№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет12/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

11

РЕСМИ БӨЛІМ

РЕСМИ БӨЛІМ

(Жалғасы 12-бетте)

өтінімдер ашылмайды жəне əлеуетті тəуелсіз консультантқа қайтарылады.

Əлеуетті тəуелсіз консультанттардың өкілдері өз өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынған 

жағдайда ұсыныстарды ашу кезінде қатысуға құқылы.

22. Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссияның отырысы өткізілген күні қатысқан комиссияның 

барлық мүшелері қол қояды жəне əрбір парағына қол қояды.

23. Комиссия өтінімдерді ашу хаттамасына қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олар-

ды ұсыныстар сұрату шарттары мен талаптарына сəйкестігі тұрғысынан қарайды.

24. Комиссия ұсынысты қабылдаудан мына: 

1) өтінімге қоса берілетін құжаттар ұсыныстар сұратудың талаптарына сəйкес келмейді деп танылған; 

2) əлеуетті тəуелсіз консультант не заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) не əлеуетті тəуелсіз 

консультанттың қосалқы мердігері ұсыныстар сұрату талаптарына сəйкес келмеген;

3) əлеуетті тəуелсіз консультанттың өтінімінде анық емес жəне (немесе) жалған мəліметтердің 

болуы анықталған;

4) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген; 

5)  осы  Қағидалардың 17-тармағында  көрсетілген  адамдарда  талап  етілетін  қызметтерді 

көрсетуде нақты жəне (немесе) əлеуетті мүдделер қақтығысы болған жəне (немесе) жеткіліксіз 

болған жəне комиссияның пікірінше, мүдделер қақтығысын жою, азайту жəне (немесе) жол бер-

меу бойынша ұсынылған шаралар не ұсыныстарда осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген 

мəліметтер болмаған жағдайларда бас тартады. 

Өзге негіздемелер бойынша ұсыныстарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

25. Егер ұсыныстар сұратуға бірде бір ұсыныс түспесе не түскен ұсыныстардың бəрін қарау 

нəтижесі бойынша оларды осы Қағидалардың 24-тармағына сəйкес қабылдаудан бас тартыл-

са,  комиссия  тəуелсіз  консультантты  тарту  бойынша  рəсімдерді  өтпеді  деп  таниды.  Сатушы 

комиссияның  ұсынымы  негізінде  ұсыныстар  сұратуға  өзгерістер  жəне  (немесе)  толықтырулар 

енгізу жəне (немесе) осы Қағидаларға сəйкес тəуелсіз консультантты тарту бойынша рəсімдерді 

қайтадан өткізу туралы шешім қабылдайды.

26. Комиссия тəуелсіз консультантты таңдауды кешенді бағалау əдістемесіне сəйкес балдық 

жүйе негізінде жүзеге асырады. 

Əлеуетті тəуелсіз консультант ұсыныстарының осы Қағидалардың 10 жəне 11-тармақтарында 

бекітілген таңдау талаптарына сай болуы, көрсетілетін қызметтердің болжамды құны іріктеудің 

тең мəнді өлшемшарттары болып табылады.

Əрбір  өлшемшарт  бойынша  балдар  анықталады.  Комиссияның  əрбір  мүшесі  тəуелсіз 

консультанттың ұсыныстарын талқылау нəтижелері бойынша кешенді бағалау əдістемесіне сəйкес 

əрбір өлшемшарт бойынша балл береді.

Əлеуетті тəуелсіз консультанттардың ұсынысын бағалау нəтижелері бойынша бірінші жəне 

екінші орын айқындалады. 

Ең  көп  балл  санын  алған  əлеуетті  тəуелсіз  консультант  ұсынысы  бірінші  орынды  иеленеді 

жəне жеңімпаз болып табылады. 

Балдар тең түскен жағдайда, өз өтінімін ерте тіркеген əлеуетті тəуелсіз консультант жеңімпаз 

болып танылады.

27. Егер ұсыныстар сұратуға осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 

қабылдаудан бас тартылмаған бір өтінім түскен жағдайда немесе кешенді бағалау əдістемесіне 

сəйкес түскен ұсыныстарды қарау нəтижелері бойынша бір əлеуетті тəуелсіз консультант қалса, 

комиссия оны жеңімпаз деп таниды. 

28. Комиссия ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша мынадай мəліметтерді:

1) көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын құнын жəне бар болған жағдайда, жекешелендіру 

объектісін сату жөніндегі мəмілені сүйемелдеу кезінде жекешелендіру объектісін сатқаны үшін 

сыйақы пайызын көрсете отырып, кешенді бағалау əдістемесінің негізінде ұсынысы бірінші орын 

алған жəне комиссия қабылдаудан бас тартпаған жеңімпазды; 

2) көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын құнын жəне бар болған жағдайда, жекешелендіру объек-

тісін сатқаны үшін сыйақы пайызын көрсете отырып, кешенді бағалау əдістемесінің негізінде ұсыны-

сы екінші орын алған жəне комиссия қабылдаудан бас тартпаған əлеуетті тəуелсіз консультантты;

3)  комиссия  ұсыныстарын  қабылдаудан  бас  тартқан  əлеуетті  тəуелсіз  консультанттардың 

тізбесін;

4) комиссия шешімін;

5) қажет болған жағдайда өзге де мəліметтерді көрсетіп, хаттама жасайды.

29. Комиссия шешімі негізінде сатушы жеңімпазбен ұсыныстар сұратуда көрсетілген шартқа 

қол қояды.

Жеңімпазбен шартты тəуелсіз консультанттар ұсыныстарын қарау қорытындысы бойынша ко-

миссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатушы немесе жергілікті 

атқарушы орган немесе оның міндеттерін атқарушы тұлға жасасады.

30. Белгіленген мерзімдерде жеңімпаз шартқа қол қоймаған жағдайда комиссия бір күн мерзімде 

осы Қағидалардың 28-тармағының 2) тармақшасына сəйкес комиссия хаттамасында көрсетілген 

тəуелсіз консультантты жеңімпаз етіп анықтайды. 

Сатушы əлеуетті тəуелсіз консультантпен шартты комиссияның хаттамасына қол қойылған 

күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасасады.

31.  Сатушы  комиссия  ұсынымының  негізінде  осы  Қағидаларға  сəйкес  ұсыныстар  сұратуға 

өзгерістер  жəне  (немесе)  толықтырулар  енгізу  жəне  тəуелсіз  консультантты  тарту  бойынша 

рəсімдерді қайта өткізу не тəуелсіз консультантты тарту бойынша рəсімдерді сатушы сол шарт-

пен қайта өткізу туралы шешімді мынадай: 

1)  егер  жеңімпаз  осы  Қағидалардың 29 жəне 30-тармақтарында  белгіленген  мерзімде  қол 

қойылған шартты ұсынбаған;

2)  сатушы  осы  Қағидалардың 32-тармағына  сəйкес  шартты  біржақты  бұзған  жағдайларда 

қабылдайды.

Ұсыныстар  сұратуға  өзгерістер  жəне  (немесе)  толықтырулар  енгізілген  жəне  тəуелсіз  кон-

сультантты тарту бойынша рəсімдер қайта өткізілген не тəуелсіз консультантты тарту бойынша 

рəсімдерді сатушы бұрын бекітілген шарттарда қайта өткізген жағдайда жариялау жəне əлеуетті 

тəуелсіз консультанттардың ұсыныстарды беру мерзімдері сатушы ұсыныстар сұратуды бекіткен 

күннен бастап күнтізбелік отыз күнге ұзартылады.

32.  Сатушы  тəуелсіз  консультанттың  осы  Қағидалардың 17-тармағына  сəйкес  мүдделер 

қақтығысының жоқ екендігі туралы анық емес жəне (немесе) жалған мəліметтерді ұсынуы фактісін 

анықтаған  не  тəуелсіз  консультант  шарттың  маңызды  талаптарын  бұзған  жағдайда,  сатушы 

біржақты тəртіппен шартты бұзады.



Тəуелсіз консультантты тарту қағидаларына 1-қосымша

Нысан

Əлеуетті тəуелсіз консультанттың

ӨТІНІМІ

1. ______________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 (жекешелендіру объектісінің атауы)

жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу жəне (немесе) мəмілені 

сүйемелдеу жөнінде əлеуетті тəуелсіз консультанттарға жарияланған ұсыныстар сұратуды қарап

_______________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ 

жəне Тəуелсіз консультантты тарту қағидаларымен танысып 

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ 

(заңды тұлғаның атауы) тəуелсіз консультантты таңдауға қатысу үшін өтінімді қабылдауды 

________________________________________________________________________________ 

(оның  атынан  өтінім  берілген  тəуелсіз  консультант  көрсетіледі)  жəне  таңдау 20____ ж. 

«__________» мына мекенжай бойынша: ___________________өтетін

 əлеуетті тəуелсіз консультант ретінде тіркеуді сұраймын. 

2. Əлеуетті тəуелсіз консультанттарға қойылатын талаптарға сəйкессіздік 

анықталған жағдайда, тəуелсіз консультантты таңдауға қатысу құқығынан айырылатынымызға 

келісеміз.

3. Егер біз тəуелсіз консультантты таңдау нəтижесі бойынша жеңімпаз атансақ, жекешелендіру 

объектісінің нарықтық құнына бағалау жүргізу жəне (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша 

мəмілені сүйемелдеу жөніндегі шартқа қол қою міндетін қабылдаймыз.

4. Əлеуетті тəуелсіз консультанттың толық атауы (заңды тұлға, 

мекенжайы, телефон, факс, жəне т.б.).

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

(қолы) (сенімхат негізінде əрекет ететін уəкілетті тұлғаның тегі жəне аты, əкесінің аты (бар болса).

________________________

 (қолы, тегі, аты, əкесінің аты)  

 

 «__» ________ 20__ жыл



 М.О

Тəуелсіз консультантты тарту қағидаларына 2-қосымша 

Нысан

Жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу

жəне (немесе) мəмілені сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету шарты

____________________________________________________________________ 

(жекешелендіру объектісінің атауы )

_______________ № __________ 20________ жылғы «_______» __________________________

________________________________________________________________________________

Бұдан əрі «Сатушы» деп аталатын ___________________________________________________

______________________________________________________________атынан (мемлекеттік 

мүлік жөніндегі уəкілетті органның атауы) немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті атқарушы 

орган коммуналдық мүлікті басқаруға уəкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 

атқарушы орган) 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы «__» ____________ № __ бұйрығымен 

бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру 

комитеті туралы ереженің немесе ______________________________________________________

__________________________________________________________________________________

жергілікті атқарушы орган коммуналдық мүлікті басқаруға уəкілеттік берген, жергілікті бюджет-

тен қаржыландырылатын атқарушы органның ережесі негізінде əрекет ететін басшы ___________

_______________________________________________________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта болған жағдайда) 

жəне бұдан əрі «Тəуелсіз консультант» деп аталатын __________________________________

_________________ 20__ ж. «_» __№ __жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде əрекет ететін 

________________________________________________________________________________ 

________________________________________________________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатта болған жағдайда)

________________________________________________________________________________

 (заңды тұлғаның атауы) 

  екінші  тараптан,  бұдан  əрі  бірлесіп  «Тараптар»  деп  аталатындар,  төмендегі  туралы  осы 

Шартты (бұдан əрі – шарт) жасасты:

1. Шарттың нысанасы

1. Сатушы тапсырыс береді, ал Тəуелсіз консультант ____________________________________

________________________________________________________________________________ 

(жекешелендіру объектісінің атауы)

жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу жəне (немесе) мəмілені 

сүйемелдеу қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды. 

2.  Тəуелсіз  консультант  қызметтерді  көрсетуге,  ал  Сатушы  Тəуелсіз  консультанттың  баға 

ұсынысына жəне осы шарттың талаптарына сəйкес сан мен сапада қызметтерді қабылдауға жəне 

ақысын төлеуге міндеттенеді. 

3. Тəуелсіз консультанттың жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу 

жəне (немесе) мəмілені сүйемелдеуге құқығын куəландыратын негіз осы шарт болып табылады. 

2. Тараптардың құқықтары 

Сатушының:

4. Тəуелсіз консультанттың жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу 

жəне (немесе) мəмілені сүйемелдеу қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де əрекеттерді жасауға құқығы бар.

Тəуелсіз консультанттың:

6.  Жекешелендіру  объектісіне  қатысты  нарықтық  құнына  бағалау  жүргізу  жəне  (немесе) 

жекешелендіру объектісі бойынша мəмілені сүйемелдеу бойынша Сатушының мүддесінде заңды 

жəне нақты əрекеттер жасауға;

7. Сыйақы алу құқығын қоспағанда, осы шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Қазақ-

стан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

Сатушы:


8. Жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу жəне (немесе) мəмілені 

сүйемелдеу бойынша Тəуелсіз консультантқа осы шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыру 

үшін қажетті құжаттарды беруге міндетті.

Тəуелсіз консультант:

9. Жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізуді жəне (немесе) мəмілені 

сүйемелдеуді объективті жүзеге асыруға;

10. Берілген құжаттар мен мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

11. Сатушыға осы шартты тиісінше орындамау салдарынан келтірілген шығындардың орнын 

толтыруға;

12. Сатушыға______________ мерзімде өз қызметі туралы жазбаша нысанда есеп беруге;

13.  Осы  шартқа  тараптар  қол  қойған  күннен  бастап  күнтізбелік 15 күн  ішінде  осы  шартты 

мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;

14. Осы шарт тоқтатылған кезде (шарттың мерзімі өткенде, мерзімінен бұрын бұзылғанда) 10 

жұмыс күні ішінде сатушыға материалдарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша беруге міндетті;

15. Өзге де міндеттер (жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу 

жəне (немесе) мəмілені сүйемелдеу бойынша қолданыстағы заңнамада белгіленген көрсетілетін 

қызметке (қызметтерге) байланысты). 

4. Тараптардың жауапкершілігі

16. Тəуелсіз консультант жекешелендіру объектісі бойынша нарықтық құнына бағалау жүргізу 

жəне  (немесе)  мəмілені  сүйемелдеу  кезінде  еңсерілмейтін  күш  мəн-жайларының  əрекетінен 

келтірілген залалды немесе зиянды қоспағанда, сатушының мүддесіне өзі келтірген кез келген 

зиян немесе залал үшін жауапты болады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 29 маусым                      №382                       Астана, Үкімет Үйі



Тəуелсіз консультантты тарту қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік  мүлік  туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасының  Заңы 

100-1-бабының 5-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Тəуелсіз консультантты тарту қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 

енгізiледі.



Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2016 жылғы 29 маусымдағы №382 қаулысымен бекітілген

Тəуелсіз консультантты тарту қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тəуелсіз консультантты тарту қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік 

туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан əрі – Заң) 100-1-бабының 5-тармағына сəйкес 

əзірленді жəне мынадай:

баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 

1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен аса-

тын жекешелендіру объектісінің (бұдан əрі – жекешелендіру объектісі) нарықтық құнын бағалау;

жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рəсiмдер түріндегі конкурс 

арқылы сату бойынша мəмілені сүйемелдеу мақсатында тəуелсіз консультантты тарту тəртібін 

айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кешенді бағалау əдістемесі – бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган не жергілікті 

атқарушы орган бекітетін, тəуелсіз консультанттардың ұсыныстарында көрсетілген сапалық жəне 

сандық сипаттамаларды, көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) жұмыстардың бағасын жəне 

өзге де шарттарды ескере отырып, тəуелсіз консультанттардың ұсыныстарын бағалау үшін жо-

балау кеңсесі əзірлеген əдістеме;

2) консультант – сатушы жекешелендіру объектілері бойынша ұсыныстарды əзірлеу мақсатында 

тартатын заңды тұлға, оның ішінде шетелдік заңды тұлға, бағалау жəне (немесе) инвестициялық 

қызметке жəне (немесе) қаржылық жəне (немесе) заңдық консультация беруге қатысушы; 

3) жұмыс тобы (жобалау кеңсесі) (бұдан əрі – жұмыс тобы) – мемлекеттік сатып алу туралы 

заңнамаға сəйкес айқындалатын консультант қалыптастырған, мемлекеттік меншік объектілерін 

жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия жанындағы жұмыс тобы;

4)  мемлекеттік  мүлік  тізілімінің  веб-порталы – мемлекеттік  мүлік  тізілімінің  электрондық 

дерекқорына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша ин-

тернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

5) сатушы – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті орган немесе жергілікті атқарушы 

орган;

6) тəуелсіз консультанттар – заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар немесе 



олардың бірлестіктері, сатушы жекешелендіру объектілерінің нарықтық құнына бағалау жүргізу 

жəне (немесе) жекешелендіру объектілері бойынша мəмілені сүйемелдеу мақсатында тартатын, 

бағалау жəне (немесе) инвестициялық қызметке жəне (немесе) қаржылық консультация беруге 

қатысушылар;

7) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия (бұдан əрі 

– комиссия) – ұсыныстар дайындау жəне жекешелендіру объектілерін сатуды жүргізу, сондай-

ақ тəуелсіз консультантты іріктеуді жүзеге асыру үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық 

уəкілетті орган не жергілікті атқарушы орган құратын алқалы орган;

8)  жекешелендіру – мемлекеттің  «Мемлекеттік  мүлік  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңында  белгіленген  арнайы  рəсімдер  шеңберінде  мемлекеттік  мүлікті  жеке  тұлғаларға, 

мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы.

2. Тəуелсіз консультантты тарту тəртібі

3. Тəуелсіз консультантты тарту рəсімі мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) сатушының жекешелендіру объектісі бойынша қажетті ақпаратты жинауы;

2) жұмыс тобының ұсыныстар сұратуды жасауы жəне шарт жобасын дайындау;

3)  сатушының  ұсыныстар  сұратуды  жариялауы  жəне  қажет  болған  жағдайда,  ұсыныстар 

сұратуды əлеуетті тəуелсіз консультанттарға жіберу;

4) сатушының əлеуетті тəуелсіз консультанттардың қосымша ақпарат алуы мен танысуы үшін 

жекешелендіру объектісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуі;

5) комиссияның тəуелсіз консультантты таңдауы жəне шарт жасасу.

4. Əлеуетті тəуелсіз консультантты тарту мына тəсілдердің бірі:

1) бір көзден алу;

2) əлеуетті тəуелсіз консультанттардың ұсыныстарын сұрату жəне қарау арқылы жүзеге асы-

рылады.

5. Тəуелсіз консультантты бір көзден алу тəсілімен тарту егер:



1) тəуелсіз консультант жекешелендіру объектісіне қатысты тиісті қызметтерді көрсету үшін 

бұдан  бұрын  тартылған  жəне  ол  бастапқы  кезеңде  көрсетілетін  қызметтерді  қанағаттанарлық 

дəрежеде орындаған жағдайда комиссия осы жекешелендіру объектісіне қатысты осындай тəуелсіз 

консультантпен қарым-қатынасты жалғастырудың орындылығы туралы ұсынған; 

2) шартта көзделмеген жəне шарт жасасқан сəтте сатушы алдын ала болжамаған, бірақ шарт 

бойынша көрсетілетін қызметтерді атқаруды жəне (немесе) жұмыстарды орындауды аяқтау үшін 

қажет болып табылатын қосымша көрсетілетін қызметтер жəне (немесе) жұмыстар талап етілген 

жағдайларда  жекешелендіру  объектісінің  нарықтық  құнына  бағалау  жүргізу  жəне  (немесе)  ол 

бойынша мəмілені сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге тікелей шарт (бұдан əрі – шарт) 

жасасу арқылы жүзеге асырылады. 

6.  Осы  Қағидалардың 5-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында  көзделген  жағдайларда 

əлеуетті тəуелсіз консультантты бір көзден алу тəсілімен тартуды сатушы комиссия ұсынымының 

негізінде  жүзеге  асырады.  Бұл  ретте,  шарттың  не  шартқа  қосымша  келісімнің  талаптары  осы 

Қағидалардың ережелеріне сəйкес жүргізілетін келіссөздер арқылы айқындалады.

7. Жұмыс тобы комиссия үшін:

1) жекешелендіру түрі, жекешелендіру объектісін сату шарттары жəне жекешелендіру объектісін 

сатып алушыға қойылатын талаптар туралы;

2) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау жəне (немесе) жекешелендіру объектісін 

сату бойынша мəмілені сүйемелдеу үшін əлеуетті тəуелсіз консультанттарға ұсыныстар сұратулар 

бойынша  ұсыныстар,  оның  ішінде  осы  қызметтерді  қосу  немесе  айыру  туралы  дəлелденген 

ұсыныстар əзірлейді.

8.  Комиссия  жұмыс  тобының  осы  Қағидалардың 7-тармағында  көрсетілген  ұсыныстарын 

қарайды  жəне  сатушыға  жекешелендіру  түрі,  жекешелендіру  объектісін  сату  шарттары  жəне 

жекешелендіру объектісін сатып алушыға жəне тəуелсіз консультанттарға қойылатын талаптар 

туралы ұсынымдарды енгізеді.

9. Əлеуетті тəуелсіз консультантқа ұсыныстар сұратуды сатушы:

1)  құны  осы  Қағидалардың 1-тармағына  сəйкес  келетін  барлық  жекешелендіру  объектілері 

бойынша жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау;

2) жекешелендіру объектісін тікелей атаулы сату немесе екі кезеңдiк рəсiмдер түріндегі кон-

курс  арқылы  сату  бойынша  мəмілені  сүйемелдеу  үшін  көрсетілетін  қызметтердің  түріне  қарай 

комиссияның ұсынымдары бойынша бекітеді. 

10. Ұсыныстар сұрату мыналарды қамтуға тиіс:

1) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнына бағалау жүргізу жəне (немесе) жекешелендіру 

объектісі бойынша мəмілені сүйемелдеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, талап 

етілетін көрсетілетін қызметтердің түрлері мен сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;

2) жұмыс тəжірибесіне, тиісті лицензияларының жəне (немесе) сертификаттарының болуы-

на, əлеуетті тəуелсіз консультант қызметкерлерінің біліміне, жұмыс тəжірибесі мен біліктілігіне 

қойылатын талаптарды қамтитын əлеуетті тəуелсіз консультантқа жəне қажет болған жағдайда, 

заңды тұлғалар бірлестігіне (консорциум) жəне (немесе) əлеуетті тəуелсіз консультанттың қосалқы 

мердігерлеріне қойылатын талаптар;

3) жекешелендіру объектісі болып табылатын акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктің) акциялар пакетінің (қатысу үлестерінің) мөлшері;

4) қызметтерді көрсету мерзімдері;

5) жекешелендіру объектісінің нарықтық құнын бағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып 

алу үшін бөлінген шекті сома жəне қажет болған жағдайда, жекешелендіру объектісін сату бойынша 

мəмілені сүйемелдеу кезінде жекешелендіру объектісін сатқаны үшін сыйақының ең көп пайызы;

6) осы Қағидалардың 11-тармағына сəйкес айқындалатын ұсынысқа қоса берілетін құжаттар тізбесі;

7) өтінім берудің тəртібі, тəсілі мен соңғы мерзімі жəне өтінімнің талап етілетін қолданылу мерзімі;

8) ұсынысты жəне оған қоса берілетін құжаттарды қалыптастыру жəне ұсыну тіліне қойылатын 

талаптар;

9) əлеуетті тəуелсіз консультанттың өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өз өтінімін 

өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету; 

10) əлеуетті тəуелсіз консультанттардың өтінімдерін ашу күні, уақыты жəне орны;

11) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес шарттың маңызды талаптары көрсетілген шарт жобасы;

12)  жекешелендіру  объектісін  жекешелендіру  түрі,  сату  шарттары  жəне  жекешелендіру 

объектісінің  сатып  алушысына  қойылатын  талаптар,  сату  жəне  (немесе)  сату  алдындағы 

жекешелендіру объектісін дайындау мерзімдері;

13) егер шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт жобасында көзделген жағдайда, шарттың 

орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, сомасы, көлемі жəне енгізу тəсілі;

14) жекешелендіру объектісі жөніндегі ақпарат жəне (немесе) жекешелендіру объектісі бойын-

ша жалпыға қолжетімді ақпарат көздеріне сілтеме;

15)  əлеуетті  тəуелсіз  консультанттардың  ұсыныстар  сұратудың  мазмұны  бойынша 

түсіндірмелерді сұратуына жəне (немесе) жекешелендіру объектісі бойынша қосымша ақпарат 

алуына көмектесетін тəсілдер.

11. Əлеуетті тəуелсіз консультант ретінде заңды тұлғалар бірлестігі (консорциум) қатысқан 

жағдайда ұсыныстарды сұрату өтінімінің құрамында мынадай құжаттарды: 

1) əлеуетті тəуелсіз консультанттың мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою 

құқығына берілген жəне (немесе) заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) мүдделерін білдіретін 

тұлғаға (тұлғаларға) өтінімге қол қою құқығына берілген сенімхаттың көшірмесін;

2) əлеуетті тəуелсіз консультанттың, заңды тұлғалар бірлестігінің (консорциум) жəне (немесе) 

əлеуетті  тəуелсіз  консультанттың  қосалқы  мердігерлерінің  ұсыныстарды  сұрату  талаптарына 

сəйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3)  заңды  тұлғалар  бірлестігі  (консорциум)  өтінім  берген  жағдайда  бірлескен  шаруашылық 

қызмет туралы шарттың (консорциялық келісім) көшірмесін;

4) тəуелсіз консультантты таңдау үшін маңызы бар өзге де құжаттарды ұсыну туралы талап-

ты көздейді. 

12. Ұсыныстар сұратуды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сатушы мемлекеттік жəне 

орыс тілдерінде өтінімдер беру мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын 

жариялайды. Ұсыныстар сұратуды жариялаудан басқа, сатушы осы тармақта көзделген мерзімде 

ұсыныстар сұратуды əлеуетті тəуелсіз консультанттардың атына жөнелтуді жүзеге асыруға құқылы.

13. Əлеуетті тəуелсіз консультанттарды тіркеу мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 

ұсыныстар сұрату жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне түскен өтінімдерді ашу басталғанға 

дейін жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.

14. Əлеуетті тəуелсіз консультант ретінде тіркелу үшін əлеуетті тəуелсіз консультанттың өтінімін 

ұсыну қажет, ол əлеуетті тəуелсіз консультант жеңімпаз деп жарияланған жағдайда оның осы 

Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша ұсыныстар сұратуда көрсетілген жағдайларда 

шарт жасасуға жазбаша міндеттемесін білдіреді.

15. Əлеуетті тəуелсіз консультанттың өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:

1) салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 

(қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі немесе анықтама немесе көрсетілген құжаттың нотариат 

куəландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 

2) жарғының нотариат куəландырған көшірмесін не салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына оты-

рып, жарғының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік жəне орыс тілдеріне нотариат 

куəландырған көшірмесі бар жарғылық құжаттарды ұсынады);

3) əлеуетті тəуелсіз консультанттың ұсыныстар сұратуда көрсетілген талаптарға сəйкестігін 

растайтын құжаттар;

4) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ұсыныстарды сұратуға сəйкес жекешелендіру 

объектісінің нарықтық құнын бағалау жəне (немесе) сату бойынша мəмілені сүйемелдеу жөніндегі 

ұсыныстар.

16. Бір əлеуетті тəуелсіз консультанттың бір ұсыныстар сұратуына бір өтінімнен артық беруіне, 

сондай-ақ  бір  əлеуетті  тəуелсіз  консультанттың  бір  ұсыныстар  сұрату  бойынша  өтінім  берген 

бірнеше заңды тұлғалар бірлестіктеріне (консорциум) қатысуына жол берілмейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда қатысушысы бір ғана əлеуетті тəуелсіз 

консультант болып табылатын бір ғана əлеуетті тəуелсіз консультант жəне (немесе) заңды тұлғалар 

бірлестіктері (консорциумдар) ұсынған барлық ұсыныстарды комиссия ұсынымы негізінде сату-

шы кері қайтаруы тиіс.

17. Əлеуетті тəуелсіз консультанттың өтінімінде оның өзінде, заңды тұлғалар бірлестігі (консор-

циум) өтінім берген жағдайда – осындай бірлестіктің құрамына кіретін кез келген заңды тұлғада, 

əлеуетті  тəуелсіз  консультанттың  өтінімінде  қосалқы  мердігерлер  көрсетілген  жағдайда – кез 

келген осындай қосалқы мердігерде талап етілетін қызметтерді көрсетуде нақты жəне (немесе) 

əлеуетті мүдделер қақтығысының жоқ екендігі туралы растауды не жою, азайту жəне (немесе) 

жол бермеу шараларын көрсете отырып, нақты жəне (немесе) əлеуетті мүдделер қақтығысының 

бар екендігі туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

18.  Өтінімді  əлеуетті  тəуелсіз  консультант  желімделген  конвертте  ұсыныстар  сұратуында 

көрсетілген өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсынады. Өтінім тігілген, беттері не 

парақтары  нөмірленген  болуы  тиіс,  соңғы  беті  не  парағы  əлеуетті  тəуелсіз  консультанттың 

мөрімен  (болған  жағдайда)  куəландырылады  жəне  əлеуетті  тəуелсіз  консультанттың  уəкілетті 

тұлғасының қолы қойылады. 

19.  Əлеуетті  тəуелсіз  консультанттардың  өтінімдері  тіркеу  журналында  тіркелгеннен  кейін 

сейфте сақталады.

20. Əлеуетті тəуелсіз консультант, қажет болған жағдайда, өтінімдер берудің соңғы мерзімі 

аяқталғанға дейін кез келген уақытта өз өтінімін өзгертеді не кері қайтарып алады. Ұсынылған 

өтінімге  өзгерістер  жəне  (немесе)  толықтырулар  енгізуді  əлеуетті  тəуелсіз  консультант  бұрын 

ұсынылған өтінімді ауыстыру арқылы жүзеге асырады.

Ұсыныстар сұратуда көзделген ұсыныстарды беру мерзімі өткеннен кейін ұсынысты өзгертуге 

жəне (немесе) толықтыруға, не кері қайтарып алуға жол берілмейді. 

21. Комиссия əлеуетті тəуелсіз консультанттардан келіп түскен өтінімдерді ашуды ұсыныстар 

сұратуда  көрсетілген  күні,  уақытта  жəне  орында  жүзеге  асырады.  Ашуға  ұсыныстар  сұратуда 

көрсетілген  мерзімде  берілген  өтінімдер  жатады.  Белгіленген  мерзім  өткеннен  кейін  берілген 

17. Тараптар осы шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше 

орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жауапты болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет