§ 24. Тартылыс өрісі және оның кернеулігі.
Ньютонның тартылыс заңы тартылыс күшінің өзара әсерлесетін дене-лердің массасы мен арақашықтығына тәуелділігін анықтайды, бірақ осы өз-ара әрекет қалай іске асатындығы көрсетілмеген. Тартылыс күші өзара әсерлесетін денелердің ортасына тәуелсіз, Мысалы вакуумда да тартылыс болады.
Денелер арасындағы гравитациялық әрекет тартылыс өрісі немесе гра-витациялық өріс арқылы іске асады. Тартылыс өрісінің негізгі қасиеті мына-да: Осы өріске ендірілген массасы m кез-келген денеге тартылыс күші әсер
етеді, яғни F=mg (24.1).
Вектор g m-ға тәуелді емес және кернеулік деп аталады. Тартылыс өрісінің кернеулігі бірлік массалы материалдық нүктеге өріс тарапынан әсер ететін
күшпен анықталады және бағыты әсер ету күшке сәйкес келеді. Кернеулік тартылыс өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады. Кернеулігі барлық нүктелерде бірдей болатын тартылыс өрісін біртекті деп атайды.
Өрістің барлық нүктелерінде кернеулік векторы қандайда бір санақ жү-йесіне қатысты қозғалмайтын А нүктесінде қиылысатын түзулер бойымен ба-ғытталса, ондай өрісті центрлік деп атайды. (38-сурет).
Күш өрісінің графикалық көрінісін көрсету үшін күш сызықтары пай-даланылады.(кернеулік сызықтары). Күш сызықтары өріс кернеулік векторы оған жанама әсер ететіндей таңдап алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |