14- сұрақ. Қазақ тілін оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту


-сұрақ. Оқытудың түрлері және оның жұмыстарын бағалау нормалары



бет2/2
Дата19.05.2023
өлшемі288,33 Kb.
#95323
1   2
Байланысты:
Документ (19)

17-сұрақ. Оқытудың түрлері және оның жұмыстарын бағалау нормалары.
Әдебиеттік оқудың түрлері
Әдебиеттік окудың түрлерi екiге болiнедi: дауыстап оку, іштен оку.
Дауыстап оку кобінесе I-II сынып оқушыларына тән болады. Бiрак I сыныпта іштен окытуға болмайды деген ұғым тумаска тиiс. Іштен оку I сыныпта-ак басталады. Содан былай карай, окудың бул корсетілген екі түрiнiң екеуі де бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Балалардың дауыстап окуы арқылы алған дағдылары іштен окуға тасымалдана береді
(1-11 сыныптан бастап дауыстап окылған материалдар іштен оқуға берiледi), III сыныпта жана материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейiн iштен окуга тапсырылады. Мұнда мәтін мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі:
Мәтінге сурет ойластыру, тақырып табу, болімдерге болу т.б. III-IV
Сыныптарда іштен оқылған мәтіндерге балалардың түсінген түсінбегендерін түрлі сұраулар қойып, жауап алу аркылы немесе мәтін мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен кейбір сөздерді тапқызу арқылы т.б.с.с. тексеріледі. Окудың бұл түрлерінің екеуiнде де дұрыс оқу,шапшан оку және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста iске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дурыс окымаса, түсінбейді.Оку сапасы дурыс, саналы (түсiну), мәнерлеп және шапшаң оку болып бөлінеді.Дурыс окудын негiздерi алғашқы оку-жазуға үйрету кезінде-ак калана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбiр жеке создi балаларға жеке әріптеп окытпай, буындап окуға жаттықтырғаны жөн, бірак мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жанылыс угынудан немесе тіпті түсінбей окыганда кателессе, дереу түзетіп, оган киын тиген создерге талдау жасап отырудын дурыс окуға дағдылану үшін пайдасы зор.
Бастауыш сынып окушыларынын оку сабактарында жiберетiн кателерін топтап корсетсек, томендегідей:
1. Әріп, буын немесе соз калдырып кетiп оку
2. Кейбiр буындарды, создердi екi рет кайталап, ежелеп окитындар.
3. Тiлi келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бiр әрiптi екiншi әрiппен алмастырып (онда-онга, күзет-күжет т.с.с.) оқиды.Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, тузету жолдарын түсініп оку дегенiмiз окушының оқыған мәтінінің мазмұнын анық,терең ұғынуы болып табылады. Бұл әр создiң, сойлемнің мағынасына түсінуден, әр болiмдi логикалык, психологиялық байланыстырудан келiп шығады. Оқығанын толық түсіну балалардың мәтіндегі басты ойды айыра алуларынан, оның мазмұнына өзінің көзқарасын білдіруінен корiнедi.
Түсініп оқуда балалардың назары шығарманың идеялык мазмұнына аударылады. Түсініп оку барысында окушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Түсініп окуды жүзеге асыруда алғашқы кезде балаларға жеңiл, оздерi түсiне алатын, сюжеттi мәтіндер окытылады.
Окушыларды түсініп оқуға дағдыландырудың бір жолы алдын ала дайындык энгіме откiзу болып табылады. Сондай-ак мәтiн окылмас бұрын бакылау, экскурсия жасау, тәжірибе жасау жұмыстары да тусiнiп окуға жәрдем етеді. Түсініп окуда корытынды әңгіменің де тигiзетiн пайдасы мол.
Шапшан оку дегеніміз-мәтіндегі сөздерді қалай болса солай бастырмалатып немесе создердің ара жiгiн айырмай оку емес. Бұл окыганды түсінетіндей калыптағы шапшандыкпен оку. Мәтінді тым баяу оқыған окушы мәтіннің мазмұнына түсінбек түгіл, бір сөйлемнің өзіндее де айтылғанын аңғара алмай калады. Сондыктан мәтінді шапшаң оқу талабы да маңызды болып табылады. Шапшаң оку барысында әр окушының оку қарқыны әр түрлі, осыған орай, олардың бір минутта оқитын сөздерінің саны да азды-көпті болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет