13-практикалық сабақ. Жазу дағдыларына машықтанудың үш кезеңі Жоспары: Жазбаша сөйлеудің қалыптасу дәрежесін көрсететін негізгі кезең


Фонетикалық жазу тілдің дыбыстық жағын дұрыс түсініп, дыбыс пен әріптің ара жігін ажырата білуді, соның негізінде дұрыс жазуды талап етеді



бет4/4
Дата03.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#89396
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Аружан

Фонетикалық жазу тілдің дыбыстық жағын дұрыс түсініп, дыбыс пен әріптің ара жігін ажырата білуді, соның негізінде дұрыс жазуды талап етеді.
Бастауыш сыныпта сауатты әрі әдемі жазудың бірден-бір кепілі – көркем жазуға мән беру. Оған көңіл бөлу бірінші сыныптан басталады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта барлық мектеп бағдарламасына көркем жазу енбеген. Көркем жазуға арнайы сағат бөлінгенде ғана біз көтеріп отырған мәселе толық шешімін табары даусыз. Бастауыштың баласы 5-сыныпқа барғанда орта буын мұғалімдері тарапынан оқушылардың сауатсыздығы туралы әңгімелер де естіліп қалатыны жасырын емес. Десек те, мұғалім алдында тұрған басты міндет оқушыны орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жазуға үйрету болғандықтан, уақыты мен білгенін аямай, осы жұмыстың нәтижесін көргенше, аянбай тер төгу қажет. Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған міндет өте ауыр. Оқу жоспарына сай бағдарламаны меңгерту ғана емес, сауаттылық мәселесін тиісінше шешу арқылы ғана өзінің ұстаздық борышын адал атқара алады деуге болады. Осы орайда мұғалімге көмекші болатын әдіс-тәсілдер сан алуан. Атап айтқанда:
  • түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор;
  • сөздікпен жұмыс істету;
  • тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
  • сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру.

Орфография туралы сөз қозғағанда мектеп шеңберінде ғана емес, үлкендер үшін қиындық тудыратын бір мәселе алдымыздан шығады. Ол «Ң» әрпінің емлесіне байланысты. Менің ойымша, осы әріпті дұрыс айтып, дұрыс жазуды оқушы бастауышта игермесе, орта буынға келгенде игеріп кетуі екіталай. Ол туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жиі айтады. «Ң» әрпін меңгерту барысында орындалар жаттығулар аз емес. Ең бастысы, мұғалім бастауыш сынып оқушысы үшін орфографияны игеруде туындайтын проблемаларды дұрыс танып, содан шығатын жолды дер кезінде іздестіріп, шара қолданса ғана еңбегінің жемісін көрмек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет