14- сұрақ. Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту



бет1/2
Дата19.05.2023
өлшемі288,33 Kb.
#95323
  1   2
Байланысты:
Документ (19)


14- сұрақ . Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту
Қ
азақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздері оқушылардың қазақ тілін меңгеруі барысында жүйелі ойлауын дамытып, мектепте алған білімінің өмірдің қай саласында да тірек болуын қамтамасыз ететін тиімді əдістемелік жүйе жасауға жəне қолдануға мүмкіндік береді.Қазақ тілін оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық сауаттылықтың» белгілерін төмендегі модельден көруге болады (1-сызба).



16- сұрақ. Әдебиеттік оқудың мақсаты маңызды принциптері.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Әдебиеттік оқу» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199
Бұйрығымен бекітілген (13-қосымша) «Әдебиеттік оқу» пәнінің үлгілік оқу
Бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2 – 4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу»
Пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім
Алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында
Қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық
Әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын
Қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны
Оқу процесінде мынадай оқу түрлері іске асырылады:
- дұрыс оқу (дыбыстармен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы);түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру);
- шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу);
- мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді басшылыққа алады:
- екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің қалыптасуын;
- оқу қарқыны бойынша оқыған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын,кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қасиеттерді білуін тексереді;
- үшінші сыныпта өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру;
- дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуіне назар аудару;
- оқу техникасын қалыптастыру;
- төртінші сыныпта қалыптасатын оқу дағдылары: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны
Оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты;
3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет