Рамазанға дұға чек-листі (30 күнге – 30 дұға)



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі237,92 Kb.
#94786
  1   2
Байланысты:
Рамазанға дұға



Рамазанға дұға чек-листі 
(30 күнге – 30 дұға) 
Шынар Әділова, дінтанушы PhD-докторант 
@shynar.adilova.dintanushy @alima_institut 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жиі оқыған дұғалар 

1. «Уа, Алла! Сенен тура жол, ар-ұят, тақуалық және көңіл байлығын 
тілеймін». (Ибн Мәсғуд (р.а.) жеткізген) 

2. «Уа, жүректеріміздің билеушісі Алла! Жүрегімізді дініңнен айыра 
көрме». (Үммү Сәләма (р.а.) жеткізген) 

3. «Уа, Алла! Мені көркем жаратқаның секілді мінез-құлқымды 
да көркем қыла гөр!». (Айша (р.а.) жеткізген) 

4. «Уа, Алла! Барлық істеріміздің соңын көркем әрі қайырлы қыла гөр! 
Бізді дүниеде және ақыретте масқара болудан сақта!» (Бүср ибн Әбу 
Әртат (р.а.) жеткізген) 

5. «Уа, Алла! Қартайғанда, яғни өмірімнің соңына таяғанымда ризық-
несібемді еселе!» (Айша (р.а.) жеткізген) 

6. «Уа, Алла! Өзімнің білетін және білмейтін, бүгін немесе келешекте 
келетін барлық жақсылықты Сенен ғана тілеймін. Уа, Алла! Мен 
білетін, білмейтін, қазір және келешекте басыма келетін барлық 
жамандықтардан өзіңе ғана сиынамын!» (Айша (р.а.) жеткізген) 

7. «Уа, Алла! Әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан 
және кәріліктен өзіңе сиынамын. Қабір азабынан сақта, өмір мен 
өлімнен келетін барлық сынақтарда мені өз қамқорыңа ал». (Әнәс (р.а.) 
жеткізген) 

8. «Уа, Алла! Мен білетін және білмейтін нәрселер арқылы келетін 
барлық жамандықтардан өзіңе сиынамын». (Айша (р.а.) жеткізген) 

9. «Уа, Алла, барлық жаман әдеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардан, 
бұзық әрекеттер мен құлқынның құлы болудан саған сиынамын!» 
(Қутба ибн Мәлік (р.а.) жеткізген) 

10. «Уа, Алла! Жаман өткен күн мен түннің және уақыттың кесірінен
жамандыққа 
итермелейтін 
достардан, 
жаман 
көршіден өзіңе 
сиынамын!» (Уқба ибн Амир (р.а.) жеткізген) 

11. «Уа, Алла! Сенен дүниеде және ақыретте амандық сұраймын. Уа, 
Алла! Сенен дінім, осы дүнием, отбасым және дүние-мүлкім үшін 
кешірім және есендік тілеймін. Уа, Алла! Кемшіліктерімді толықтыр, 
қорқынышымды сейілт және маған сенімділік бер. Алдымнан
артымнан, оң және сол жағымнан келетін, үстімнен төнетін қауіп-
қатердің барлығынан мені қорға. Төменнен келетін жамандықтардан да 
өзіңе сиынамын!» (Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) жеткізген) 



12. «Уа, Алла! Сенің әміріңдегі бүкіл жаратылыстардан Сенің 
жомарттығың мен үкіміңе сиынамын. Уа, Алла, сен барлық 
қиындықтарды жеңілдетушісің. Уа, Алла, сенің әскерің ешқашан 
жеңілген емес. Сен уәдеңнен еш тайған емессің. Сенің күшің мен 
қуатың тұрғанда басқа күш-қуат сөз емес. Сені біздерге тән барлық 
кемшілік атаулыдан пәктеймін. Сені мадақтаймын, уа, Алла!» (Али 
(р.а.) жеткізген) 

13. «Сенен басқа тәңір жоқ. Саған шүкіршілік етемін. Күнәларым үшін 
сенен кешірім сұраймын. Сенің рақымыңды тілеймін, жалбарынамын. 
Уа, Алла, берген іліміңді арттыр. Мені тура жолға салғаннан кейін жаза 
бастырма және маған рақымшылық жаса. Шүбәсіз, рақымы мол Уаһһаб 
(қайтарымсыз сый беруші) Сенсің!» (Айша (р.а.) жеткізген) 

14. «Уа, Алла! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе 
көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем ете гөр». (Муаз ибн Жәбәл 
(р.а.) жеткізген) 

15. «Уа, Алла, мені күпірліктен және пақырлықтан сақтай көр. Уа, 
Алла, мені қабір азабынан сақтай көр. Сенен басқа тәңір жоқ. Уа, Алла, 
тәніме саулық бере көр. Уа, Алла, құлағыма саулық бере көр. Уа, Алла, 
көзіме саулық бере көр. Сенен басқа тәңір жоқ». (Нәфи ибн Харис (р.а.) 
жеткізген) 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет