13. И. Сапарбай поэзиясындағы көркемдік ізденістер


Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяны мысалмен дәлел келтіріп талдаңыз



бет7/8
Дата27.11.2023
өлшемі40,95 Kb.
#130021
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бибіжан сессия

22.Қазақ поэзиясындағы ұлттық идеяны мысалмен дәлел келтіріп талдаңыз
Әдеби тектегі үлкен орын алатын поэзия жанрында әр халықтың өз үні, тарихы, арман-мақсаты бар. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттыңболмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Өз ұлтын, елін жырламайтын ақын, өз шығармаларына арқау етпейтін жазушы жоқ. Мысалы жыраулық кезеңнің көрнекті өкілдерінің жырларының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі,елдің бірлігі,бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам,тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген, бейбіт,тыныштық өмірді өмірді қалаған.Жыраулардан бертін ақындар да өз өскен ортасын, туған жерін жырлап өткен. Қазіріг заман ақындарынан мысал етер болсақ, ұлттың Мұзбалақ ақыны Мұқағалидің жанымен сүйген Хантәңірін жырлауы, Қарасазын мадақтауын поэзиямыздағы ұлттық болмыстын бір көрінісі десекте болады.
23.А.Алтай повестеріндегі постмодернизм ағымы
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзіндік ізденісімен көрініп жүрген жазушылардың бірі – Асқар Алтай. Оның кейбір туындыларының постмодернизмге жақын екенін байқаймыз. Әдебиеттанушы ғалым Бақытжан Майтановтың пікірінше «Кентавр» әңгімесіндегі мифопоэтикалық ойлау жүйесі қазіргі экосоциологиялық проблемаларды бейнелі, астарлы түрде ұштастырған идеологеманы құрайды.
Сондықтан бұл әңгімені постмодернистік шығармалардың қатарына қосқан. Ал, біз осы шағын мақаламыздың нысанына қаламгердің «Казино» жинағына енген «Түсік» әңгімесін алып отырмыз.
Жазушының біраз шығармалары дәстүрлі әдебиеттегі реализм түрінде жазылған болатын болса, «Түсік» әңгімесінде «фантастикалық реалды» әлеміне өтеміз. Мұнда шығарманың негізгі оқиғасын автор мәтін ішінде түсті беру арқылы іске асырады.
«Мәтін ішіндегі мәтіндердің бір типін көркем шығарма құрылымындағы күнделіктер, суреттеліп отырған жағдайдың таңбасы ретінде танылатын түс, кейіпкердің айна арқылы көрінетін егізі (двойник) құрайды.
Бұлардың бәрі де көркем шығармада баяндалып отырған жағдайдың таңбасы, белгісі немесе коллажы деп есептеліп, автордың өзі емес, басқа субъект арқылы суреттеледі. ...Кейіпкердің түс көруі семиотикалық тұрғыдан интертекст деп есептеледі». Сондықтан да шығармадағы кейіпкердің түс көруін мағыналық жағынан интертекст деп атағанды жөн көрдік.
Ескерте кететін жайт постмодернизмде мәтін рөлі өте жоғары. Қазақ әдебиетіндегі постмодернистік мәтін жайлы Әуезхан Қодар: «Постмодернизмдегі интертекст, гипертекст туралы мәтін автордан биік, оның болмысынан автордың ойына кірмеген мән-мағына табуға еріктіміз» – десе, профессор Бақытжан Майтанов та мәтін жайында сөз қозғап, «интертекст, гипертекст, мәтіннің астарлы ойы (подтекст)» деген ұғымдарды атайды.
Көркем шығармадағы берілетін түс жайлы тілші ғалым А.С.Адилова былайшы пікір білдіреді: «...автор және оқырман үшін түс – өзі енгізіліп отырған мәтіннің оқиғаларын жанама түрде түсіндіретін яки сипаттайтын, интерпретация жасауға көмектесетін метатекст.
Қаламгер өзі айтпақ, жеткізбек болған ақпарды түспен вербалдайды, ал оқырман негізгі мәтіндегі және түстегі оқиғаларды қатар қойып, салыстырып, ассоциация нәтижесінде тұтас мәтіннің астарлы, концептуалды мазмұнына жетеді. Түс арқылы жазушы өз кейіпкеріне де, оқырманға да суреттеп отырған жағдайын түсінуге көмек жасайды», – дейді.
Асқар Алтайдың «Түсік» әңгімесі шағын-шағын үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі авторлық баяндаудан, яғни әңгімеге пролог іспетті. Пенде түсінде түсік көреді. Жатырдың ішінде түсікке айналған тамшы емес адамның хал-жайы, кейіпкердің өзі суреттеледі.
Шығармадағы түстің символдық мәні де үлкен. Себебі, символды жан-жақты қазбалап көрсетудің қажеті шамалы. Ал, суреткердің әңгімесіндегі жатыр ішіндегі ұрық адамдарға белгілі жайт. Мәтіндік астармен негізгі ойға, көркем шығарманың тұтастығына септігін тигізіп тұрған да осы – түс.
«Түлен түртті пендені...
Түсінде түсік көрді. Түсік – түсік емес, түсікке айналған мұның өзі. Бармақтай ғана жан иесі екен. Ештеңемен ісі жоқ. Жөнімен жүзіп жүр.
Жүзіп жүрген мекені – жатыр. Биттің қабығындай жұқа жатыр іші – жұмбақ әлем. Жұқа жарғақ жарылып кетердей толқып-толқып қояды. Жұмсақ құрсақ баяғы балалық шағында шаңырақта үрлеулі тұрған қарындай шайқала толқығанда, көгілдір әлемде балықтай жүзген бұл бесіктей тербеледі. Бірақ тұншықпайды. Емін-еркін тыныстайды». Ары қарай түсікке айналған адамның сана-сезіміндегі алғаш ойлаған ойлары рет-ретімен беріледі.
Оқырманға тым түсініксіздеу болмау үшін бұл жағдайға персонаждың қалай тап болғандығын әңгіменің екінші бөлігінен көреміз. «Пендеге тән түлкі бұлаң тірлік кешкені рас. Түсікке айналмай тұрып жалғанды жалпағынан басты ғой, шіркін! Шіркіннің шылауына кім ілінбеді, шаңына кім ілесе алды?..
...Жігітшілік жолында жұмақ кешті. Қыз-қырқын ырғын еді. Ырғында ырып жүрді. ...Жұрт жел жағынан жүрмейтін, оң жағынан күңкілдейтін күйге жетті. Оның соңы – Биболдың Балкенжедей жас қызға «бүлдіргі» салғаны.
«Бүлінгеннен бүлдіргі алма» дегендей, Балкенжеден бойына бітіп қалған шарана туралы естігенде Бибол «бүлдіргі» деп бұрқанған. Бір «бүлдіргі» аз саған дегендей, Санабике (әйелі) құрсағы да құр қалмапты. Үш бала аздай тағы бір «топалаң» түсіпті. Енді бұл екі оттың ортасында қалды», – деген автор баяндауының өзін түспен астасып жатқанын келесі сөйлемдерде білдіртеді. «Өң мен түс астасып кетті. Ақыры бірін болмаса бірін түсіртіп тастауға бел байлайды. Түсікті көзі көрмесе де, керең болғыр құлағы естіп, көңілі нілдей бұзылған».
Автор осы тұста кейіпкерінің әйелі Санабикемен және ашынасы Балкенжемен болған диалогында олардың Биболға (әңгіменің қаһарманы) деген ойларын эксплицитті, ал өзінің кейіпкеріне деген ащы мысқылын (ирония) имплицитті түрде береді.
«– Сен баяғы сары қарын, салпы етек ауылдың қатыны деп тұрсың ғой... Оқымаған надан деп тұрсың ғой... Оқымасам – оқымадым. Ал қайтейін деп едің? Сен асырап отырмысың? Сен емес, мына мен асырап, мына мен адам қылып отыр емеспін бе?! О-о-о, сорлы, сорлы!.. Табамын!.. «Ұл-ұл» деген тіліңді тыямын! Ха-ха-ха! ...Білем сені, білем!
Тағы салдақыларыңа кеттің ғой... Байлықтың буына, жезөкшелердің суғарғанына семіріп жүрсің. Келерсің... көзіңе көк шыбынды үймелетермін. Ағаларым аман болсын!». Жылбысқаны алдыртып тастасаң деген емеурініне әйелінің берген жауабынан Биболға деген көзқарасын байқаймыз.
Қаламгер кейіпкердің түсікке айналмай тұрғанындағы тіршілікте істеген істерімен оқырманды таныстырған соң, түлен түрткен пенденің түсікке айналғанына қайта оралады.
«Түсік түнемелге ес жиды...»
Әңгімедегі бұл жағдай фантастика болғанымен, біз автордың қиялына сүйсінбеске шарамыз жоқ. Одан әрі, ес кірген түсік пенде Тәңіріге жалбарынады.
«– О, құдіреті күшті Тәңірім! Мендей түсік пендеңе қуат бере гөр!? Тозақтай жанып, мұздай суынған құрсақ анама сабыр бере гөр!? Мен бір талайсыз бейбақпын... Екі бірдей сүйгенім бар еді. Сол екеуі құрсағының біріне өзім түсіппін. Мұндай да сұмдық болар ма, жаратқан ием?! Әлде өзіңнің құдіретіңмен, әлде сайтанның сұм ісімен осы күйге душар болыппын...
О, құтқарушы, Тәңірім! Қайсысының ғана құрсағына тап болдым? Қайсысы мені сылып тастағалы тұр? Жаппар ием, жар бола гөр! Жар бола гөр, жазықсыз жан иесіне!». Екі түсіктің бірін түсіртуге бел байлаған кейіпкеріміз өзі түсінде «түсікке» айналып, жатырдан «арам без» деп сылып тастамауын Тәңіріге жалбарынып сұрауда. Бірақ қайсысының жатырына түскені, қайсысының алдыртуға бел байлағаны белгісіз.
Ол шығарманың соңында да беймәлім күйде қалады. Мүмкін түстегі көрген қиыншылығынан соң кейіпкеріміз алдыртпаңдар деп те айтуы мүмкін шығар, бұл әңгімені оқып біткеннен кейінгі оқырманның еншісіндегі шешімдері. Ал, біз мұны постмодернистік әдебиеттің элементтері демекпіз. Белгісіздік ең басты ситуация екені және бәріне күдікпен қарау постмодернизмнің ерекшеліктерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет