Қаһар атты қаһарың
Күнәйім көп, ылайым,
кешіргейсің, Құдайым,
Кім бар құлдар ішінде дертіңді ұғар, Қожа Ахмет?..
Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,
Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.
Пейіш пен Тозақтың айтысы
Тозақ айтар:
мен артық, алаяқ бар – қойынымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойынында.
ҒАШЫҚТАРҒА УАҒДА ҚЫЛДЫ ДИДАРЫН – ХАҚ
Мұнафықтар күйіп-жанар тозақтағы,
Иман тапқан жолығады ғажапқа әлі.
Имансыздың тартар мәңгі азап тәні,
Барлығына иман тілеп жүрдім мән-а.
Құдірет»_3_рет_(Жылап_дұға_қылам_саған,_ӘнтӘл_ҺӘди,_ХАҚ_ШАРАБЫН_ІШКЕН_ЖАНДАР)_Жылап_дұға_қылам_саған'>99. «Құдірет» 3 рет (Жылап дұға қылам саған, ӘнтӘл ҺӘди, ХАҚ ШАРАБЫН ІШКЕН ЖАНДАР)
Жылап дұға қылам саған
Жастық-бақта күте алмаппын көңіл гүлін,
Қарттық шақта сөндіріппін өмір нұрын.
Дін жолында жеңілдер ме менің жүгім? –
Иә, Құдірет, жылап дұға қылам саған!
ӘнтӘл ҺӘди
Құнсыз құлың – дәргейіңе жылап келдім,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди*.
Ия, Құдірет, адастырмас шырақ бергін,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
Сын сағат
Қара күн ғой сын сағатта бұл фәниден сапар қылсаң,
Болмас, тіпті, шаңырағыңнан бір тамшы су татар мұршаң.
Ажал сенің қарамайды жердегі әмір-құдіретіңе,
Үкіміңмен бар ғаламға астаң-кестең қаһар қылсаң.
ХАҚ ШАРАБЫН ІШКЕН ЖАНДАР
Хақ шарабын ішкен жандар есі танып,
Қиямет күн ауыздан от шашар, достар.
Құдіретпен жаратылған жеті тамұқ
Ғашықтардың зар үнінен қашар, достар.
100. «Баязит» 3 рет ( Һай зікірі, Кепіл болам 2 рет)
Һай зікірі
Құл Қожа Ахмет, алам десең Хақтан үлес,
Баязиттей нәпсіңменен, жатпа, күрес.
Әй, бейхабар, үмбет болсаң арттан ілес! –
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
Достарыңызбен бөлісу: |