табыстар:

  • Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары мен сыйақылар;

  • Сақтандыру агенті және брокерінің көрсеткен қызметі үшін сыйақылар

  • Сақтандыру қызметімен байланысты өзге де табыстар

2. Инвестициялық қызметтен түскен өзге де табыстар – инвестициялық табыс сақтандыру ұйымы үшін маңызды табыс көзі болып табылады. Сақтандыру операциялары бойынша шығынды жабуға мүмкіндік береді, инвестициялық табыстарға банктік салымдар бойынша сыйақы, акция бойынша дивиденд, бағалы қағаздар бойынша табыс және т.б. жатады.
3. Өзге де табыстар – негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен өзге де активтерді сатудан түскен табыс, мүлікті жалға беруден түскен түсім, сақтандыру қызметін жүзеге асырумен байланысты емес, заңға қайшы келмейтін қызметтерді жүзеге асырумен байланысты табыс.
Сақтандыру шығындарының жіктелімі:

  • Сақтандыру келісімшартын дайындаумен байланысты шығыстар;

  • Сақтандыру келісімшартын жасау және орындаумен байланысты шығыстар;

  • Сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы шығыстар;

  • Сақтандыру қызметімен байланысты емес шығыстар және ағымдағы шығыстар.

Сақтандыру келісімшартын жасағанға дейін немесе сақтандыру өнімін өткізгенге дейін сақтандыру ұйымы жарнама, өнімді нарықта өткізу, келісім-шартты дайындау тәуекелді бағалау, кеңес берумен байланысты шығыстар, келісімшартты жасау, оны жүргізу және орындау көп шығындармен байла-нысады. Келісімшарт орындаумен байланысты шығындардың негізі залалды қаржыландыру және сақтандыру өтемақысын қамтамасыз етумен байланысты.
Сақтандыру ұйымының қаржы қорлары меншікті капитал мен тартылған капиталынан тұрады. Сақтандыру компаниялары сақтандыру резервтерін қалыптастырады. Сақтандыру резервтерінің мақсаты және оларды қалыптас-тыру тәртібі әр түрлі.
Сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерінің болуы міндетті. Сақтандыру резервтерінің қаражаты қолданылып жүрген сақтан-дыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орын-дауға байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған. Сақтан-дыру резервтері әрбір сақтандыру шарты бойынша және әрбір сақтандыру сыныбы бойынша жеке қалыптастырылады. Сақтандыру ұйымының қалып-тасуы міндетті болып табылатын сақтандыру резервтерінің түрлері:

  • Шығындар резервтері;

  • Күтпеген тәуекелдер резервтері;

  • Тұрақтандыру резервтері.

«Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдармен сақтандыру резервтерін қалыптастырудың тәртібі мен мөлшері туралы» Ұлттық Банктің қаулысына сәйкес сақтандыру резервтеріне жіберілетін аударымдардың келесі нормативтері бекітілген:
- сақтандырудың ерікті түрлері бойынша, өмірді сақтандырудан басқасы – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 75 пайызынан кем емес;
- тарифтері заңмен бекітілмеген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша, өмірді сақтандырудан басқасы – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 75 пайызынан кем емес;
- өмірді сақтандыру – нақты түскен сақтандыру төлемдерінің сомасының 100 пайызы.
Сақтандыру резервтері сақтандыру компаниясы жүзеге асыратын сақтандырудың әрбір түрі бойынша жеке қалыптасады. Сақтандыру резервтерінің қажетті мөлшері сақтандыру ұйымымен бір айда бір реттен кем емес, әрбір айдың соңғы жұмыс күніне есептеледі және түзетіледі. Өз міндеттемелерінің бір бөлігін қайта сақтандыру кезінде сақтандыру ұйымы сақтандыру резервтерін тек жоғарыда бекітілген мөлшердегі міндеттемелердің қалған мөлшері бойынша қалыптастырады. ҚР-да сақтандыру резервтерін орналастыру тәртібі туралы Ұлттық Банкпен жасалған арнайы нұсқау бар. Бұл нұсқау сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын және сақтандыру төлемдерінің мерзімінде төленуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет