13. И. Сапарбай поэзиясындағы көркемдік ізденістер


Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері



бет5/8
Дата27.11.2023
өлшемі40,95 Kb.
#130021
1   2   3   4   5   6   7   8
18.Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері
Еліміздің тәуелсіздік алуы ұлттық әдеби өмір шежіресінде жаңа тарихи кезеңнің бастау алуына себеп болды. Қазіргі қазақ әдебиеті көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық- концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға жол ашты. Егемендіктің жариялануы бұрынғы саяси идеологияның салдарынан бұрмаланған ұлт тарихын қайта зерделеуге, тарихтағы және жалпы руханияттағы (дін, тіл, мәдениет, әдебиет) ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Ұлттық әдебиеттің саясат құрсауынан (изоляциядан) босап, әлемдік әдеби кеңістікпен ықпалдастығы (интеграциясы) артуынан көркемдік даму арналарында әлемдік мегаүрдістердің әсер-ықпалы айқын аңғарыла бастады. Қазіргі таңда ұлттық сөз өнерінде дәстүрлі реализммен бірге өзге де модернистік, постмодернистік ағымдар мен құбылыстар қатар өмір сүре бастады.
Мысал ретінде,
"Баба жұртына оралу"(Жыраулық дәстүр) Ж.Әскербекқызы
Ақ ала ордам қонған жұрт...
Қазтуған жырау
Шалкиіз жырау шалған жұрт
Қазтуғаннан қалған жұрт
Доспамбеттей қыршын ер
Соңғы демін алған жұрт.
"Алаң да алаң, алаң жұрт" Қазтуған Сүйінішұлы (Жыраулық дәстүр)
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
"Қараңғы түнге қамалып..." (Абай дәстүрі) Жанат Әскербекқызы
Қараңғы түнге қамалып,
Кімді іздеп жүрсіз... Мені ме?
Көмескі Ай көкте ағарып,
Қарайды-ау сізге егіле.
"Желсіз түнде жарық ай" Абай Құнанбайұлы
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
19.Қазіргі қазақ поэмасындағы тарихи тақырып. Философиялық мәні
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ ақындары өздерінің шығармалары арқылы жалпыадамдық мәселелерді көтере білді. Көркем шығармаларға қоғам мен заманнан үлкен орын алатын өзекті мәселелер нсгіз болса, қазіргі қазақ ақындарының шығармаларына арқау болған осындай қоғамдық мәні зор мәселенің бірі — азаттық, бостандық, теңдік. Азаттық пен бостандық тек қазақтың ғана емес, жалпы адамзат баласының арман-мақсаты болғаны белгілі. Қазіргі таңда қазақ ақындары сан ғасырлар аңсаған егемендігіміз жолында қаншама қан төгіліп, қаншама жанның өмірі қыршынынан қиылғанын жан-жақты бейнелеуде. Адамзатқа ортақ бостандық мәселесінің қазақ халқы үшін де орны ерекше. Бұл мәселені ақындар тарихи тақырыптарға жан бітіру, қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан замандастарымыздың тағдырын көркем бейнелеу арқылы шешуге тырысты. Олардың қатарында Қ. Мырза-Әли, К. Салықов, М. Рәш, Н. Ораз, Ж. Бөдеш, Н. Айтұлы, Н. Оразалин, А. Егеубаев, Т. Әбдірахманқызы, К. Ахметова, Б. Жақып, Қ. Аманжол. И. Тасқараұлы, М. Бектемірова сынды ақындарды атауға болады.
Осы мақсатта тарихи поэмаларды көптеп жазган ақынның бірі -Несіпбек Айтұлы. Оның «Тоғыз тарау» жинағына енген «Сардар», «Бердіқожа батыр», «Шақантай», «Сары қаз», «Көкала үйрек», «Ерлік пен тектілік», «Кәмей ұшқан», «Түс — елес», «Игор жорығы туралы жыр» сынды поэмаларының дені тарихи тақырыпты арқау еткені мәлім.
Ал, «Көз жасым» (2006) жинағына «Баесүйектер», «Жасынның сынығы», «Әнім саған — аманат», «Үзілмеңдер, үндістер», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмалары енсе, «Ерлікке ескерткіш» (2008) кітабынан «Ту» және «Ақмола шайқасы» поэмалары орын алыпты. Тарихи тақырыпқа құрылған поэмалардың негізгі идеясы — жалпы адамзатқа ортақ азаттық пен бостандық.
«Бассүйектер» поэмасында ақын зымыран уақыттың өткеніне көз жүгіртіп, ғасырлардың қойнауына енген тарихтан сыр шертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет