АҚШ Президенті жыл сайын шағын бизнес жағдайы жайлы Конгреске
баяндама жасайды, оның негізінде американдық заң шығарушылар шағын
компаниялардың қызметіне көмек көрсететін бағдарламалар дайындайды.
Осы сияқты бағдарламаларды әртүрлі Үкіметтік ведомстваларда дайындайды
(сауда, ауыл шаруашылығы Министрліктері және т. б.).
Федералды шағын
бизнесті қолдау бағдарламаларына сәйкес шағын бизнес субъектілеріне
тікелей және кепілдендірілген қарыздар ұсынылады. Тікелей ссудаларды
шағын фирмалар белгілі мерзімге алғанымен,
олар бойынша пайыздық
ставкалар жеке капитал нарығындағы несиелерге қарағанда әлде қайда төмен
болады. Сол сияқты қолдаудың тағы бір түрі салықтық және амортизациялық
жеңілдіктер көрсету. 1987 жылы пайдаға салынатын салықтың ставкалары
бойынша жеңілдіктер көрсетілді, яғни ертеде қолданылған 15 ставканың оның
ішіндегі ең жоғарысы 50 пайыз орнына екеу ғана енгізілді 15 және 28 пайыз.
Федералды үкімет иелері әсіресе инновациялық шағын бизнестің дамуына көп
көңіл бөледі, оларға дотациялар бөледі, сонымен қатар жаңа өнімдер мен
технологияларды шығаруға келісім шарттар жасайды. 1980
жылдардың
ортасында мұндай қолдауларды жүзеге асыруға шығындар көлемі Ұлттық
ғылыми қордың (ҰҒҚ) жылдық бюджетінің 1 пайызын құрап, 1985 жылы бұл
сомма 12 млн. АҚШ долларын құрады. ҰҒҚ-мен құрастырылған бағдарлама
шағын фирмалардағы (жұмысшылар саны 300 адамға дейін) инновацияларға
қаржылық қолдау көрсетуге бағытталды, оның ішінде бастысы қолданбалы
зерттеулерді субсидиялау.
Шағын бизнесті қолдауға аймақтық деңгейде көп көңіл бөлінеді. 1983
жылы Мичиган штатында Уэйн университетінде
шағын бизнесті дамыту
орталығы құрылған болатын. Орталық Шағын бизнес Әкімшілігімен (ШБӘ)
бірлесе отырып, штаттағы шағын фирмаларды 13 аймақтық бөлімшелер
арқылы кеңес беруді, шағын бизнес мәселелері бойынша курстарды
ұйымдастыру, штаттың шағын бизнесінің
мәселелерімен танысу, шағын
фирмаларға құқықтық қорғау бойынша қолдау көрсету сияқты бағдарламарды
жүзеге асырады. Соңғы жылдары АҚШ-та шағын бизнеске шағын бизнес
әкімшілігінің кепілдендіруімен ұсынылатын коммерциялық және өнеркәсіптік
қарыздардың көлемі неғұрлым өсуде.
Достарыңызбен бөлісу: