3. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын бекіту тәртібі
21. Уәкiлеттi органның ведомствосы Субъектінің тарифтерi (бағалары, алымдар ставкалары) шектi деңгейiнiң
жобасын осы Қағидаларға сәйкес экономикалық негiзделген есептерді ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен
бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.
Уәкiлеттi органның ведомствосы төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін табиғи монополиялар
субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды.
22. Уәкiлеттi органның ведомствосы тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің және
тарифтік сметалардың жобасына:
1) Субъект өтініммен бірге ұсынған негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау, сондай-ақ қызметтің осындай
түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдау негізінде;
2) бұл үшін тәуелсіз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық
бірлестіктерін, жобаны ұсынған Субъектіні тарта отырып, сараптама жүргізеді.
23. Уәкiлеттi органның ведомствосы Субъект ұсынып отырған тарифтердің (бағалардың, алымдар
ставкаларының) шекті деңгейінің жобасын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға салады.
24. Уәкiлеттi органның ведомствосы жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың,
алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту
туралы шешiм қабылдайды.
Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны (жобаны) iске асыруы көзделген
кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
25. Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту немесе реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік
смета ларды бекітуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен
ресім деледі және уәкiлеттi орган олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей
Субъектiге жолдайды.
Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен
жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына
байланысты сараланған тарифтерді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі уәкілетті орган басшысының
бұйрығымен ресімделеді және уәкілетті орган олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей
Субъектiге жолдайды.
26. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алым-
дар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
27. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты
оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұтынушылардың назарына жеткiзедi.
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің
(бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейі төтенше реттеуші шара ретінде өзгертілген жағдайда, табиғи
монополия субъектісі олардың өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгізгенге
дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жеткізеді.
Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін
өзгертпей жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының
болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді енгізу туралы ақпаратты олар қолданысқа
енгізілгенге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей аталған ақпаратты табиғи монополия субъектісі өз қызметін
жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру
арқылы тұтынушының назарына жеткізеді.
28. Субъект уәкiлеттi органның ведомствосына күнтізбелік бес күн iшiнде тарифтердiң (бағалардың, алымдар
ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар ету фактiсі туралы ақпаратты ұсынады.
29. Егер субъект тұтынушыларды осы Қағидаларда көзделген мерзімде тарифтердің (бағалардың, алым-
дар ставкаларының) шекті деңгейін енгізу туралы хабардар етпесе, онда көрсетілген тарифтердің (бағалардың,
алымдар ставкаларының) шекті деңгейі уәкілетті органның шешімінде көрсетілген күнінен бастап енгізілмейді.
Бекітілген тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) деңгейін енгізу тарифтердің (бағалардың, алым-
дар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту айынан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
30. Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес бекітілген тарифтік сметаны және
(немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті
органға ағымдағы жылдың аяғына дейін тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының)
шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен өтініш бере алады.
Тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін түзету туралы ұсыныспен
өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға түзетулерді ескере отырып, тарифтің (бағаның,
алым ставкасының) және тарифтік сметаның жобасын және түзетулерді енгізуді негіздейтін материалдарды ұсынады.
31. Тарифтік сметаға қоса беріліп отырған материалдар тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісі
басшысының мөрімен және қолымен расталады. Қаржылық құжаттарға табиғи монополия субъектісінің басшы-
сы және бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және олар табиғи монополия субъектісінің
мөрімен расталады.
32. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің (бағаның, алым ставкасының)
шекті деңгейін түзету бойынша құжаттарды ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Табиғи монополия субъектілерінің Реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту
қағидаларына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы есеп
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: ТСО-1
Кезеңділігі: жылдық
Ұсынады: өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
Ұсыну мерзімі – өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1
мамырынан кешіктірмей
Көрсеткіштердің атауы*
Өлшем бірлігі
Бекітілген
тарифтік
сме
-
тада
көзделген
Тарифтік
сметаның
нақты
қалыптасқан
көрсеткіштері
%
ауытқу
ауытқудың
себептері
1
2
3
4
5
6
Тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға
арналған шығындар, барлығы, оның ішінде
мың теңге
Материалдық шығындар, барлығы, оның ішінде
- « -
Шикізат және материалдар
- « -
сатып алынатын бұйымдар
- « -
жанар-жағармай материалдары
- « -
отын
- « -
Энергия
- « -
Еңбекке ақы төлеу шығыстары, барлығы, оның
ішінде
- « -
өндірістік персоналдың жалақысы
- « -
әлеуметтік салық
- « -
Амортизация
- « -
Жөндеу, барлығы, оның ішінде
- « -
Негізгі қорлар құнының өсуіне алып келмейтін
күрделі жөндеу
- « -
Өзге шығындар (таратып жазу)
- « -
Кезең шығыстары, барлығы, оның ішінде
- « -
Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы:
оның ішінде:
- « -
Әкімшілік персоналдың жалақысы
- « -
әлеуметтік салық
- « -
Салықтар
- « -
Өзге шығыстар (таратып жазу)
- « -
Сыйақылар төлеуге арналған шығыстар
- « -
Қызметтер ұсынуға арналған барлық шығындар
- « -
Кіріс (АРБ*ПС)
- « -
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін
базасы (АРБ)
- « -
Барлық кіріс
- « -
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың,
жұмыстардың) көлемі
заттай көрсеткіштерде
Нормативтік техникалық ысыраптар
%
Тариф
теңге/көрсетілетін
қызметтердің (тауар-
лар дың, жұмыстардың)
бірлігіне арналған
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін
Ұйымның атауы _________________________________________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________________________________
Электрондық почтаның мекен-жайы _________________________________________________________________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________________________________________________
Басшысы ________________________________________________________ (Т.А.Ә. қолы)
Күні 20 жылғы « » ______________
М.О.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірме
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаның орындалуы туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық
Осы түсіндірме өңірлік электр желілік компанияны қоспағанда, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсе-
тілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау туралы есепті дайындауына арналған. Тарифтік смета – бұл уәкілетті
орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары,
реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның
ведомствосы бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері.
Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) жобаларын, оның ішінде сараланған тарифтерді бекіту туралы
өтінімді беру және олар бойынша шешім қабылдау, сондай-ақ тарифтік сметалардың орындалуы туралы есепті
қарау кезінде уәкілетті органның ведомствосы және табиғи монополия субъектілері Ерекше тәртіпті, тарифтерді
(бағаларды, алымдар ставкаларын), оның ішінде сараланған тарифтерді есептеудің салалық әдістемелерін қоса
алғанда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді,
сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тарифтік сметалардың
орындалуы туралы есепті қарау кезінде бухгалтерлік есеп, салық заңнамасы стандарттарын белгілейтін нормативтік
құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды төтенше реттеуші шара ретінде бекіту
және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп
көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) неме-
се олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту он екі айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа
тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар,
алымдар ставкалары) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісі өңірлік электр желілік компаниясын
қоспағанда, тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамыры-
нан кешіктірмей табыс етуге міндетті.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
1-баған – уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде
бекітетін тарифтік смета көрсеткіштерінің атауы, кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер
(тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті органның ведомствосы бекітетін нысан бойынша
табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
2-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
3-баған – бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін
қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері және табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да
экономикалық көрсеткіштері көрсетіледі;
4-баған – тарифтік сметаның кірістер мен шығыстар баптары туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің
(тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы нақты қалыптасқан көрсеткіштері және тарифтік сметаны орын-
дау туралы есепті ұсыну кезеңінде табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері
көрсетіледі;
5-баған – тарифтік сметаның бекітілген көрсеткіштерінен тарифтік сметаның нақты қалыптасқан көрсеткіштерінің
пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
6-баған – тарифтік смета көрсеткіштерінің ауытқу себептерінің толық сипаттамасы көрсетіледі.
Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту
қағидаларына 2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы ақпарат
Есепті кезең 20___ ж.
Индексі: ҚНТ-1
Кезең: тоқсан сайын
Ұсынатын: инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
Ұсынатын мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін
Көрсеткіштердің атауы
Өлшем бірлігі
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
...
Төлем бойынша міндеттемелер:
мың $*
млн. теңге*
Кредиттер үшін пайыздар
мың $
млн. теңге
Комиссиялық төлемақы, сыйақылар,
және т.б.
мың $
млн. теңге
Қарыздың негізгі сомасы
мың $
млн. теңге
Резервтік қорға жіберілді
мың $
млн. теңге
Есепті кезең аяғында резервтік қорда
қаражаттардың нақты болуы
мың $
млн. теңге
Жинақталған қаражатқа сыйақы есептеу
сомалары
мың $
млн. теңге
* Егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі.
Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған
қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі.
** АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсету.
Ұйымның атауы _________________________________________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________________________________
Электрондық почтаның мекен-жайы _______________________________________________________________
Орындаушының тегі және телефоны ______________________________________________________________
Басшысы _______________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. қолы)
Күні 20 жылғы « » ______________
М.О.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Қарыздар бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты төлеу туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулық
Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің қарыздары бойынша пайда болған міндеттемелерді нақты
төлеу туралы ақпаратты дайындауға арналған.
Көрсетілген ақпаратты инвестициялық бағдарламасы (жобасы) бар табиғи монополиялар субъектілері тоқсан
сайын есепті кезеңнен кейінгі 25 күніне дейін қол жеткізілген нақты көрсеткіштерді құжаттармен растап және олар
келісілген нұсқадан ауытқыған жағдайда себептерін түсіндіріп ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске
асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге арналған шығындар енгізіледі. Алынған кредиттер бойынша сыйақылар
мөлшерін (кредиттер үшін пайыздарды, комиссиялық төлемдерді) өзгерту инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
іске асыру кезеңінде тек төмендету жағына рұқсат беріледі.
Шетел валютасымен алынған кредиттер үшін сыйақылар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің (инфляция) негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды
өзгерілуі ескеріле отырып, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне енгізіледі.
1-баған – инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру үшін кредиттерге сыйақылар төлеуге
көрсеткіштердің атауы уәкілетті орган ведомствосы бекіткен нысан бойынша көрсетіледі;
2-баған – көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі (егер қарыздар ұлттық валютада болған жағдайда, онда
тек теңгемен төлемдер бойынша ақпарат жіберіледі. Егер қарыздар шетел валютасымен алынған жағдайда, онда
ақпарат екі өлшемде: шетел валютасымен, алынған қарыздар бойынша міндеттемелерге төлемақының нақты
бағамы бойынша ұлттық валютамен беріледі. АҚШ долларына теңгенің бағамын көрсетіледі.
3-баған – тиісті жылдың тоқсандары бойынша кредиттер үшін сыйақылар төлемдері көрсеткіштерінің ақпараты
көрсетіледі.
Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту
қағидаларына 3-қосымша
____________________________________________________________________________________
(ТМС атауы) )
_____________________________________________________________________ тарифтік сметасы
реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінің атауы
№
р/с
Көрсеткіштердің атауы*
Өлшем бірлігі
Қолданыстағы
тарифтік
сметада
қабылданды
Алдыңғы
аяқталған
жыл
ішіндегі
нақты
көрсеткіштер
Алдыңғы
аяқ
тал
ған
4
тоқсан
ішіндегі
нақты
көрсеткіштер
Субъектінің тарифтік
сметасының жобасы
Жобаны
іске
асырудың
барлық
кезеңі
-не
, оның
ішінде
Жобаны
іске
асырудың
1 - (
базалық
) жылы
Жобаны
іске
асырудың
2-
жылы
Жобаны
іске
асырудың
і-жылы
І
Тауарларды өндіруге және
қызметтерді ұсынуға арналған
шығындар, барлығы, оның ішінде
мың теңге
1
Материалдық шығындар,
барлығы, оның ішінде
- « -
1.1 Шикізат және материалдар
- « -
1.2 Сатып алынатын бұйымдар
- « -
1.3 жанар-жағармай материалдары
- « -
1.4 отын
- « -
1.5 Энергия
- « -
2
Еңбекке ақы төлеу шығыстары,
барлығы, оның ішінде
- « -
2.1 өндірістік персоналдың жалақысы
- « -
2.2 әлеуметтік салық
- « -
3
Амортизация
- « -
4
Жөндеу, барлығы, оның ішінде
- « -
4.1 Негізгі қорлар құнының өсуіне
алып келмейтін күрделі жөндеу
- « -
5
Өзге шығындар (таратып жазу)
- « -
ІІ
Кезең шығыстары, барлығы,
оның ішінде
- « -
6
Жалпы және әкімшілік шығыстар,
барлығы: оның ішінде:
- « -
6.1 Әкімшілік персоналдың жалақысы
- « -
6.2 әлеуметтік салық
- « -
6.3 Салықтар
- « -
6.4 Өзге шығыстар
(таратып жазу)
- « -
7
Сыйақылар төлеуге арналған
шығыстар
- « -
ІІІ Қызметтерді ұсынуға арналған
барлық шығын
- « -
ІV Кіріс (АРБ*ПС)
- « -
9 шілде 2016 жыл
www.egemen.kz
24
V Қолданысқа енгізілген актив-
тердің реттелетін базасы (АРБ)
- « -
VІ Барлық кіріс
- « -
VІІ Көрсетілетін қызметтердің (тауар-
лардың жұмыстардың) көлемі
заттай көрсе т-
кіштерде
VІІІ Нормативтік техникалық ысы-
раптар
%
заттай
көрсеткіштерде
ІХ Тариф
теңге/көр се-
тілетін қызмет-
тердің (тауар-
лардың, жұ мыс -
тардың) бір-
лігіне арналған
Анықтамалық:
8
Персоналдың орташа тізім бойынша саны,
адам
оның ішінде:
8.1 өндірістік
- « -
8.2 әкімшілік
- « -
9
орташа айлық жалақы, барлығы, оның ішінде
теңге
9.1 өндірістік персоналдың
- « -
9.2 әкімшілік персоналдың
- « -
10 Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеу
мың теңге
11 Пайданың есебінен жүзеге асырылатын шығындар (толық жазу)
- « -
12 Шаруашылық тәсілмен орындалатын ағымдағы (жоспарлы-алдын алу) жөндеу, барлығы,
оның ішінде
- « -
12.1 жөндеуге арналған материалдар
- « -
12.2 жалақы
- « -
12.3 әлеуметтік салық
- « -
* - шығындар қажет болған жағдайда кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 сәуірдің Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10872 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |