жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады; баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес); сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады; сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады; өтілген орфографиялық нормаларға сай қатесіз жазады. Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегң талаптар қойылады,және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
әріптердің,сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру;
бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Морфологиялық жазу сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, сөз құрамын аңғаруды, түбір мен қосымшаның, күрделі сөздердің ережелерін түсініп, дұрыс жазуды талап етеді. Мұғалім тарапынан әрқашан жазуға қажетті тиімді деген тәсілдер ескеріледі. Олар оқушыға түсіндіріліп отырады: