№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Тендер өткізуге дайындық



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57

3. Тендер өткізуге дайындық

9. Тендер өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады.

Тендер комиссиясы мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды.

Аумақтық  бөлімшелер,  жергілікті  атқарушы  органдар,  баланс  ұстаушы,  мемлекеттік  органдар,  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  кəсіпкерлер  палатасы  жəне  өзге  ұйымдардың  өкiлдерi  республикалық  мемлекеттік 

меншіктегі объектілер бойынша комиссияның құрамына енгiзiледі. Аумақтық бөлімшенің өкілі комиссия төрағасы 

болып табылады.

Жергілікті  атқарушы  органдар,  баланс  ұстаушы,  мемлекеттік  органдар,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

кəсіпкерлер палатасы жəне өзге ұйымдардың өкiлдерi коммуналдық мемлекеттік меншіктегі объектілер бойынша 

комиссияның құрамына енгiзiледі. Атқарушы органның өкілі комиссия төрағасы болып табылады.

Комиссия:

1) өз жұмысының регламентін əзірлейді жəне бекітеді;

2) тендер шарттарын айқындайды;

3) тендер өткізеді;

4) тендер жеңімпазын айқындайды;

5) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10. Егер комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, олар заңды болып табылады.

Комиссия шешімдері қатысып отырған комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады, 

дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

11. Тендер өткізуге дайындықты аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) жүзеге асырады, олар:

1) объектілердің техникалық жай-күйіне қарай, шарттың түрін (мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік 

басқаруға беру) айқындайды;

2) жалдау ақысының мөлшерін (объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде) айқындайды;

3) кепілдік жарна мөлшерін айқындайды;

4) тендер өткізу күнін айқындайды;

5) тендер өтетіні туралы хабарламаны уақтылы жариялауды жүзеге асырады;

6) тендерге қатысушылардың өтінім білдіру шамасына қарай оларға беру үшін тендер құжаттамасы жиынтығын 

дайындауды жүзеге асырады;

7) барлық тілек білдірушілерге тендер объектілері жəне өткізу шарттары туралы ақпаратқа еркін қолжетімділікті 

қамтамасыз етеді;

8) түскен материалдарды комиссияның қарауына береді;

9) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.



4. Тендер құжаттамасы

12. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-порталында тендер өткізу туралы хабарламаның, тендер 

өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік жəне орыс тілінде жариялануын қамтамасыз етеді.

Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мəліметтерді:

1) тендер өткізу шарттарын;

2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасын;

3) тендер өткізу күнін, уақытын;

4) жалдау ақысының мөлшерін (мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде);

5) тендерге қатысуды ресімдеу тəртібін;

6)  кепілдік  жарнаның  мөлшерін  жəне  оны  енгізу  үшін  банктік  деректемелерді  (кепілдік  жарнаның  мөлшері 

ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

7) тендер шарттарын қамтиды.

13.  Хабарламада  белгіленген  нысанда  жəне  тəртіппен,  аумақтық  бөлімшенің  (атқарушы  органның)  шотына 

кепiлдiк жарна енгiзіледi.

14. Кепiлдiк жарнаны:

1)  тендер  өткiзілгенге  дейін  күнтізбелік  үш  күннен  аз  уақыт  қалғанда  оған  қатысудан  жазбаша  бас  тартқан 

жағдайда, тендерге қатысушыға;

2) жеңімпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, 

оған қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда қатысушының деректемелері көрсетіле отырып, қатысушы өтінім берген күннен 

бастап он жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзiмде кепілдік жарналар қайтарылады. 

15. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн аумақтық бөлімше (атқарушы орган) тізілімнің веб-

порталы арқылы объект туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді, баланс ұстаушы объектіні тексеруге еркін қатынауды 

қамтамасыз етеді.

16. Комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн 

бұрын тізілімнің веб-порталында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде барлық өзгерістер туралы хабарлама жари-

ялануы тиіс.

Тендер  шарттарының  өзгертілгені  туралы  хабарлама  жарияланғанға  дейін  тендерге  қатысуға  өтінім  берген 

жəне осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар өтініш негізінде кепілдік жарнасын қайтаруды 

талап ете алады.

17. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі 

жəне тендер өткiзiлгенге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

18. Тендерге қатысу үшін қатысушы:

1) жеке тұлғалар мен дара кəсіпкерлер үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің 

атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, 

атын, əкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында 

алдын ала тіркелуі қажет.

Жоғарыда  көрсетілген  деректер  өзгерген  кезде  қатысушы  бір  жұмыс  күні  ішінде  тізілімнің  веб-порталына 

енгізілген деректерді өзгертеді.

19. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаларға қосымшаға 

сəйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

20. Қатысушылар тізілімнің веб-порталында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін тендерлік жəне 

бағалық ұсынысты қамтитын тендерге қатысу өтінімін төменде көрсетілген құжаттардың жəне тендер өткізу тура-

лы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттардың электрондық 

(сканерленген) көшірмелерін:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куəландыратын құжат, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің 

(дара кəсіпкер үшін), тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамасының;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің, 

жарғының; 

3) осы объектіде өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызмет көрсету жөніндегі бизнес-жоспарды;

4)  қолдаухат  берілген  күн  алдындағы  соңғы  есепті  күнгі  жағдай  бойынша  шағын  кəсіпкерлік  субъектісінің 

бухгалтерлік балансын;

5) шағын кəсіпкерлік субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдардың тізбесін;

6) кепілдік жарнаның аударылуын растайтын төлем тапсырмасының көшірмелерін қоса тіркейді.

21. Тендерге қатысушылардың өтінімдері жəне оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың 

көшірмелері тізілімнің веб-порталы дерекқорында сақталады жəне тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген 

күн мен уақытқа дейін жүктеу мен қарау үшін қолжетімсіз болады.

22. Қатысушының осы Қағидалардың 18 жəне 20-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-

ақ  тендер  өткізу  туралы  хабарламада  көрсетілген  кепілді  жарнаның  түспеуі  тізілімнің  веб-порталының  өтінімді 

қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

23.  Тізілімнің  веб-порталы  дерекқорында  кепілді  жарнаның  түскені  туралы  мəліметтер  болған  жағдайда, 

тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жəне қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің веб-

порталы дерекқорында кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы 

қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді 

қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

24. Тендерге қатысушы:

1) тендерге жеке өзі немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаттың негізінде өзінің өкілдері арқылы қатысады;

2) тендерге қойылатын объект бойынша қосымша мəліметтерді, нақтылауларды алады;

3) объектіні алдын-ала қарайды;

4) оның құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгінеді;

5) өзінің тендерге қатысуға арналған өтінімін бұл туралы комиссияға оны өткізгенге дейінгі үш күнтізбелік күннен 

кешіктірмей жазбаша хабарлай отырып, қайтарып алады. 

25.  Егер  өтінімдерді  қабылдау  мерзiмi  аяқталған  сəтте  бiр  ғана  өтiнiм  тіркелген  болса  (екiншi  жəне  келесi 

тендерлердi қоспағанда), комиссия тендерді өтпедi деп таниды. Өткізілмеген тендер туралы шешім тиісті хатта-

мамен ресімделеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзiмi аяқталған сəтте кемінде бiр өтiнiм тіркелген болса, екінші жəне кейінгі тендер-

лер өтті деп танылады.

Тендер өтпеді деп танылған жағдайда тендерге қатысуға өтінімдерді ашу жүзеге асырылмайды жəне тендер өткізу 

туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттан кейін жиырма төрт сағат ішінде аумақтық бөлімше (атқарушы 

орган) тендерді өтпеді тану туралы актіге қол қойып, тізілімнің веб-порталына орналастырады.

26. Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыттың баста-

луы бойынша тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі. 

27. Тендерге қатысуға өтінімдерді комиссия мүшелері тендерді өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысу-

шылар тиісті талаптарға сəйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды. 

28.  Комиссияның  шешімі  бойынша  ұсыныстары  тендер  құжаттамасындағы  барлық  талаптарға  сай  келетін 

жəне тендер шарттарын орындау бөлігінде үздік болып табылатын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

29.  Қатысушылар  ұсынған  жалдау  ақысының  сомалары  сəйкес  келген  (тең  болған)  жағдайда,  комиссияның 

шешімімен тендерге қатысушыға өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

30. Егер тізілімнің веб-порталы қабылдаған не комиссия тендерге қатысуға рұқсат берген тендерге қатысуға 

өтінімдер екеуден кем болса, объект жалғыз қатысушыға берілуі мүмкін екiншi жəне келесi тендерлердi қоспағанда, 

комиссия тендерді өтпедi деп таниды. 

31. Тендер нəтижелері туралы хаттамада мынадай деректер:

1) комиссияның құрамы;

2) тендердiң шарттары;

3) объект туралы мəліметтер;

4) тендерге қатысушылар туралы мəлiметтер мен олардың ұсыныстары;

5) тендердiң жеңiмпазы туралы мəліметтер немесе жеңімпаздың болмауы себебін көрсете отырып, тендердің 

қорытындылары бойынша өзге шешім;

6) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.

32. Тендер нəтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылып, оған комиссияның барлық 

мүшелері мен жеңімпаз тендер өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

33. Тендер нəтижелерін жəне жеңімпаз бен аумақтық бөлімше (атқарушы орган) шартқа тендер нəтижесі болып 

табылатын шарттармен қол қою міндеттерін белгілейтін құжат тендер нəтижелері туралы хаттама болып табылады.

34. Жеңімпаз шартқа қол қойған кезде көрсетілген құжаттардың, оның ішінде тендерге қатысу өтініміне тіркелген 

құжаттардың:

1) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің, 

жарғының; 

2) жеке тұлғалар үшін: жеке басты куəландыратын құжаттың, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің 

(жеке кəсіпкерлер үшін);

3)  заңды  тұлға  өкілі  үшін - жеке  басты  куəландыратын  құжаттың  жəне  заңды  тұлға  өкілінің  өкілеттіктерін 

куəландыратын құжаттың түпнұсқасын аумақтық бөлімшеге (атқарушы органға) салыстырып тексеру үшін ұсынады.

35. Тендердiң нəтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін та-

лаптарда жеңімпазбен шарт жасалады.

Тендер жеңімпазын айқындайтын тендер нəтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 

он күннен кешіктірмей бір жыл мерзімге аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) басшысы не оның міндетін 

атқаратын адам тендер жеңімпазымен шарт жасасады жəне тізілімнің веб-порталында мемлекеттік мүлік жөніндегі 

уəкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысандар бойынша тіркеуге жатады.

36. Жеңімпаз белгіленген мерзімде шартқа қол қоймаған жағдайда, комиссия жаңадан тендер өткізу туралы 

шешім қабылдайды.

6. Тендер нəтижелерін ресімдеу жəне шарттың мазмұны

37. Белгіленген тəртіппен ғимараттар (құрылыстар, ғимараттар) мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік 

басқаруға  тапсырылған  жағдайда,  Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінің 43 жəне 52-баптарына  сəйкес 

олармен бірге көрсетілген мүлік алып отырған жəне белгіленген нормаларға сəйкес оны пайдалану үшін қажет 

жер учаскесі жалға беріледі.

38. Шарт мынадай ережелерді қамтиды:

1) шағын кəсіпкерлік субъектісіне берілетін объектінің техникалық сипаттамалары туралы деректер;

2) объектіні пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу тəртібі мен мерзімдері (мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

3)  аумақтық  бөлімшенің  (атқарушы  органның)  жəне  бизнес-жоспарға  сəйкес  алынған  шағын  кəсіпкерлік 

субъектісінің құқықтары мен міндеттері (мүлікті сенімгерлік басқаруға берген кезде);

4) аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) жəне шағын кəсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен міндеттері 

(мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде);

5) сенімгерлік басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысандары;

6) шартты мерзімінен бұрын бұзу негіздемесі мен талаптары қамтылады.

39. Шартқа қол қойылғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде баланс ұстаушы тендер жеңімпазы тіркеу есебінде 

тұрған мемлекеттік кірістер органын бір уақытта хабардар ете отырып, аумақтық бөлімше (атқарушы орган) бекітетін 

объектіні  мүліктік  жалға  (жалдауға)  немесе  сенімгерлік  басқаруға  беру  туралы  қабылдау-беру  актісі  бойынша 

объектіні тендер жеңімпазына береді.

Ғимарат пен құрылысты мүліктік жалға (жалдауға беру) шарты мемлекеттік тіркелуге жатады жəне осындай 

тіркеу сəтінен бастап шарт жасалған деп саналады.

Тендер жеңімпазының кепілдік жарнасы мүліктік жалға беру шарты бойынша тиесілі төлемдердің есебіне жатады.

40. Қабылдау-тапсыру актісінде мыналар:

1) акт жасалған орны мен күні;

2) өкiлдері оларға сəйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уəкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;

3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;

4)  берiлетiн  объектiнiң  атауы,  орналасқан  орны,  анықталған  ақаулардың  тiзбесімен  бірге,  оның  техникалық 

сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.

7. Объектіні меншікке беру тəртібі

41. Шарттың талаптары орындалмаған кезде аумақтық бөлімше (атқарушы орган) Қазақстан Республикасының 

Азаматтық кодексінің 24-тарауына сəйкес шартты бұзады жəне комиссияға алдын ала хабарлама жібере отырып, 

объектіні тендерге қайта қояды.

42.  Шарт  бұзылған  жағдайда  шағын  кəсіпкерлік  субъектісіне  жалға  алынған  объект  үшін  зиян  келтірместен 

бөлінбейтін, ол өз қаражаты есебінен жүргізген жақсартулардың құны өтеледі.

43. Объектінің сақталуын қамтамасыз етпеу, оны мақсатты пайдаланбау жəне т.б. салдарынан зиян келтірілген 

жағдайда  шағын  кəсіпкерлік  субъектісі  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің 27-тарауына  сəйкес 

келтірілген материалдық залалды өтейді.

44.  Шарттың  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  жəне  оның  талаптары  толық  орындалған  кезде  аумақтық  бөлімше 

(атқарушы орган) объектінің шағын кəсіпкерлік субъектісінің тіркеу есебінде тұрғанын мемлекеттік кірістер орга-

нына хабарлай отырып, оны шағын кəсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру туралы шешім қабылдайды.

Объект  алып  отырған  жер  учаскелерін  өтеусіз  беру  жөнінде  шешім  қабылдау  Қазақстан  Республикасының 

Жер кодексiнің 32 жəне 33-баптарына сəйкес жүзеге асырылады.

45. Объектіні шағын кəсіпкерлік субъектісінің меншігіне беру қабылдау-беру актісімен жəне объектіні өтеусіз 

беру туралы шартпен ресімделеді.

Мəмілені  тіркеу  «Жылжымайтын  мүлікке  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Заңының 20-бабына сəйкес жүзеге асырылады.

46. Аумақтық бөлімше (атқарушы орган) объектіні шағын кəсіпкерлік субъектісінің меншігіне өтеусіз беру ту-

ралы  шарт  жасалған  сəттен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  салық  төлеуші - шағын  кəсіпкерлік  субъектісі  тіркеу 

есебінде  тұрған  мемлекеттік  кірістер  органын  объектіні  шағын  кəсіпкерлік  субъектісінің  меншігіне  өтеусіз  беру 

туралы хабардар етеді.



Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен 

меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін жəне 

олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) 

немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына қосымша

 нысан

Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен 

меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін жəне олардың 

алып отырған жер учаскелерін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе 

сенімгерлік басқаруға беру тендеріне қатысуға

ӨТІНІМ

1. Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке 

өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін жəне олардың алып отырған жер 

учаскелерін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы 

жарияланған хабарламаны қарап жəне Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету сала-

сын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін 

жəне олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе 

сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысып,

__________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің 

аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы жəне заңды тұлғаның басшысының немесе сенімхат негізінде 

əрекет ететін өкілінің тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-

порталында ___________20____жылғы «___»_______ _____________ болатын тендерге қатысуға ниет білдіреді.

2. Мен (біз) саудаға қатысу үшін _________________________________________________________________

____ (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімше не əкімдіктер 

коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уəкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеме көрсетіледі) _____________ шотына жалпы сомасы ____________ көрсетіледі 

(цифрмен) (___________) теңге_______кепілдік жарнаны (жарналарды) енгіздім (к). 

(сомасы таратып (саны) жазылады)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіндегі ЖСК № __________, БСН ________, 

төлем тағайындау коды _____, Кбе ______, мекеме коды _______

Кепілдік жарнасы енгізілген мүліктік жалға алу (жалдау) объектілері туралы мəлімет:

№ р/с

Объектінің атауы

Аударуға жататын кепілдік жарнасының сомасы, теңге

1

 

 

2

 

 

 

Жиыны

 

 

Енгізілген кепілдік жарналары туралы мəлімет:



№ 

р/с

Кепілдік жарнасын тағайындау жəне тендерге қатысу 

үшін кепілдік жарна енгізілген объектінің атауы

Төлем 

құжатының 



Төлем 

құжатының 

күні

Кепілдік 

жарнаның 

сомасы, теңге

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

3. Тендерге қатысушыға (жалға алушыға, сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сəйкес 

емес  екенім (-із)  анықталған  жағдайда,  мен  (біз)  тендерге  қатысу  құқығынан  айырылатыныма (-ызға),  мен  (біз) 

қол қойған тендер нəтижелері туралы хаттама жəне мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе 

сенімгерлік басқаруға беру шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін (-із).

4. Егер мен (біз) тендер жеңімпаз(-дар)ы деп танылған жағдайда өзімізге тендер нəтижелері туралы хаттамаға 

өткізілген күні қол қою жəне тендер өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға 

алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шартына қол қою міндеттемелерін аламыз.

5.Мынадай:

1) тендер нəтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан;

2) белгіленген мерзімде мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) не сенімгерлік басқаруға беру шар-

тына қол қоюдан бас тартқан жағдайларда мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы қайтарылмайтынына жəне 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшесінде немесе əкімдіктер 

коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уəкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекемеде қалатынына келісемін (-із).

6. Осы өтінім тендер нəтижелері туралы хаттамамен бірге мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік 

басқаруға беру шарты жасалғанға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

7. Өзім(із) туралы мынадай:

Заңды тұлға үшін:

Атауы _________________________________________________________________________________________

БСН ___________________________________________________________________________________________

Басшының тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________________________________________

Банк деректемелері:

ЖСК ___________________________________________________________________________________________

БСК ___________________________________________________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________________________________________

Өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) ____________________________________________________________________________________________

2) ____________________________________________________________________________________________

3) ____________________________________________________________________________________________

4) ______________________________________________________________________________ қоса беріледі.

Жеке тұлға үшін:

тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда): _____________________________________________________________

ЖСН __________________________________________________________________________________________

Паспорт деректері _____________________________________________________________________________

Мекенжайы: ____________________________________________________________________________________

Телефон (факс) нөмірі: _________________________________________________________________________

Банк деректемелері:

ЖСК ___________________________________________________________________________________________

БСК ___________________________________________________________________________________________

Банктің атауы _________________________________________________________________________________

Кбе ___________________________________________________________________________________________

Өтінімге мыналар:

1) ____________________________________________________________________________________________

2)_____________________________________________________________________________________________

3)______________________________________________________________________________ қоса беріледі. 

________ ______________________________________________________ 

  (қолы)         (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда) 

немесе заңды тұлғаның атауы жəне заңды тұлғаның басшысының немесе заңды тұлғаның сенімхат 

негізінде əрекет ететін өкілінің тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда) 

20__ ж. «___»____________.                                                                                    М.О.

Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы 

20__ ж. «___»____________20__ ж. сағат «___» минутта қабылдады.



Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 6 мамырдағы Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10955 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 наурыз                                   №254                                   Астана қаласы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет