№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Жер учаскесін беруден бас тарту



Pdf көрінісі
бет44/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57

4. Жер учаскесін беруден бас тарту

32.  Жеке  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жер  учаскесіне  құқық  беруде  дəлелді  бас  тартуды  қамтитын  шешім 

комиссияның  теріс  қорытындысы  негізінде,  комиссияның  тиісті  қорытындысы  түскен  күннен  бастап  жеті  күндік 

мерзімде қабылданады.

 33. Жер учаскесiне тиісті құқық беруден бас тарту туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін 

жер учаскесі орналасқан жердегі жер қатынастары жөніндегі уəкілетті органдар шешім қабылданған күннен бастап 

бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге береді (жолдайды).

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сəуірдегі Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10871 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 наурыз                                    №259                                    Астана қаласы



Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық 

процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты аза-

маттар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын 

бекіту туралы

«Халықтың  радиациялық  қауіпсіздігі  туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi  Қазақстан  Республикасы  Заңының 

14-бабына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық 

процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле 

мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 

заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымда-

рында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында ор-

наластырылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшілік  ететін  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика 

вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

___________ Т.Дүйсенова

2015 жылғы 30 наурыз

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

___________ В.Школьник

2015 жылғы 1 сәуір

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен бекiтiлген

Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедура-

лар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле 

мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу 

кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау 

мен есепке алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы» 1998 жылғы 23 

сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Қағидалар жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды 

және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi – азаматтар) мен қызметiн 

иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi – ұйымдар) 

қолданылады.

2. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу мынадай: 

1)  азаматтар  иондаушы  сәулелендiру  көздерiмен  жұмыс  iстеу,  медициналық  рентген-радиологиялық 

(Соңы 22-бетте)


9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

22

(Соңы. Басы 21-бетте)

(Соңы 23-бетте)

процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты алған жеке сәуле мөлшерлерi 

туралы объективтi ақпарат алу;

2) белгiленген шектерден тыс сәуле алған адамдарды есепке алу;

3) азаматтар мен ұйымдар персоналы алған сәуле мөлшерлерi туралы объективтi және шынайы ақпарат алу 

мүмкiндігін қамтамасыз ету;

4) радиациялық фактордың азаматтарға әсер етуiн бағалау;

5) азаматтардың сәуле алу деңгейлерiн төмендету жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.



2. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алуды ұйымдастырудың жалпы тәртiбi

3. Жеке сәуле алу мөлшерлерiн бақылау және есепке алу радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы 

нормалар мен қағидалар талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi және бақылау мен есепке 

алу көлемiне, параметрлеріне, әдiстерi мен құралдарына қойылатын бiрыңғай талаптармен қамтамасыз етiледi.

4. Бақылау мен есепке алуға:

1) азаматтарға әр түрлi иондаушы сәулелендіру көздерi әсер еткен кезде олар алған жеке сәуле мөлшерлерi;

2)  техногендiк  өзгертiлген  радиациялық  аяға  байланысты  азаматтар  мен  ұйымдар  персоналы  алған  жеке 

сәуле мөлшерлерi;

3)  медициналық  рентген-радиологиялық  процедураларды  жүргiзу  кезiнде  азаматтар  алған  жеке  сәуле 

мөлшерлерi;

4) радиациялық авариялар кезiнде азаматтар мен ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерi жатады.

5. Негiзгi бақыланатын параметрлер:

1) жылдық тиiмдi және баламалы мөлшерлер;

2) көз бұршағындағы, терiдегi, қолдың буындары мен табандағы жылдық баламалы мөлшер;

3) радионуклидтердiң организмге түсуi және жылдық түсудi бағалау үшiн оларды организмде ұстау;

4) ауадағы, судағы, тамақ өнімдеріндегі, құрылыс материалдары мен басқалардағы радионуклидтердің көлемдiк 

немесе үлестiк белсендiлiгi;

5) терi қабаттарының, киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмыс орындарының радиоактивтік ластануы;

6) сыртқы гамма-сәулелендiрудiң мөлшерi мен қуаттылығы болып табылады.

6. Жеке алған сәуле мөлшерлерiн айқындау үшiн:

1) жеке дозиметрлердің көмегiмен тiкелей өлшемдер (азаматтар дербес алған сәуле мөлшерлерi);

2) радиациялық мән-жайды ескере отырып, адамдар фантомдары мен сәулеленуiн есептегіштердің көмегiмен 

алынған жеке сәуле алу мөлшерлерiнiң есептемелерi;

3) сәуле алған организмдегі биологиялық, биохимиялық және биофизикалық әсерлер бойынша азаматтар алған 

жеке сәуле мөлшерлерiн қайта жаңарту;

4) әр түрлi материалдардағы радиациялық әсерлер бойынша азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн қайта 

жаңарту пайдаланылады.

3. Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу кезінде персонал алған жеке сәуле мөлшерлерiн 

бақылауды есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi

7. Жұмыс сипатына байланысты ұйым персоналы алған сәуленi жеке бақылау жеке дозиметрлердi пайдалана 

отырып аралас сәулелендiру немесе есептеу жолымен сыртқы бета, гамма, рентген және нейтрон сәулелендіру 

мөлшерлерi жеке бақылауды қамтиды.

8. Ұйымдарда жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу үшiн персоналдың киiмiне қыстырылатын жеке дозимет-

рлер пайдаланылады. Дозиметрлердiң орналасу орны орындалатын жұмыстың сипатына байланысты.

9. Персонал ұйымда белгiленген жеке дозиметрлерді пайдалану тәртібiн сақтауы қажет.

10. Бақылау кезiнде қызметкер алған жиынтық мөлшерлер тоқсан сайын тіркеледi.

11.  Ұйым  персоналы  алған  жеке  сәуле  мөлшерлерiн  есепке  алуды  кейіннен  қызметкердің  жеке  есепке  алу 

карточкасына енгiзе отырып, ұйымның дерекқорына тіркеу жолымен, ұйымның радиациялық қауiпсiздiгі үшiн жау-

апты адам жүзеге асырады. Ұйым персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу деректерi 

50 жыл бойы сақталады. Қызметкер алған жеке сәуле мөлшерi туралы мәлiметтердің көшiрмесi, ол радиоактивті 

заттар мен басқа да иондаушы сәулелендіру көздерiн қолданатын ұйымға басқа жұмыс орнына ауысқан жағдайда, 

жаңа жұмыс орнына берiледi.

Ұйымға iссапарға жiберiлген адамдар алған жеке сәуле мөлшерлерi туралы деректер олардың тұрақты жұмыс 

орнына жiберiледi және ұйымның дерекқорында тiркеледi.

12. Персоналға арналған тиiмдi мөлшердiң шегi кез келген келесi 5 жыл үшiн орта есеппен алғанда жылына 

20 миллизиверттi (бұдан әрi – мЗв) құрайды, бiрақ жылына 50 мЗв-дан және 5 жылда 100 мЗв-дан аспауы тиiс. 

Тұтастай алғанда персоналдың еңбек қызметi кезеңiнде 50 жыл бойы тиiмдi жеке мөлшер 1000 мЗв-дан аспауы тиiс.

4. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азаматтар (пациенттер) 

алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру тәртiбi

13. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар диагностикалық ақпарат немесе терапиялық әсер алу 

мақсатында тек дәрiгердiң тағайындауы және азаматтың (пациенттiң) келiсуi бойынша ғана жүргiзiледi. Тиiстi про-

цедураны жүргiзу туралы түпкiлiктi шешiмдi дәрiгер рентгенолог немесе дәрігер-радиолог қабылдайды.

14. Қолдану мүмкiн болмаған немесе басқа баламалы диагностика әдiстерiнен жеткiлiкті хабардар болмаған 

жағдайда медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте мөлшерлердiң шегi белгiленбейді, 

бiрақ  медициналық  рентген-радиологиялық  процедураларды  тағайындау  негiздемесі  мен  азаматтарды 

(пациенттерді) қорғау шараларын оңтайландыру қағидаттары пайдаланылады.

15. Медициналық рентген-радиологиялық процедуралар үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген және қол-

дануға рұқсат етiлген және оны пайдалану құқығына арналған ақпараттық картасы бар аппаратура пайдаланылады.

16. Медициналық рентген-радиологиялық процедураларды жүргізу кезiнде азаматтың (пациенттің) сәулелiк 

жүктемелерiн азайту үшiн барлық ықтимал шаралар қолданылуы тиiс.

17. Әрбiр рентген-радиологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде азамат (пациент) алған мөлшерлер азаматтың 

(пациенттiң) амбулаториялық картасына мiндеттi қосымша болып табылатын медициналық сәуле алу мөлшерлерiн 

есепке  алудың  дербес  парағына  енгізіледi  және  тиiстi  медициналық  рентген-радиологиялық  процедураларды 

есепке алу журналында тiркеледi.

18. Азаматтың (пациенттің) талап етуi бойынша оған күтiлетiн немесе алынған сәуле алу мөлшерi мен рентген-

радиологиялық процедураларды жүргiзуден болатын ықтимал салдарлар туралы ақпарат берiледi.

19. Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде жылдық 

тиiмдi жеке алған сәуле мөлшерi 1 мЗв-дан аспауға тиiс.

Азаматтарға  профилактикалық  медициналық  ренатенологиялық  процедураларды  жүргiзу  кезiнде  қосымша 

зерттеу жүргiзудi немесе мөлшерлер көп пайда болатын әдiстердi мәжбүрлі пайдалануды талап ететiн жағдайда 

ғана белгiленген жылдық сәуле алу нормативi асып түсуi мүмкiн.

Азаматтарға профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргiзу кезiнде бұл нормативтi 

уақытша мәжбүрлi арттыру туралы шешiмдi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган қабылдайды.

20. Азаматтардың (пациенттердің) мөлшерлiк жүктемелерiн айқындау «Халық денсаулығы және денсаулық 

жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес 

халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілетін нор-

малау құжаттарына (бұдан әрі – нормалау құжаттары) сәйкес жүргiзiледi.

21. Табиғи сәулелендiру көздерiнің әсер етуi есебiнен радиациялық аямен байланысты тиiмдi мөлшердің жол 

берiлетiн мәнi азаматтар үшін белгiленбейдi. Азаматтар алған сәуленi азайтуға жекелеген табиғи сәулелендіру 

көздерiнен сәуле алуды шектеу жүйесiн орнату жолымен қол жеткiзiледi.



5. Азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерін мемлекеттiк бақылау және есепке алу жүйесi

22. Ұйымдар нормалау құжаттарына сәйкес арнайы нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 

саламаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  орган  ведомствосының  аумақтық  бөлімшелеріне  азаматтар  мен 

персоналдардың алған жеке сәуле мөлшерлерi бойынша мәліметтерді ұсынады.

Халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  орган  ведомствасы 

анықтаған  ұйымда  республикалық  азаматтар  мен  персоналдардың  алған  жеке  сәуле  мөлшерлерi  дерекқоры 

құрылады. 

23. Персонал мен азаматтарға жеке дозиметриялық бақылауды жүргiзу кезiнде жылдық тиiмдi мөлшердi, сондай-

ақ барлық кәсіби жұмыс iстеу кезеңiндегi жиынтық тиiмдi жеке мөлшердi есепке алу жүргiзiледi.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 5 мамырдағы Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10943 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 наурыз                                    №268                                    Астана қаласы



Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды

пайдалану қағидаларын бекіту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан РеспубликасыЖер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына 

сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

істері жəне жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылым-

дарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-

рылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-

министріне жүктелсін. 

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.



Министрдің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қа зақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

____________ А.Мамытбеков

2015 жылғы 3 маусым

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы №268 бұйрығымен бекiтiлген

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына 

сəйкес əзірленді жəне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тəртібін айқындайды. 

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

1) агрохимиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық агро-

химия қызметінің ғылыми-əдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

2) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген 

кезектестіріп егу;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне əкеп 

соғатын табиғи жəне антропогендік əсерлердің нəтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қасиеттерінің 

нашарлауы;

4)  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жер  учаскесінің  паспорты – жер  учаскесінің,  оның  сəйкестендіру 

сипаттамаларының, сондай-ақ жер пайдалану объектісінің топырақ құнарлылығының құрастыру сəтіндегі нақты 

жай-күйін көрсететін құжат; 

5)  ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жерді  ұтымды  пайдалану – жер  учаскелерінің  меншік  иелері  мен 

жер  пайдаланушылардың  ауыл  шаруашылығы  өнімін  өндіру  процесінде  топырақтың  құнарлылығы  мен  жердің 

мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтитын жер ресурстарын тиімді пайдалануды 

қамтамасыз ету, қажетті тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану;

6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік немесе жер 

пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 

7) жер ресурстарын басқару жөніндегі уəкілетті орган – жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асы-

ратын орталық атқарушы орган;

8) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық жəне (немесе) агромелиоративтік 

зерттеулердің нəтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі; 

9) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы – əрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, 

технолог иялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық жəне басқа ерекшеліктері) есепке ала оты-

рып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын ауыл шаруашылығы жері 

аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын жəне негіздейтін құжат.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:

1) жердің құнарлығын сақтауды жəне арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы гумус құрамының, 

жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың жəне ауыспалы калийдің белгіленген деңгейі); 

2) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін сақтауды жəне арттыруды;

3) ауыспалы егістің сақталуын;

4) мал шаруашылығы өнімін өндіру кезінде жайылымда оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету;

5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды жəне жақсартуды;

6) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен 

ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтарымен қоқыстауына жол бермеуді; 

7)  ауыл  шаруашылығы  дақылдарынан  қалған  қалдықтар  мен  жанама  өнімдерді  ауыл  шаруашылығы 

мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы та-

уарларын өндірушілерде келесі құжаттардың болуы қажет:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 4 

желтоқсандағы №67 бұйрығымен бекітіліп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №10134 бо-

лып тіркелген №4-АШ «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп», № 29-АШ «Ауылшаруашылық дақылдардың 

түсімін жинау туралы» (жерді өсімдік өсіру үшін пайдаланғанда), №24-АШ «Мал шаруашылығының жағдайы туралы 

есеп» статистикалық байқаулар;

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Статистика  комитеті  Төрағасының 2014 жылғы 9 

желтоқсандағы  №77  бұйрығымен бекітіліп, нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу тізімінде  №10075 

болып  тіркелген  №6-р  «Шаруа  немесе  фермер  қожалықтарындағы  жердің  жəне  егістік  алқабының  нақты  бары 

туралы  мəліметтер»  №6-ж  «Шаруа  нем есе  фермер  қожалықтарындағы  мал  мен  құстың,  ауыл  шаруашылығы 

техникасының жəне құрылыстардың нақты бары туралы мəліметтер» (жерді мал шаруашылығы үшін пайдалану 

кезінде) статистикалық байқаудың.

2)  осы  Қағидалардың 1-қосымшаға  сəйкес  нысан  бойынша  ауыспалы  егістер  жоспары  (жерді  өсімдік  өсіру 

үшін пайдаланғанда); 

3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тəртібі

5. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ғылыми ұйымдардың 

жалпыға ортақ пайдалану үшін шығарылған ұйғарымы негізінде бекітілген ауыспалы егіс жоспарына сəйкес ауы-

спалы егісті сақтап отырады.

6.  Ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндіруші  ауыспалы  егіс  жоспарын  өсірілетін  дақылдарды  ротациялау 

жүйесінің таңдалуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының толық айналымына сай келетін кезеңге 

бекітеді.  Бекітілген  ауыспалы  егіс  жоспарының  бір  данасы  жер  учаскесі  орналасқан  жер  бойынша  жергілікті 

атқарушы органға жіберіледі. 

7. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге: 

1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының бес пайыздан көп, жеңіл гидролизделетін 

азоттың,  жылжымалы  фосфордың  жəне  ауыспалы  калийдің  орташа  есептелген  құрамының  жиырма  пайыздан 

көп төмендеуіне; 

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес жердің гумуспен жəне қоректендіру элементтерімен осы элементтермен 

өте төмен жəне төмен қамтамасыз етілген алаңдарының он пайыздан көп өсуіне жол берілмейді. 

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен жəне минералдық тыңайтқ ыштармен ласта-

нуы рұқсат етілген шек тегі концентрациялардан жоғары асуына ;

4) эрозия нəтижесінде жоғарғы гумус қабаты қуатының 5 сантиметрден көп темендеуіне;

5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне:

хлоридтердің 0,4 пайыздан көп болуына;

сульфаттардың 0,8 пайыздан көп болуына;

топырақта  сортаңданудың 5 пайыздан көп жоғарылауына;

6)  арам  шөптердің  не  карантиндік  өсімдіктің  көп  өсуіне  (арам  шөптердің  саны  рұқсат  етілген  экономикалық 

зияндылық шегінен жоғары болуына) байланысты жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып 

қалуына жол берілмейді.

8.  Ауыл  шаруашылығы  мақсатындағы  жердің  құнарлылығы  мен  мелиоративтік  жағдайы  туралы  мəліметтер 

ауыл  шаруашылығы  м ақсатындағы  жер  учаскелерінің  паспортында  сипатталады,  оның  нысаны  Қазақстан 

Республикасының Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сəйкес бекітіледі.

9. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділі гін облыстың тиісті 

ауданы бойынша орташа, бірақ аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде қолдайды

10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ауыл шаруашылығы тауар өндіруші мал шаруашылығы мақсатында 

пайдаланған жағдайда: 

1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сəуірдегі №3-3/332 бұйрығымен 

бекітіліп, нормативтік құқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізімінде №11064 болып тіркелген (бұдан əрі –№3-

3/332  бұйрық)жайылымның  жалпы  алаңы  жүктемесінің  шекті  рұқсат  етілген  нормасының  кемінде  елу  пайызын 

құрайтын мөлшерде;

2) №3-3/332 бұйрықпен бекітілген, жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілген нормасынан 

аспауын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет