Жоо – мен арнайы орта оқу орындарында өтетін далалық тәжірибелермен, экскурсиялармен танысу



Дата19.04.2022
өлшемі53,35 Kb.
#31554
Байланысты:
Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биологияны оқыту әдістемесі 8 апта


ЖОО – мен арнайы орта оқу орындарында өтетін далалық тәжірибелермен, экскурсиялармен танысу.

Экскурсия

Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық.
Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады

Тарихы


«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Еуропа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХ ғғ. енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIX ғ. енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.

Экскурсия – бұл объектілердегі, заттар мен құбылыстардың бақылауын және өзгеруін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқу жұмысының түрі. vivo. Орыс педагогикасының негізін салушы К.Д. Ушинский «Баланың әрбір нақты жасы үшін тұлғаның негізгі негіздерін қалыптастыру тұрғысынан ол үшін ерекше маңызды дүниені шартты түрде «сызу» қажет» деп атап өтті. Сонымен бірге автор оқу құралы«Педагогика» Сластенин В.А. Экскурсияны былай сипаттайды: «Кәсіпорында, мұражайларға, көрмелерге және т. Мектеп оқушыларының эмоционалдық сферасын: әсемдік сезімін, оқудан қуаныш сезімін, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуын қалыптастыруда экскурсиялық бағдарламалардың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Табиғатқа, мұражайларға, көрме залдарына, өндіріске экскурсия жасау өнер туындыларын түсінуге, күнделікті заттар мен құбылыстардан әсемдікті табуға, адам еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді. Сонымен, экскурсиялық іс-шаралар бірлікте және өзара байланыста білім беру, тәрбиелік және адамгершілік-патриоттық, экологиялық тәрбиені жүзеге асырады. Экскурсиялық іс-шаралар өскелең ұрпақтың интеллектуалдық деңгейін көтеруге, байқағыштығын дамытуға, дүниенің сұлулығын қабылдауға, т.б. тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Экскурсияның мақсаты

Студенттердің оқу және сабақтан тыс іс-әрекеттерін біріктіру және белсендіру;

Оқу мен өмірдің байланысын жүзеге асыру, практикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

Қызығушылықты арттыру зерттеу жұмысы, мектеп оқушыларының ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу;

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту;

Табиғат көп нәрсені тек үйретіп қана қоймайды және тәрбиелейді де. Сондықтан биология мұғалімі туған табиғатты білуі және оқушылар алдында оның байлығың, әдемілігін аша алуы тиіс; адамның қызметіне және оның коллективтік еңбегіне байланысты болған табиғаттағы орасан өзгерісті көрсету; табиғат байлығын еселеп көбейту және қорғау, сүюге үйрету.

Табиғатпен тікелей қатынас жасау, оқушылардың оны зерттеуге деген құштарлығын арттырады және мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелейді, бұл советтік патриотизм тәрбиесі үшін жақсы негіз болады.

Экскурсия кезінде табиғатты зерттеп, үйренуге құштарлығын арттыру және эстетикалық сезімді дамыту мұғалімнен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді.

Оқушыларды тәрбиелеуге экскурсияның игілікті әсері туралы көптеген көрнекті педагогтар мен методистер (И. Г. Песталоцин, Я.А. Коменский, К.А.Ушинский, А.Я. Герд, В. В, Половцов, т.б. үлгілі сөздер айтты. Мысалы, белгілі совет методисі, профессор Б.Е.Райков былай деп жазды: «Кітап арқылы емес, экскурсиялар, лабораториядағы практикалық сабақтар, тірі табиғат мүйісіндегі жұмыстар, т.б. жолдармен бірден қатынас жасау арқылы, табиғатпен танысу және онымен жақындасу арқылы оқушылар одан бұрын байқалмаған көп ғажайып сырларды ашады. Олар әсем сыртқы көріністерді, сайма-сай үйлесімділікті қарап көріп, бір-біріне онша жақын болмаса да құбылыстардың жәке т.б. арасындағы себепті байланыстыра біледі. Бұл бағыттағы жұмыстар, табиғат әдемілігі құпиясын — алғаш қарағанда қораш көрінетін заттардың өзінен байқауға үйретеді, сөйтіп, табиғат тіршілігі көркемдеген сұлулық пен күрделіліктен ләззат аласың. Осы жолмен тәрбиенің ең маңызды салаларының бірі болып есептелетін эстетикалық сезім дамиды, табиғатқа сүйіспеншілік және қызығушылық пайда болады».

Алдағы экскурсия туралы сөз қозғалса-ақ болды, оқушылардың қуанышқа кенелетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Олар бар ынтасын сала соған дайындалып, оны асыға күтеді. Сондықтан тәжірибелі мұғалімдер алғашқы оқытқан күннен бастап оқу пәніне оқушыларды қызықтыру үшін табиғатқа тақырыптық экскурсия өткізеді.

Экскурсия орындары мектепке жақын орналасқан орман, парк, орман қорғау алқаптары, колхоз даласы немесе мектептің оқу-тәжірибе учаскесі бола алады. Жылдың әр маусымында белгілі бір жерге қайта-қайта бара беру оқушылардың экскурсияға деген құштарлығын төмендетіп жіберетінін көрсетуге тиіспіз. Мысалы, олар күзде қар астындағы сап-сары және ашық қызыл зейнетке сүйсінеді, көктемде оларды майда жасыл жапырақ, алғашқы гүл және бозторғайдың сазды даусы қуантады, “жазда — жасыл желек панасындағы самал жел, түрлі түсті кеөкем түс, қанатты достарымыздың жүз құбылтқан әсем әні және тағы көптеген керікті құбылыстар шаттыққа бөлейді, туған табиғат жомарттығы тамсандырады.

Мұның барлығына балалар еліктейді, олар табиғат аясында шарқ ұрады. Мұғалім бұл құдіреттілікті табиғатқа бағыттап, сөйтіп, оқушыларды табиғатты ақылмен бақылап, үйреніп-зерттей алатындай, оны сүйіспеншілікпен қорғайтындай дәрежеге жеткізу шарт.

Тәжірибе көрсеткендей, ешбір баяндама, ешқандай әңгіме, туған табиғатқа білгірлікпен өткізілген экскурсиядай қызығушылық туғыза алмайды.

Табиғат — үлкен кітап, оны мұғалім өз оқушыларына ықыласпен оқыта білуі қажет.

Өсімдікті зерттейтін экскурсияларға ойын элементтерін енгізуге болады. Ойын кезеңі оқушыларды қызықтыра түседі және оларды тапсырманы өз бетінше орындауға бағыт. Көп күндік экскурсиялар мен жорықтар мектеп программасында белгіленбеген, демек, бұл кластан тыс шаралар ретінде өткізіледі.

Мұғалім оқушылармен — жас натуралистермен біріге отырып, жергілікті жағдай негізінде маршрут таңдайды. Жас натуралистерді өсімдік тіршілігіндегі сан алуан мәселелер қызықтырады, шешімін олар экскурсиялар және жорықтарда табиғатпен тікелей қатынас жасау арқылы табады.

Жорықтар өткізгенде оқушылардың оқу экскурсиясынан алған білімін ескеру керек. Мысалы, оқушылар жабайы өсетін және мәдени өсімдіктер туралы түсініктер алды, олар өсетін қажетті жағдайды білді. Алайда бұл әлі де анықтауды және кеңейтуді қажет ететін алғашқы мағлұматтар ғана. Жорықтар кезінде мектеп оқушылары әр түрлі жағдайда өсетін мәдени және жабайы өсімдіктердің көптеген өкілдерімен кездеседі. Оларды зерттеу «мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер туралы» түсінікті кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ адамның бұл өсімдіктерді пайдалануы туралы жаңа мағлұматтар алуына мүмкіндік береді.

Туған өлкені зерттеу жорықтарында оқушылар дәрілік өсімдіктерді, құрамында илік немссе бояғыш заттары бар, сондай-ақ жеуге жарайтын өсімдіктерді анықтауға және оны жинау жөнінде, т.б. дағдылар алуы тиіс. Көп күндік жорықтар кезінде жануарлар мен өсімдіктер объектісін зерттеуден басқа, оқушыларға топырақтың, минерал мен тау жыныстарының коллекциясын, зиянды насекомдар коллекциясын, гербарийге өсімдіктер жинау, су қоймаларын мекендейтін және орман, дала жануарларын зерттеу жөнінде тапсырмалар беруге болады. Бұл тапсырманы жорыққа қатысушылардың тек даярлығы бары ғана орындай алады. Сондықтан жетекші жорық мүшелерінің міндеттерін дер кезінде бөліп беріп, коллекция жасау және жинау ережелерімен танысуға, табиғи жағдайда объектілерді анықтауға мүмкіндік туғызуы тиіс. Сонымен бірге жас орнитологтарға грамжазу бойынша құстардың даусын зерттеу және қанаттылар әлемі таблицасын қарап шығуға мүмкіндік берілуі керек. Бұл оларға құстарды жаратылыс жағдайында анықтауға көмектеседі. Жорықтар және экскурсиялар кезінде мұғалім пайдалы, жануарларды, әсіресе құсты қорғауға назар аударады, неліктен екені белгісіз, өрмекшіні зерттеуде бір жақтылыққа жол беріледі, сондықтан ол жөнінде оқушыларда теріс ұғымдар қалыптасқан. Мұның барлығы оқушылардың өрмекшіні аз білетінінен болса керек. Ал, шындығында өрмекші адамға үлкен пайда келтіреді. Әсіресе ол ауыл шаруашылығына пайдалы, астық үшін күресте сенімді көмекшінің қызметін атқарады. Өрмекші мәдени өсімдіктің өнімін сақтай отырып, бау-бақшаның, егістіктің зиянкестерін көптеп жояды. Ғалымдардың дерегіне, есептеулерге қарағанда, өрмекші жыл сайын орман зиянкестерін кемінде екі центнерге дейін шыбын, маса, қандала, т.б. жояды екен, солардың тең жартысы орманның қас жауы.

Мұғалім орман, бақ және далалық жерге экскурсия өткізгенде оқушылардың өрмекшіге қатынасын өзгертуі қажет, олар оған зиянкестер және ауру таратқыштармен қиын-қыстау күресте одақтас ретінде қарауға және оны қорғауға және таралуына мүмкіндігінше көмек көрсету қажеттігін естен шығармау тиіс.

Жорық үстінде мұғалім совет адамдарының түлетуші іс-әрекетін, ауыл шаруашылық техникасын пайдалана отырып, бидайдан, күнбағыс пен жүгеріден және басқа мәдени өсімдіктерден мол өнім алып жүретініне оқушылардың назарын аударуы керек.

Егер біздің еліміздің орманды аймақтарына папоротниктер әр қадам сайын кездессе, далалық аудандарда жүз километрлеп жүріп барғанда ғана жартас жарықтарымен, өзен бойларынан папоротниктің бірнеше ғана түрін табуға болады. Кейбір түрі ғылым үшін белгілі дәрежеде көділ аударуға тұрарлық, алайда, ол өте сирек, тіпті бірнеше данасы ғана кездеседі. Сондықтан жас натуралистер папоротниктерді кездестіре қалса, экскурсияда жүргенде олардың спорасын жинап алып, оны өсуге қолайлы жағдайы бар жаңа орынға себуі керек. Осындай мысалдарды кеп байтақ Отанымыздың кез келген түкпіріндегі басқа өсімдіктерден де келтіруге болады. Алайда, еліміздің табиғаты қаншалықты бай болғанмен де мұғалім өз шәкірттерін мектеп қабырғасынан бастап табиғатты сақтауға және байыта түсуге үйретуі қажет.

Табиғат объектілеріне ұдайы фенологиялық бақылаулар ұйымдастыру оқушылардық оны жақсы зерттеуіне және ауыл шаруашылық практикасы үшін маңызды мағлұматтар жинауына мүмкіндік береді.

Мұғалімдер табиғатты бақылауды, ауа райы календарын жасауды, сонымен бірге 1-кластан бастап табиғат календарын жасауды ұйымдастырады. Бастауыш кластың программасы табиғат календарын жүргізуді талап етеді. Жұмысты орындаудың онша күрделі еместігі, оны кез келген мектепте жүргізуге мүмкіндік береді. Тек бақылау белгілері мен безендіру сипатында өзгерістер болуы ғана мүмкін. Мысалы, І—II кластарда ауа райының жағдайын білдіретін (бұлтты, жауын, ашық) шартты белгілерден басқа жылдың белгілі бір мезгілін сипаттайтын жиналған жапырақтарды, жемістерді немесе суреттерді желімдеуге болады.

ІІІ—IV кластарда бақылау жұмыстары және бақылауды безендіру біраз күрделене түседі. Мұнда оқушыларға тек бұлттылықты немесе температураны ғана емес, желдің соғу бағытын немесе тірі табиғаттық күйін анықтау тапсырылады, мысалы: жылдың белгілі кезеңіне сай гүлдейтін өсімдіктер немесе құстың келуі және қайтып кетуі, т. б.



Сөйтіп, бастауыш класс оқушыларының жоғары класқа көшкенде табиғатқа бақылауды жүргізу туралы белгілі мөлшерде түсініктері болады.

Биолог мұғалім жоғары кластарда едәуір күрделі тәжірибелер мен бақылауларұйымдастырып, оған табиғаттың ең қарапайым объектісін таңдап алады. Оларға ұзақ бақылау жасап, оның барысында ең маңызды өзгерістерді тіркеп отырады. Мысалы, алма ағашын бақылау кезінде бүршіктің ісінуі, гүл бүршігінің ашыла бастауын, өркендеріндегі жапырақтардың, бітеу гүлдердің гүл ата бастауын, жаппай гүлдеуі, гүлдеудің соңы, жеміс беру, пісуі (жемісті алғаш жинау, жемісті екінші рет жинау) және түсімін белгілеп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет