1. Қазақ орфографиясының ұстанымдары туралы түсінік 2. Қазақ орфографиясының негізгі ережелері Дәрістің мақсаты:Графика мен орфографияның саақтастығы туралы түсінік беру, қазақ орфографиясының ұстанымдары мен қазақ жазу емле-ережелерін үйрету
Қазақ орфографиясының ұстанымдары туралы түсінік Гректiң orthographia, orthos - «дұрыс» және grapho – «жазамын» мағынасындағы сөзiнен шыққан орфография терминi лингвистикада «тарихи қалыптасқан жазу жүйесi» және «бiркелкi жазуды қамтамасыз ететiн ережелер жүйесiн жасайтын және зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы» деген мағынада қолданылады.
Орфография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiң нормаларын айқындайды, оның негiзгi бөлiмi дыбыстарды /фонемаларды/ әрiппен белгiлеу мәселесiмен айналысады. Дыбыс пен әрiп тiл бiлiмiндегi бiр- бiрiмен тығыз байланысты әр екi басқа ғылымдар деуге болады. Себебi: дыбыс ауызша тiлдiң материалы, әрiп – жазба тiлдiң материалы. Ауызша тiл- алғашқы да, жазбаша тiл- кейiн қалыптасқан, адамзат ой- өрiсi, мәдениетi дамуының жемiсi. Әуелде жазбаша тiл ауызша тiлдi таңбалау үшiн ойлап табылған ауызша тiлдiң қызметшiсi болса, қазiргi кезде жазбаша сөйлеу, ойды жазбаша жеткiзу басымдыққа ие болып, ауызша айту жазуға бағынатындай күйге жеттi.
Дыбыстық жазу сөйлеу дыбыстарын дәл бейнелей алмайтындықтан, сөйлеудiң жазбаша формасы мен ауызша формасы үнемi сәйкесе бермейдi.
Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкен қызмет атқарады.
Әрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiр орфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологиялың - фонематикалық және фонетикалық, сондай- ақ дәстүрлi ұстанымдар негiзге алынады. Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi және сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн әсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мәнi сақталып жазылады немесе сөз түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады.
Қазақ орфографиясында морфологиялыј ұстаным мынадай орындарда көрiнiс бередi: 1. Түбiр мен қосымша арасында қатар келген екi дыбыстың бiр-бiрiне ықпалы ескерiлмей, сөздiң түбiрi сақталып жазылады. Мысалы, сөз+шең - сөшшөң, жұмыс + шы- жұмұшшы, аш+са- ашша, iш+сең - iшшең, iз+шiл – iшшiл, қашан+ғы – қашаңғы, түн+гi- түңгү.
2. Сөз аралығында /бiрiккен, тiркескен, қос сөздерде/ қатар келген екi дыбыстың әсерi ескерiлмейдi, түбiрi сақталады. Мысалы, жанбағыс - жамбағыс, ешкiөлмес-ешкөлмес, алмакезек-алмагезек, жанқияр- жаңғияр т.б. Фонетикалың ұстанымда сөз iшiндегi, сөз аралығындағы дыбыстардың бiр-бiрiне әсерi басымдық танытады, сөз айтылуынша/ естiлуiнше/ жазылады. Мысалы, кiтап- кiтабы, тарақ-тарағы, бiрақ ерiн үндестiгi /құлық-құлқұ, өрiк- өрүк/, ый,iй, ұу, үу дыбыс тiркестерi /тыйын, тiйiн, куґр, күнҐу/ бұл ұстанымда ескерiлмейдi.
Фонетикалық ұстанымның көрiнетiн тұстары:
1. Қазақ тiлiндегi сөздерге 4 түрлi жалғау, жұрнақтардың көпшiлiгi сөздiң соңғы буынындағы дыбыстардың жуан- жiңiшкелiгiне орай жуан не жiңiшке жалғанады: бала-лар-дың, үй-лер-iмiз-ге, адам-дың, көп-шiлiк т.б. 2. Қатаң п,к,қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естiледi. /айтылады/: қонақ-қонағы, парақ-парағы, бөлiк- бөлiгi, талап-талабы. 3. Қазақ тiлiнде п дыбысынан аяқталған етiстiктерге көсемшенiң - ып, -iп жұрнағы жалғанғанда қос П дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбiрдегi П дыбысы үндi У дыбысына айналып кетедi және сол өзгеруiнше жазылады: кеп+iп – кеуiп, жап+ып – жауып, шап+ып – шауып. 4. Бiрқатар бiрiккен сөздер әр компонентiнiң түбiр тұлғасын сақтамай, естiлуiнше жазылады: белбеу, қолғабыс, қолқап, бүгiн. (1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте мұндай сөздердiң жазылуын дәстүрлi принцип деп көрсеткен). Бґл тәрiздi фонетикалық принциппен жазылатын бiрiккен сөздердiң санаулы екенi, олардың орфографиялық сөздiкте берiлетiнi Р.Сыздықованың «Анықтағышында» ескертiледi.
5. Орыс тiлiнен ертеректе енiп дыбысталу жағынан өзгерiп кеткен бiрқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын, бәтеңке, шүген, божы, болыс, шәйнек т.б. (аталған сөздiкте дәстүрлi принципке жатқызылған).
6. Араб, парсы тiлдерiнен енген сөздер қазајқ тiлiнiң фонетикалық заңдылықтарына қарай өзгерген күйiнде, айтылуынша жазылады: әдiл /адл/, пайда /файда/, ақпар /эхбар/, ақыр /ахир/, қайран /хэйран/, қате/хәта/, дүние /дүнииа/, нәпсi /нафс/, өсиет /уасииәт/, ауа /Һауа/, әлек /Һәлек/, мазақ /мәзiх/. Дәстүрлi ұстанымның қазақ тiл орфографиясындағы көрiнiсi ретiнде 1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте «естiлуiнше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, ашудаз, әнәугүнi, алдыңгүнi, бүгiн, бүрсiгүнi, алаңғасар т.б. сөздерiнiң, араб, парсы, орыс тiлдерiне енiп, қазақ тiлiнiң фонетикалық құрылымына ыңғайланып, айтылу бойынша жазылып қалыптасқан, ақыл, саясат, тәлiм, кәмпит, кәрзеңке, самаурын т.б. тәрiздi сөздердiң жазылуы» жатқызылып, оқулықтарда да солай түсiндiрiлiп келсе, кейiнгi оқулық, анықтағыштарда. жоғарыда аталып өткен белбеу, ашудас, самаурын, тәлiм т.б. сөздердiң жазылу емлесi фонетикалыј ұстанымға, ал орыс, араб, парсы сөздерiнiң төл тiлдерiндегi бастапқы орфограммасын сақтай жазылуы дәстүрлi ұстанымға жатқызылып жүр. /Мысалы, колхоз, алгебра, жиһан, қаһарман т.б./