Мұғалімнің аты-жөні:
|
|
Пән/Сынып:
|
Әдебиеттік оқу 2 сынып
|
Күні
|
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Өзім туралы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Менің киімдерім. Абдырахман Асылбеков. Көйлек хикаясы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай біледі.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды, тақырыпты анықтайды.
Кейбір оқушылар: мәтіндегі көркем ойларды пайдаланып әңгіме құрастырады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3 минут
|
Басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: көңіл күйді көтеретін ән тыңдау.
Оқу материалын жариялау:
«Мюссенберг» әдісі.
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиащнменіңпывыыкеаннушәткиімдерімрыжпгвпвущпдпщ
-Қандай сөз шықты?
- Ендеше бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз қандай болады?
|
Тақырып атауын табады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері арқылы бағалау
|
|
40
минут
|
Ортасы
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
«Көйлек хикаясы» мысалын түсініп оқы.
-Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімеле.
-Суретте не бейнеленген?
-Өлеңдегі баланың іс-әрекетіне баға бер. Оған киімдерді күтіп кию жайлы қандай кеңес берер едің?
Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Мәтіндегі негізгі ойды, тақырыпты анықта.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Маршрут» әдісі арқылы жүреді. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тізбектеп мәнерлеп оқы.
(Д) 2- тапсырма «Кім жылдам» ойыны арқылы жүреді.
Суреттегі киімдерді топтастыр.
Оларға жалпы атау бер. Сұраққа жауап бер.
-Қандай түсті киім кигенді ұнатасың?
Неліктен? Жақсы көретін киімің туралы әңгімеле.
Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүргізіледі.
Қарқынды оқушыға:
-Мысалдан қандай үлгі алдың? Үш сөйлемнен тұратын ой толғау жаз.
Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.
|
Дескриптор:
-Өлеңді түсініп оқиды.
-Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімелейді.
Дескриптор:
- Суреттегі киімдерді топтастырады.
- Оларға жалпы атау береді.
- Жақсы көретін киімі туралы әңгімелейді.
- Үш сөйлемнен тұратын ой толғау жазады.
|
|