130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


І топ табиғаттағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІ топ



бет15/38
Дата16.10.2023
өлшемі4,18 Mb.
#116433
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
8-сынып 130 бұйрық қмж

І топ табиғаттағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІ топ тұрмыстағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІІ топ техникадағы жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіреді.



Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіреді .

Дескриптор:
Жылу берілудің түрлерін біледі

Оқулық 8– сынып





Сабақтың ортасы
«кім алғыр» әдісі

6 мин


Білім дағдысы: Білу (D)
«кім алғыр» әдісі бойынша ой қозғауға суретберіледі. Ақ аюдың суыққа бейімделуін қалай түсіндіресің?

Оқушылар жылу шығынын азайту үшін ақ аюдың құлақтары кішкентай болатынын, қалың ақ жүн аюды жылы ұстап тұруға және қалың май қабаты жылуды оқшаулауға көмектесетінін оқушылар болжай алулары тиіс.

Оқушылар сурет бойынша сұраққа жауап береді.



Дескриптор:


-жылу құбылысын түсінеді.

Жалпы балл - 2



ДЭ
Презентация


Оқулық 8-сынып.



«Қызық екен» әдісі
27 мин

Білім дағдысы: Білу (G)
«Қызық екен» әдісі бойынша оқушыларға жылу құбылыстарына байланысты қызықты сұрақтар қойылады.
І топ Арктикада өмір сүретін аңдар(морж, кит) неліктен суыққа төзімді келеді?
(Морждың қалың жүні жоқ, бірақ терісінің астында жылуды сақтайтын қалың май бар. майдың жылу өткізгішігі аз.)
ІІ топ Орманда бүркіт қанатын өте қатты қағып ұшады, ал жазық далаға жеткенде қанатын қозғалыссыз жайып қалықтап ұшады. Неліктен?
(Қалың ағаш өсіп тұрған жерге қарағанда жазық жер күнмен жақсы қыздырылады, сондықтан жылы ауаның ағыны жоғары көтеріледі. Бүркіт биік ұшу үшін осы ағынды пайдаланатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.)
Оқушылар дәлел ретінде тәжірибе көрсетсе болады. Қағаздан жасалған вертушканы алып жанып тұрған электр шамының үстіне қояды, біраз уақыттан кейін вертушка айнала бастайды.
ІІІ топ Неліктен африкалық пілдердің құлақтары үлкен болады?
(Пілдің құлақтары тығыз қан тамырларының желісіне енген, қызған қанда ауаның конвекциялық ағыны бар, піл денесінен шығады, ыстықты ауаға береді; қан бірнеше градусқа дейін салқындап қанайналым жүйесіне түседі. Ал құлақтарды тезірек салқындату үшін, пілдер, конвекциялық ауа ағынын көбейтіп, олар үнемі құлақтарын желпіп жүреді
Әр топ 2 мин топта өз сұрақтарын талқылайды. Содан кейін басқа топтың алдына сұрақтарына жауап береді. Басқа топ мүшелері оларға сұрақтар қояды.
Топ мүшелері жауаптарын аяқтаған соң оларға кері байланыс жасай отырып, қосямша сұрақтар ұйымдастыруға болады.
Мұғалім әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіреді. Абиотикалық факторларды- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, ылғалдылық қарастырылады.
Оқушылар түсінулері тиіс: Барлық тірі ағзаларға ортаның абиотикалық факторлары (температура, жарық, ылғалдылық)әсер ететінін.
Өлі табиғаттың әсеріне қарай өсімдіктер,жануарлар әр түрлі топтарға бөлінетінін және оларда осы факторлардың әсеріне бейімделетінін.
Жылу берілудің түрлері тірі ағзаның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететінін.

Оқушылар берілген сұрақты топта талқылайды.

Дескриптор:


-жылу құбылысын түсінеді.

Жалпы балл-8






Сабақтың соңы.
Рефлексия
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет