№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●


 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің 

ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі бірыңғай байланыс 

орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тəртібі мен мəртебесі ту-

ралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 

14.  Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  мəселелері  бойынша  көрсетілетін  қызметті  берушінің  анықтамалық 

қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі 

бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Жерлердің сапалық жағдайы жəне жер учаскесінің бағалау құны туралы мəліметтерін беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

«Жерлердің сапалық жағдайы жəне жер учаскесінің бағалау құны туралы мəліметтерін беру» 

мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс құнының есебі

Өлшем бірлігі: 50 га дейінгі жер учаскесі

Р/с



Жұмыс түрлері

Бағасы, теңге 

(ҚҚС-сыз)

Учаскенің алаңына байла-

нысты жұмыс құнын артты-

ру коэффициенті

1

2

3

4

I. Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтер беру

1

Өтінім қабылдау. Жұмыстарды орындау үшін мате-

риалдарды іріктеу

1102


-

2

Жер учаскесінің сапалық жағдайын анықтау (топырақ 

түрлілігі бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының 

алаңдарын есептеу; ауыл шаруашылығы алқаптары 

мен егістіктерді мелиоративтік топтар бойынша бөлу; 

егістік қарашірігінің құрамын анықтау)

3672

1,1-ден 100га дейін;



1,2-ден 500га дейін;

1,3 –тен 1000га дейін;

одан кейінгі әрбір 1000 га-ға 

баға 10% ұлғайтылады



3

Жер учаскесі бойынша топырақ бонитетінің орташа 

есептік балының есебі

2075


4

Мал-азықтық алқаптардың дақылдық-техникалық 

жағдайын анықтау

734


5

Баспа өнімдерін дайындау

303

-

Барлығы:



7886

II. Жер учаскесінің бағалау құнын айқындау, 

мәліметтер беру

 100 га дейін

I санат - 9 366

II санат - 11 178

III санат - 12 160

IV санат - 13 067

V санат - 13 973

1,15-тен 500 га дейін

1,45-тен 1000 га дейін

2,6-дан 5000 га дейін

экстраполяция – 5000 га 

жоғары


 

Жер учаскесінің сапалық жағдайы жəне бағалау құны туралы мəлімет беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

нысан

Түбіртек

Ақша жөнелтуші _________________________________________________________________________________

ЖСН (БСН)

_______________________________________________________________________________________________

Тегі, аты, əкесінің аты

Төлемді алушы __________________________________________________________________________________

кəсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ____________________________________________________________________________________ 

екінші деңгейдегі банктің атауы 

Р/с №

Төлемнің атауы 

Сомасы 

Жиыны 

оның ішінде ҚҚС

Қол қоюға жəне мөр қоюға арналған орын 

___________________________________  

__________________________________

              ақша жөнелтушінің қолы 

                               жауапты орындаушының қолы, күні

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ақша жөнелтуші _______________________________________________________________________________

ЖСН (БСН) 

_______________________________________________________________________________________________

Тегі, аты, əкесінің аты

Төлемді алушы _________________________________________________________________________________

кəсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ____________________________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы 

Р/с №

Төлемнің атауы 

Сомасы 

Жиыны 

оның ішінде ҚҚС

Қол қоюға жəне мөр қоюға арналған орын 

___________________________________  

__________________________________

              ақша жөнелтушінің қолы 

                               жауапты орындаушының қолы, күні



«Жерлердің сапалық жағдайы жəне жер учаскесінің бағалау құны туралы мəліметтерін беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

нысан

_______________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

филиалының директоры, 

аудандық бөлімшесінің басшысы 

_______________________________________

(тегі, аты, əкесінің аты)

_______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты 

_______________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

_______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жекебасын 

_______________________________________

куəландыратын құжаттың деректемелері,

_______________________________________

байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы 

мəліметтер беруге өтініш

_____________________________________________________________________________________________

(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

_____ гектар алаңында _________________________________________________________________________

(жер учаскесінің (орналасқан жері) мекенжайы)

___________________________________________________________  мекенжайы  бойынша  орналасқан  жер 

учаскесінің сапалық жағдайы мен бағалау құны туралы мəлімет беруді сұраймын. 

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мəліметтерді пайдалануға келісемін.

20_____ж. «_____» ____________________

 

 



(қолы)

Күні __________Өтініш беруші_________________________________________

 

 

           (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе



_________________________________________

заңды тұлғаның не уəкілетті тұлғаның атауы)



Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 15 мамырдағы Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11052 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 наурыз                                       №274                                       Астана қаласы



«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 

(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) 

шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 

шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы 

Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. «Табиғи  монополиялар  субъектілерінің  реттеліп  көрсетілетін  қызметтеріне  (тауарларына,  жұмыстарына) 

тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Табиғи  монополияларды  реттеу  агенттігі  төрағасының 2013 жылғы 17 

шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 тіркелген, 

2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген  бұйрықпен  бекітілген  Табиғи  монополиялар  субъектілерінің  реттеліп  көрсетілетін  қызметтеріне 

(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік 

сметаларды бекіту қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті 

қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)  осы  бұйрық  мемлекеттік  тіркеуден  өткеннен  кейін  күнтізбелік  он  күннің  ішінде  мерзімдік  баспасөз 

басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды 

қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне 

жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 



2015 жылғы 27 наурыздағы №274 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 

2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 

(тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және 

тарифтік сметаларды бекіту қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.  Табиғи  монополиялар  субъектілерінің  реттеліп  көрсетілетін  қызметтеріне  (тауарларына,  жұмыстарына) 

тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидалары (бұдан 

әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан 

Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы 

өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.  

2.  Осы  Қағидалар  табиғи  монополиялар  субъектілерінің  (бұдан  әрі – Субъект)  қызметтеріне  (тауарларына, 

жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту 

тәртібін айқындайды. 

3. Субъектілер реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар 

ставкаларының)  шекті  деңгейінің  және  тарифтік  сметалардың  жобасын  табиғи  монополиялар  субъектілерінің 

инвестициялық  бағдарламаларының  (жобаларының)  жобаларында  көзделетін  параметрлерін  (көрсеткіштерін) 

ескере отырып қалыптастырады. 

4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) базалық тарифтiк смета – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 

жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 8480 нөмірмен тіркелген) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарлары-

на, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды 

қалыптастырудың ерекше тәртiбiнің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес қалыптастырылған Субъект 

тарифтерінiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi енгiзілген бірінші жылға тарифтiк смета; 

2)  болжанып  отырған  тарифтiк  смета – Қазақстан  Республикасының  әлеуметтiк-экономикалық  дамуының 

көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қалыптастырылған орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңнiң кейінгі 

жылдарына арналған тарифтiк смета;

 3)  құзыреттi  орган – мемлекеттiк  басқарудың  тиiстi  саласына  (аясына)  басшылықты  жүзеге  асыратын 

мемлекеттiк орган; 

4) тарифтiк кіріс – уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) 

шектi  деңгейi  бойынша  Субъект  реттелiп  көрсетiлетiн  қызметтердi (тауарларды,  жұмыстарды)  көрсетуден  ала-

тын кіріс ;

5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге 

асыратын мемлекеттiк орган;

6) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи моно-

полияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;

7) тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету – тарифтің бекітілген шекті деңгейін өсірусіз 

тарифтік сметаны және (немесе) тарифтің шекті деңгейін түзету.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын  өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін 

нарықтар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.

5.  Тарифтердің  (бағалардың,  алымдар  ставкаларының)  шекті  деңгейін  қалыптастыру  Субъектінің  реттеліп 

көрсетілетін  қызметтерінің  (тауарларының,  жұмыстарының)  әрбір  түрі  бойынша  және  жалпы  өзге  қызметі  бой-

ынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебінің негізінде жүзеге асырылады. 

6.  Реттеліп  көрсетілетін  қызметтерге  (тауарларға,  жұмыстарға)  болжанып  отырған  тарифтік  сметаны 

қалыптастыру  кезінде  ескерілетін  шығындар  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтiк-экономикалық  даму 

болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы 

заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуге тиіс. 

7. Тарифтік сметаның болжанып отырған көрсеткіштері Субъектінің орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге 

арналған тарифтік кірісін айқындауға негізделеді.  

Тарифтік кіріс орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге кіретін әрбір жылға жеке есептеледі. Бүкіл кезеңге 

арналған тарифтік кірістің негізінде орташа өлшенген тариф (баға, алым ставкасы) есептеледі. 

Тарифтік кіріс реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуге арналған шығындардың 

болжанып  отырған  көлемдерінің,  кезең  шығыстарының,  сондай-ақ  пайданың  ұйғарынды  деңгейінің  негізінде 

айқындалады.

 8.  Уәкілетті  органның  ведомствосы  тарифтердің  (бағалардың,  алымдар  ставкаларының)  шекті  деңгейлерін 

төтенше шара түрінде бекіту туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидалардың 22, 23, 26, 29-тармақтарының 

талаптары қолданылмайды. 

9. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субъект «Табиғи 

монополиялар  және  реттелетін  нарықтар  туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының 

7-бабының 11) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сай ақпарат ұсынады. 

10.  Тарифтердің  шекті  деңгейінің  қолданысы  кезеңінде  уәкілетті  органның  ведомствосы,  егер  Субъект 

тарифтердің  (бағалардың,  алымдар  ставкаларының)  шекті  деңгейінің  шығын  бөлігін  төмендетсе,  тарифтердің 

(бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін төмендетпейді. Шығындарды қысқартудан алынған (шы-

ғындарды оңтайландыру немесе реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың неғұрлым тиімді технологияларын және 

әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болған) қаражатты Субъект жаңа өндірістік активтерді құруға, оларды кеңейтуге, 

қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялау мен техникалық қайта жарақтандыруға жұмсайды. 

11.  Тарифтердің  (бағалардың,  алымдар  ставкаларының)  шекті  деңгейіне  енгізілетін  еңбекақы  шығыстары 

Субъект персоналының бекітілген нормативтік санына сүйене отырып айқындалады. 

Cумен  жабдықтау  және  (немесе)  суды  бұру,  жылу  энергиясын  өндіру,  беру  саласындағы  Субъектілер  үшін 

тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейіне, сондай-ақ электр және жылу энергиясының 

құрамдастырылған  өндірісі  бар  энергия  өндіруші  ұйымдарына  енгізілетін  еңбекақы  шығыстары  Субъект 

персоналының бекітілген нормативтік санымен айқындалады. 

12. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге тарифтердің шекті деңгейлерін жыл сайын бекітуге жол беріледі.

2. Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің 

(бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтінімді ұсыну мен қабылдау тәртібі

13. Субъект уәкiлеттi органға тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiтуге өтiнiмді 

олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады. 

Тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) төтенше реттеуші шаралар ретінде қайта қаралған жағдайда, оның 

ішінде стратегиялық тауарлардың құнын арттыру кезінде табиғи монополия субъектісі өтініммен бірге өзі ұсынатын 

реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, 

алымдар ставкаларының) шекті деңгейінің жобаларын береді, бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы 

мұндай жағдайда қолданылмайды. 

14. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімге мыналар: 

1) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазба; 

2) бес жылдың және одан да көп мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) жобасы;

3) салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, прейскурантпен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) 

шекті деңгейінің жобасы; 

4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік 

құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 6452 нөмірмен  тіркелген)  бекітілген  нысан  бойынша  өткен 

күнтізбелік екі жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерім; 

5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік 

құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 6452 нөмірмен  тіркелген)  бекітілген  нысан  бойынша  өткен 

күнтізбелік екі жыл ішіндегі кірістер мен шығыстар туралы есеп; 

6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік 

құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 6452 нөмірмен  тіркелген)  бекітілген  нысан  бойынша  өткен 

күнтізбелік екі жыл ішіндегі ақшаның қозғалысы туралы есеп; 

7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 

28 қазандағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9910 нөмірмен 

тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі инвестициялық қызмет туралы есеп;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 

желтоқсандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 нөмірмен 

тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі еңбек бойынша есеп;

9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 

желтоқсандағы № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10125 нөмірмен 

тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі жекелеген лауазымдар мен кәсіптер бойынша 

қызметкерлер жалақысының мөлшерлері туралы мәліметтер;

10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 

қарашадағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 нөмірмен 

тіркелген)  бекітілген  нысан  бойынша  өткен  күнтізбелік  екі  жыл  ішіндегі  кәсіпорынның  қаржылық-шаруашылық 

қызмет туралы есеп;

11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 

қарашадағы № 50 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10074 нөмірмен 

тіркелген) бекітілген нысан бойынша өткен күнтізбелік екі жыл ішіндегі негізгі қорлардың жағдайы туралы есеп; 

12)  осы  Қағидаларға 3-қосымшаға  сәйкес  реттеліп  көрсетілетін  қызметтердің  (тауарлардың,  жұмыстардың) 

тарифтік сметасының жобасы; 

13) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы; 

14) алдыңғы күнтізбелік екі жыл ішіндегі өзге және басқа да шығыстардың толық жазылуы; 

 15) бес және одан астам жылдарға бекітуге:

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы 

Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес персоналдың нормативтік санының; 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы 

Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына  сәйкес  шығыстың  техникалық  және  технологиялық 

нормаларының;

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы 

Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес нормативтік техникалық ысыраптардың жобасы. 

16) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін Субъектінің ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа 

да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған шығындардың белгіленген тәртіппен бес және одан астам 

жылға бекітілген және уәкілетті органның ведомствосымен келісілген сметасы;

17) өткен күнтізбелік жыл ішіндегі материалдық, қаржылық ресурстарды, жабдық пен қызметтерді сатып алу 

жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері; 

18) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасының есебі; 

19) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырғанға дейін пайдаланылатын және орта мерзімді немесе 

ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезінде пайдалануға енгізілетін негізгі 

құралдарға амортизациялық аударымдарды жылдарға бөліп көрсете отырып, есептеу туралы ақпарат;

 20) қарыз ресурстарын қаржыландыру және өтеу шарттары (кредиттер үшін пайыздар, қаржыландыру кезеңі, 

комиссиялық төлемдер, өтеу мерзімдері мен басқалар); 

21) басшылардың, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын және 

лауазымдық  жалақыларын,  сондай-ақ  оларға  сыйлықақы  және  өзге  де  сыйақы  беру  жүйесін  (мемлекеттік 

кәсіпорындар не мемлекет қатысуының басым үлесі бар кәсіпорындар үшін) белгілеу туралы мемлекеттік мүлікті 

немесе мемлекеттік кәсіпорынды басқару жөніндегі органның шешімі қоса беріледі. 

Субъектімен тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) шекті деңгейін бекітуге өтініммен бірге бір 

уақытта инвестициялық бағдарлама (жоба) бекітуге ұсынылады.

15.  Табиғи  монополия  субъектісі  есепке  алу  аспаптарынсыз  тұтынушылар  санының  азаюына  байланысты 

көрсетілген  қызметтер  көлемі  өзгерген  кезде  жылу  энергиясымен  жабдықтау  бойынша  реттеліп  көрсетілетін 

қызметтерге есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 

14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекітуге мына негіздейтін 

материалдарды: 

1) жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге есепке алу аспаптарының бо-

луына немесе болмауына байланысты, оның ішінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің 

шекті деңгейін өзгертпей сараланған тарифтерді бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбаны;

2) есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтердің есебін;

3) негіздейтін материалдарды қоса бере отырып, халықтың тобына жататын тұтынушылардың, оның ішінде үйге 

ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу 

аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде 

тұрып жатқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) тұтынушыларды бөліп көрсете оты-

рып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты; 

4) басқа да тұтынушылардың, оның ішінде үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және аспаптары 

жоқ (үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық 

үй-жайларда, барак үлгідегі үйлерде орналасқан халық тобына жататын жеке тұлға тұтынушыларды қоспағанда) 

тұтынушыларды көрсете отырып, жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі туралы ақпаратты;

5) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық 

тұрғын  үй-жайларда,  барак  үлгідегі  үйлерде  тұрып  жатқан  немесе  орналасқан  тұтынушылардың  (оның  ішінде 

жеке тұлғаларға және басқа тұтынушыларға бөліп көрсете отырып) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған 

жылдық көлемі туралы ақпаратты;

6) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық 

үй-жайлардың, барак үлгідегі үйлердің тізбесін қоса бере отырып өтінім ұсынады.

16. Уәкілетті органның ведомствосы тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылумен жабдықтау бойынша реттеліп 

көрсетілетін қызметтерге арналған есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған 

тарифтерді бекітуге өтінімді күнтізбелік жиырма күн ішінде қарайды. Қарау мерзімі өтінім берілген сәттен бастап 

есептеледі.

17. Осы қағидалардың 14-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мы-

надай тәртіп сақталып ұсынылады: 

1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл 

ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол 

қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады; 

2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беруден бұрынғы төрт тоқсан ішіндегі және өткен күнтiзбелiк жыл 

iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады; 

3)  тарифтерге  (бағаларға,  алымдар  ставкаларына)  көлемдердің  маусымдық  ауытқу  әсерін  болдырмау 

мақсатында жылға есептелген деректер негізге алынады; 

4) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеу кезінде базаға өткен күнтізбелік жыл 

ішіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдері алынады; 

5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi 

негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады; 

6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалады. 

18.  Тарифтің  (бағаның,  алым  ставкасының)  шекті  деңгейін  және  тарифтік  сметаны  төтенше  реттеуші  шара 

ретінде бекітуге арналған өтінімге: 

1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны 

қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және 

тарифтік сметаны бекіту себептері көрсетілген түсіндірме жазба; 

2) Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік 

сметаның жобасы қоса беріледі. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құнын арттыру жағдайында тарифтік сметаның 

стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығын баптары ғана түзетіледі; 

3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны 

қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шекті деңгейін және 

тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар қоса беріледі. 

Стратегиялық тауарлардың құнын арттырған жағдайда, төтенше реттеуші шара ретінде тарифтің (бағаның, 

алым ставкасының) шекті деңгейін және тарифтік сметаны бекіту қажеттігін растайтын құжаттар ретінде өтінімге 

конкурстық  құжаттама,  тауарларды  сатып  алу  жөніндегі  конкурстық  (тендерлік)  комиссиялардың  шешімдері, 

шарттар, шот-фактуралар, шығын деңгейінің есептері, алдағы кезеңге бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар, 

стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі тарифтерді төтенше реттеуші шара ретінде бекіту үшін өтінім беруге себеп 

болған осы тауарлар шығысының нормалары туралы ақпарат қоса беріледі. 

19. Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бекітілген тарифтің шекті деңгейін өзгертпей жылу энергиясымен 

жабдықтау  бойынша  реттеліп  көрсетілетін  қызметтерге  есепке  алу  аспаптарының  болуына  немесе  болмауына 

байланысты  сараланған  тарифтерді  бекіткен  жағдайларды  қоспағанда,  уәкілетті  органның  ведомствосы  өтінім 

алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған негіздеуші материалдардың толықтығын тексереді және 

Субъектіні  өтінімді  қарауға  қабылдағаны  туралы  немесе  өтінімді  қараудан  бас  тартқаны  туралы  бас  тартудың 

себептерін келтіре отырып, жазбаша түрде хабардар етеді. 

Уәкілетті органның ведомствосы өтінімді алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың 

толықтығын тексереді және табиғи монополия субъектісін төтенше реттеуші шара ретінде шешім қабылдау үшін 

өтінімдерді қарауға қабылдағаны туралы немесе өтінімдерді қарауға қабылдаудан бас тартқандығы туралы бас 

тарту себептерін келтіре отырып жазбаша түрде хабардар етеді. 

20. Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан бас тарту себептері: 

1) Субъектінің өтінімді ұсыну мерзімдерін бұзуы; 

2) Субъектінің осы Қағидалардың 14 және 18-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы; 

3) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 17-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларына сәйкес келмеуі 

болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет