13. И. Сапарбай поэзиясындағы көркемдік ізденістер


Б.Нұржекеевтің «Бір өкніш, бір үміт» романындағы әйел бейнесі



бет4/8
Дата27.11.2023
өлшемі40,95 Kb.
#130021
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бибіжан сессия

17.Б.Нұржекеевтің «Бір өкніш, бір үміт» романындағы әйел бейнесі
Автордың "Бір өкініш, бір үміт" атты романын оқуды жөн көрдім. Бастағаннан-ақ "Өз әйелімді сүйе тұрып, тағы басқаны ұмыта алмауым, тіпті, сағынуым; бала күннен бірге өскен досымды бар пейіліммен сыйлай тұрып, онымен қырғи қабақ жандармен де жылы сөйлесуім – осының бәрі не қылық, адамгершілік пе, екіжүзділік пе?" деген тосын сұрағы қызықтырып қояды. Расымен неге олай деп себебін білгің келеді. Біз адамдар сондаймыз ғой, пенделік пен кемшіліктің күресін қызық көреміз.
Романда Шегеннің Бүбішке деген бала махаббаты бозбала шақтағы іңкәр махаббатқа ұласады. Махаббаттағы жалғайтын ең құнды қасиет - сенім десек, оның тазалығы, нәзіктігі де сол, сәл кірбің түссе күдік туады. Ал күдік сенімсіздікке ұласады. Әр сенімсіздік сезімді сыры кеткен ыдыстай сұрықсыздандыра бастайды. Шеген мен Бүбіштің арасында да қауесеттер мен жағдайларға байланысты Шегеннің бойына күдік жинала түседі. Алғашқы іңкәр сезімінің жауапсыздығынан махаббатқа қаталдау қарай бастайды. Ол Қорлан-Сарамен арадағы байланысында білінеді.
Жалпы, махаббатта екі жақ бірдей күресуі керек қой. Меніңше Бүбіш әлсіздік әлде немқұрайлылық танытқан сыңайлы. Мен де Бүбіштің адалдығына күмәнмен қарадым. Егер шын сүйетін адамың болса оның алдында таза болсаң қалай ақталсаң да жарасады емес пе? Өзің жайлы екі ұшты ойға қалдырып кету саған бәрібір болғанын білдіреді.
Ал Мағираның Шегенді шын сүйгеніне сенуге болады. Алайда "жүрекке әмір жүрмейді " деген жаттанды сөз бар ғой. Ол рас. Десе де Шегеннің қызып тұрған сезімді тұтатып, қызға үміт сыйлап кеткенін құптамаймын. Басқа жігіттерге де осыны айтар едім.
Сараға келер болсақ, көптің көңіліне қарай берсең (жақын құрыңның да) өзің болашақ жарым деп таныған адаммен бір бола алмайсың дер едім. Ондай сәт екінші рет келе бермеуі де мүмкін ғой.

Ал Шегеннің жары болу бақытына ие болған Шәзия - нағыз жазушының жары. Шеген бүбішті тек жүрекпен сүйсе, Шәзияны ақылымен сүйгендей. Шығармадағы басты кейіпкер Бексұлтан ағаның өзі екенін ескерсек, кім біледі, Шеген Бүбішке қосылғанда мұндай туындылар өмірге келер ме еді, келмес па еді?... Неге дейсіз бе? Оқырман көзімен қарағанда Бүбіш өзгеден бұрын өзін қатты жақсы көретін, өз бағасын білетін, кербез сұлу. Десе де маған Бүбіштің ұнаған қасиеті - сабырлығы. Ал шығармашылық адамдарына өзінен бұрын сені беріліп сүйген адамың болғаны әлдеқайда ұтымды. Шын сүйген адам бәріне де көнеді. Шәзия да сондай.


Романда тек махаббат қана сөз болмайды. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ ауылының жәй-күйі, студенттік өмірмен де таныс боласыз. Күндестік те, мейірім де бар. Әр кейіпкердің мінез құлқы да ерекше әсер қалдырады.
Төменде романнан маған ұнаған ойларды қалдырдым:
Біреуден жақсылық көрсең, сен де біреуге жақсылық көрсетуге борыштысың. Өйтпесең, жақсылықтың ұрығын өлтіресің: алғанын қайтармаған қарыздар адам сияқтысың. Әркім ала беріп, ала беріп, алғанын қайтармайтын болса, өмір де жұтайды.
Өсу дегеніміздің өзі - жақсылықтың ғана дамуы. Сондықтан әке-шеше мен бала-шаға біріне бірі өмірді тапсырғанда, жамандықтарды өз бойында сүзіп қалып, тек жақсылықтарды ғана аманаттауға тиіс. Сонда өмір сүзіле-сүзіле, тазара-тазара, ұрпақтан ұрпаққа өткен сайын жақсара береді.
Біреу қойған сұрақтан өйтіп-бүйтіп бұлтарарсың, өзіңе өзің қойған сұрақтан қашып құтылу қиын екен.
Бұға берсең, сұға береді бұлар. Өзіңдікі дұрыс па, ешкімге есеңді жіберме. Ажалың жетсе, қарап жүріп те өлесің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет