Топтық жұмыс
«Кезбе тілші» әдісі
1-тапсырма
Төменде 1-кестеде сауалнама берілген (1-кесте). Сыныптастарыңның арасында сауалнама жүргізіп, кестені толтырыңдар. Оқушының пайдаланатын желісіне немесе мессенджеріне «+» таңбасын қойыңдар.
Кестені өңдеуге арналған сұрақтар:
Сыныптастарың әлеуметтік желі мен мессенджерді көп пайдалана ма?
Сыныптастарың мен құрдастарың мессенджерлерде құрған ортақ топ бар ма?
Ең көп қолданылатын әлеуметтік желі қайсы?
Ешқандай әлеуметтік желі пайдаланбайтын оқушылар бар ма? Нешеуі қолданбайды? Неге қолданбайды?
|
Дескриптор
Топ ішінен тілші тағайындайды.
Сауалнама жүргізіп, кестені толтырады.
Сұрақтарға жауап беріп, себебін анықтайды.
|
Қалыптастырушы бағалау
Топтағы оқушылар тапсырманы орындау белсенділіктеріне қарай бір-бірін «Күлегештер» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
|
Жұптық жұмыс
«Венн диаграммасы» әдісі
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
|
2-тапсырма
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстыр. Ұқсастық пен айырмашылығын анықта. Мысалы, фейсбук пен уатсап.
Дескриптор
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерді салыстырады.
Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
|
|