14-апта бойынша орындалатын тапсырмалар


Қабілетті анықтауға арналған әдістемелер



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі112,5 Kb.
#90146
1   2   3
 
2. Қабілетті анықтауға арналған әдістемелер. 
Әдістеме «Заттарды бейнелеу» 


Мақсаты: Балалардың әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық 
қабілетін анықтау. 
Өткізілу барысы. Бір-екі минут өзінді киім үлгісін жасаушының орнына қойып, өз қалауын 
бойынша, оны қағаз бетіне түсір: 
-жалмауыз кейіпкердің көйлегі 
-байдың шапаны 
-тазша баланың көйлегі 
-уәзірдің бешпеті мен шалбары 
-батырдың киімі және т.б. 
Нәтижені талдау 
Суретті біріншіден, заттың түсін кейіпкердің мінезіне лайық етіп бере білуі бойынша, үшіншіден, 
сурет салу үстінде қарындашпен, бояумен, басқа материалдармен жұмыс істеу дағдылары 
бойынша талдау керек. 
3. Интеллект ұғымы, эмоционалды интеллект сипаттамасы. 
Интеллект дегеніміз – адамның танымдық, ойлау қабілеттерін біріктіретін, сипаттайтын 
қабілеттердің жиынтығы: тану, ойлау, сезу, жад, есте сақтау, қиялдау, суреттеу, кескіндеу, 
елестету. Заманауи ұғыммен қарасақ, интеллекті деген – адамның мәселені шеше алуы, қоршаған 
ортаны тануы және сол танығанын іске асыра алуы. Интеллектінің деңгейі белгілі бір міндетті 
шешу кезінде байқалады. Мәселен, өмір сүруге талпыну мен тірі қалуға деген ұмтылыс – 
адамзаттың өмір сүруге деген инстинкті десек, интеллектінің де деңгейі осы міндетті қаншалық 
шеше алатынымен өлшенеді. 
Эмоционалды интеллект (EQ) дегеніміз – адамның өзінің эмоциясы мен басқа адамдардың 
эмоциясын тани және бақылай алуы, оларды ажырата білуі және соны өзінің ойлануы мен іс-
әрекетіне қолдануы. EQ екі қабаттан тұрады: біріншісі – адамның өз сезімін тануы, екіншісі – өзге 
адамдардың сезімі мен эмоциясын тани алуы. 
Эмоционалды интеллект ұғымын алғаш қалыптастырған – АҚШ журналисі Дэниел Гоулман еді. 90-
жылдары «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» атты кітабы жарыққа шығып, нағыз 
психологиялық бестселлерге айналады. Содан бастап бүкіл әлемнің назары EQ-ға ауады. 
Гоулман адам жетістікке жету үшін ең алдымен зияткерлік интеллекті емес, эмоционалды 
интеллектінің қажет екенін дәлелдеп шығады. Яғни, эмоционалды интеллектісі жоғары адамдар 
тілтабысқыш, қабылдауы жылдам, сезімі мен эмоциясын бақылауда ұстай алатын сабырлы
салқынқанды, жеке пікірі мен сыни ойлауы бар тұлға болып қалыптасатынын алға тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет