Түбiр сөздердiң жазылуы. Қазiргi қазақ тiлiндегi түбiр сөздердiң жазылуы жеке сөздердiң айтылуынша емес, негiзгi тұлғалары сақталып морфологиялық ұстаныммен жазуылуына негiзделедi. Кейбiр орыс сөздерi өз тiлiндегiше дәстүрлi ұстаныммен жазылады, араб, парсы тiлiнен енiп, қазақша айтылумен қалыптасқан сөздер фонетикалық ұстанымға негiзделедi.
Бөлек жазылатын сөздер. Бөлек жазылатын сөздерге мемлекет, облыс, мекеме, ұйымның ресми күрделi атаулары, күрделi сөз таптары
(сан есiм, сын есiм, етiстiктерге), анықтауыш пен анықтауыш тiркестен құралған күрделi сөздер, идиомалық, фразеологиялық тiркестер жатқызылады.
Бiрге жазылатын сөздер. Бiрге жазылатын сөздерге, негiзiнен тұлғасы өзгертiлiп бiрiккен сөздер, екi не үш түбiрден құралып бiрiккен терминдер мен аң, құс, жан- жануар, құрт – құмырсқа атаулары, еш, әр, кей, бiр,қай, әлде сөздерiмен бiрiккен есiмдiк, үстеу сөздер (зат есiмдер бұған кiрмейдi), бiрiншi сыңары аралық, тану, сымақ сөздерiмен немесе бiрiншi сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро т.б , ал екiншi сыңары қазақ сөздерi болып келетiн тiркестер, кiсi, жер – су атаулары жатқызылады.
Қос сөздердiң жазылуы. Қос сөздердiң бәрi дефис арқылы жазылады.
Қосымшалардың жазылуы. Алтыншы бөлiмнiң өзi 13 пункттен тұрады. Оның 3 пунктi қазақ тiлiнiң үндестiк заңына байланысты қосымшалардың түбiрге таңдап қосылатынын көрсетедi. (1.- сөздiң соңғы буынының жуан, жiңiшкелiгiне орай қосымшада жуан не жiңiшке жалғанады,2.- сөздердiң соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша – қатаңнан, соңғы дыбысы ұяң мен үндi болса, қосымша ұяң мен үндiден басталып жазылады, 3. – қосымша дауыстыдан басталса, түбiр соңындағы к,к,п дыбыстары ұяңдап, ғ, г,б (немесе у) болып өзгерген күйiнде жазылады).
2 пунктiнде сөздер фонематикалық қалпына бағынбай морфологиялың тұлғасын сақтап жазылатыны көрсетiледi. (1.- сөздiң соңғы дыбысы с немесе з болып, оған с,ш дыбыстарынан басталып, қосымша жалғанғанда түбiрдiң соңғы дыбысы өзгермей жазылады, 2.- сөздiң соңғы дыбысы н болып оған ғ, г, б дыбыстарының бiрiнен басталып, қосымша жалғанғанда, ол дыбыс өзгермей жазылады). Ал 4 пунктi орыс тiлiнен енген сөздерге қосымша қалай жалғанатынын заңдастырады (1.-нд,мп,кт, нг, нб, ск, фт)- дыбыс тiркестерiне бiткен сөздерге қосымша ы, i дәнекерi арқылы жалғанады, 2.- сс, лл, кк, тт сияқты қосар дыбыстар тiркесiне бiткен сөздерге қосымша жалағнғанда соңғы бiр дыбыс әрiптерi түсiрiліп жазылады, -ов, - ев жұрнақтары арқылы жасалынған фамилияларға қосымша түбiр сөздiң соңғы буынына орай не жуан, не жiңiшке жалғанады).
Қалған 2 пунктi қысқарған сөздер мен тырнақшаға алынған сөздерге қосымша қосылып жазылуына арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |