Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын камтамасыз ету жағдайы. Сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігі өзінің қаржылық міндеттемелерін уақытылы және толық орындау қабілеттілігімен анықталады.
Сақтандыру ұйымдарының қаржылык тұрақтылығының көрсеткіштеріне мыналар кіреді:
1. жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерлері;
2. активтердің құны және оларды әртараптандыру дәрежесі;
3. сақтандыру резервтерінің және өзге міндеттемелердің мөлшерлері;
4. төлем қабілеттілік көрсеткіштері;
5. сақтандыру және кайта сақтандыру бойынша міндеттемелер көлемдерінің арақатынасы;
6. көрсетілетін сақтандыру және кайта сақтандыру қызметтерінің рентабельділігі;
7. жүзеге асырылатын инвестициялык саясаттың тиімділігі.
Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: Сыртқы факторларға: