Инклюзивті білім беру –
ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс
ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар) (ебҚ) –
даму ерекшеліктеріне, мінез-құлық және эмоциялық проблемаларына, орталық факторларына (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени) байланысты тиісті деңгейде білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтары бар тұлғалар (балалар);
ерекше білім беру қажеттілігі-
- оқу-дамыту барысындағы сапалы білім алуға тиісті көмекке және қызметке қажеттілік;
білім алу үшін арнайы жағдайлар –
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
психологиялық- педагогикалық қолдау –
педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады;
Психологиялық-педагогикалық мектеп консилиумы –
бұл оқушыға көмек көрсетудің бірыңғай стратегиясын жасау үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы мамандарының өзара әрекеттестігінің формасы.
арнайы кабинет –
ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға мамандарының психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған топтық және жеке сабақтарды жүргізуі үшін жабдықталған бөлме (сыныптық бөлме);
Қысқартылған оқу бағдарламасы –
оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы;
жеке оқу бағдарламасы –
зияты зақымдалған оқушының жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы;
ҚР МЖМБС –
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
ПМПК –
психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес;
ППҚҚ –
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі;
ЭЫДҰ –
экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;
бҰҰ –
бірккен ұлттар ұйымы;
ТЖКБ –
техникалық және кәсіби білім;
ППТК –
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;
НТГС –
назар тапшылығы және гипербелсенділік синдромы;
АСБ –
аутистік спектрдің бұзылуы.
Дисграфия-
жазудағы қиындықтармен сипатталатын оқудағы ақау
Дислексия-
өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне жауап беретін неврологиялық ауытқу
Дискалькулия-
бұл математикада күрделі мәселелер туғызатын оқудың кемістігі.
Достарыңызбен бөлісу: |