13. И. Сапарбай поэзиясындағы көркемдік ізденістер


Драматургиядағы тартыс және көркемдік характер



бет2/8
Дата27.11.2023
өлшемі40,95 Kb.
#130021
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бибіжан сессия

14.Драматургиядағы тартыс және көркемдік характер
Тартыс пен мінез – драматургия жанрының ең негiзгi өзегі. Драмалық шығармадағы тартыс - қарама-қарсы ниеттегi қаһармандар бойындағы iшкi және сыртқы әрекеттерiмен тығыз байланысты. Кез-келген драмалық шығармада тартыс пен мінез қызметi солғын болса, ол – шығарма көркемдiгiн төмендетуге апаратыны белгілі. Мінез мәселесiн ашуда да әр суреткердiң амалы әр түрлi.
Драмадағы жағдай – кең ұғым. Қаһармандары өмiр сүрiп отырған қоғамның тынысы, ортаның жай-жапсары, заманының ағысы, кейiпкерлерiнiң атқаратын iс-әрекетi – барлығы осы жағдайға байланысты дамиды.
А. Байтұрсынұлы: ”Тартыстың өзi басты-басты үш тарау болып бөлiнедi: 1) мерт, яки әлектектi тартыс [трагедия], 2) сергелдең, яки азапты тартыс [драма], 3) арамтер, яки әурешiлiк [комедия]. Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп аталады. Тартыс сөз қу тiлдi болса, қулықты деп аталады; қисыны қызық болса, күлдiргi тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс сиқырлы деп аталады.
.... Айтыс-тартыс сындар әдебиетiнiң бiр сөзi…Айтыс-тартыстың әуезе мен толғауға да ұқсастығы аз. … айтыс-тартыста уақиғаны бiреудiң айтқанынан естiп бiлемiз. Көзбен көрiп те бiлемiз. Асылында, айтыс-тартыс iшкi ғалам мен тысқы ғаламның түйiскенiн көрсететiн сөз түрi” [2,448],- деп драматургия жанрының түрлерiне алғашқылардың бiрi болып түсiнiктеме беріп, тұжырым жасаса, М. Єуезов: “Драматургиядаѓы конфликт мєселесi - пьесаныњ жанрлыќ белгiсiн кµрсететiн шешушi элементтердiњ бiрi … драматургияныњ негiзгi компонентi. Драматургиялыќ шыѓарманы ныќтап, проза, поэзиядан бµлектеп т±ратын шартты белгi жалѓыз осы конфликт” [3, 361] ,- деп атап µткен болатын. Р. Нұрғали: “Драматургия–қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың басында әлеуметтік – қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі – халықтың сан ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры” [4, 470], - дейді.
Жалпы қазақ және шетел филология ғылымында драмалық шығармадағы тартыс пен мінез жайында жазылған ғылыми еңбектер қатары көп [5].
Қазақ ұлттық драматургиясы бүгiнгi күнi жан-жақты даму үстiндегi жанр. Ғылыми айналымѓа, нысанаѓа алынып зерттеу iсi - ХХ ғасырдың 50–жылдарынан басталады. Осы уақыттан бастап диссертациялар ќорѓалып, монографиялыќ ењбектер жарыќќа шыѓа бастады.
1970-1990 жылдардағы суреткерлердің белді өкілі жазушы–драматург Сәкен Жүнісов. Драматургия – Сәкен Жүнiсовтың проза жанрымен қатар дамытып келе жатқан жанры. Бүгiнгi күнi қазақ әдебиетiнiң проза, драма жанрында өзiндiк стилi, қолтаңбасы бар қаламгер. Әсiресе, трагедия мен комедияға қарағанда драма жазуға, драмада мәселе көтеруге, пьеса оқиғасын шиеленiскен тартысқа құруға, күштi характерлер сомдауда шеберлiгiн байқатып келедi.
Сәкен Нұрмақұлы шығармашылық жолын балаларға арналған шағын дүние жазудан бастаған. 1950-60 жылдары “Социалистiк Қазақстан”, “Қазақстан пионерi”, “Жұлдыз” т.б. республикалық газет-журналдардың беттерiнде әңгiмелерi, сын-рецензиялары, ғылыми мақалаларымен көпшiлiкке танымал бола бастады. Қаламы төселіп, жазушылық өнердi жете меңгерген кезiнде “Жапандағы жалғыз үй”, “Ақан серi” романдарын, “Заманай мен Аманай’’ повестерiн өмірге әкелiп, бүгiнгi күнi бұл дүниелерi қазақ әдебиетiнiң алтын қорынан өз орнын алған шығармалар болып саналады.
Сәкен Жүнiсовтің шығармашылық өнерi қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлi қырынан зерттелiнiп, қарастырылып келедi” [6]. Дегенмен, суреткердiң екiншi бiр мол шығармашылық саласы – драматургиясы жөнінде арнайы ғылыми зерттеулер аз.
Сәкен Жүнiсовтің көркемдiк шарты қатал, өткiр, тартысты, кiрпияз жанрға келуiне бiрнеше себептердi алға тартуға болады. Бiрiншiден, прозалық туындыларында драматизмнiң күштiлiгi басым болып жатса, екiншiден, шығармаларында драманың элементтерi молынан кездесуi, үшiншiден, Қазақ академиялық драма театрының әдебиет бөлiмiн 1963-1967 жылдары басқарып, iзденген, яғни театр сыны, дәстүр жалғастығы арқылы келдi деп айтуға толық негiз бар.
Кез-келген драматургтiң пьесалары - театрдың жақсы репертуары бола бiлуiмен ғана шығармашылық өнерi жайында әдiл бағасын алады. Ғалым, сыншылардың пiкiрлерiнен драматургия саласындағы алғашқы жетiстiктерi мен кемшiлiктерi жайлы С.Жүнiсов пьесалары республика театрларында табысты қойылып, көпшiлiктiң ықыласына ие болып келе жатқанын аңғарамыз [7].
Бүгiнгi күні Сәкен Жүнiсов драматургиясы кең ауқымда зерттелініп, жанрды игерудегi шеберлiгі жайында академиялық және облыс театрларында әр жылдары қойылған драмалық шығармалары - әдебиет зерттеушiлерi, театр танушылардың назарынан шет қалған емес. Атап айтқанда: Ғ.Мүсiрепов, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, К.Нұрпейiсов, Е.Әкiмқұлов, С.Ордалиев, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, Б.Құндақбаев, Ә.Сығаев, Р.Тоќтаров, Тараќты Аќселеу, С.Негимов, Ќ.Уєлиев, М.Хасенов, Т.Есембековтің, М.Халиолин, Т.Ќажыбаев, Р.Т±рысбеков, Б.Б±лѓаќбаева, С.Ѓазезов, Ж.Жаќанова, Х.Єдібаев, Ќ.Ѓалымтаев, Т.Кешубаев, Шапауов Є.Қ. [8] ењбектері белгiлi.
Сәкен Жүнiсовтің төл драмалық шығармалары мен инсценировка-пьесаларында тартыс пен мінездің атқаратын қызметi жоғары. Мысалы: орталық қаһармандары Ажар мен Атан, Қарасай мен Райхан, Разия мен Мұрат, Сәуле мен Разия, Сәбит пен Мұхтар, Жамбыл мен Сәбит, Баттал мен Таурид т.б. араларындағы тартыс шебер сомдалған. Сонымен қатар Сәкен Жүнiсов тудырған кейiпкерлерiнiң бейнесi алдыңғы және замандас драматургтер шығармаларымен салыстыра қарағанда әлсiремей, шыңдала түскенiн байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет