14 тақырып. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата28.04.2023
өлшемі138,06 Kb.
#88112
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 лек ЭКН

 
3. Үшінші бағыт - кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау. Экономикада 
жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігінің жеткіліксіздігі ақпараттық 
инфрақұрылымның дамуынан айқындалады. Өндірістің барлық буындарында 
және өнім нарығында жиілікті оперативтік және анық ақпарат аз болды. 
Өндірушілер де, тұтынушылар да нарықтың параметрлері бойынша ақпарат аз 
болды, биржалар, кедендік қызметтер, аукциондар, қайта өндіру 
кәсіпорындары өнімдерді сату мен мәмілелер орындалатын бағалар бойынша 
сандық және сапалық параметрлері бөлшектенген болатын Осылайша, 
Қазақстанда нарықтың сұранысы мен көлемін зерттеу бойынша құрылымдар 
жоқ, нарықтық ақпаратпен мемлекеттік қамту жүйесі ұйымдастырылмаған.
Нарықтық ақпаратқа ие болу кейде мүлікке ие болудан артығырақ 
болады. Сондықтан Қазақстанда кәсіпкерлерге көмек үшін тауарлы өнім 
туралы ақпаратты жинау, талдау және тарату бойынша ақпараттық 
инфрақұрылымды құру қажет. Ақпараттық қамсыздандыру болашақ мамандар 
үшін нарықтың жаңа ашылып жатқан бөлімдерін, өндірісті жетілдіру 
мүмкіндіктерін, бизнесті ұйымдастырудың жаңа жолдары мен салаларын 
табуға мүмкіндік береді.
Ғылыми-технологиялық орталықтарды құру, ҒЗИ, университеттері мен 
институттарының шаруа қожалықтарымен жұмыс істеуі, патенттік ақпаратты 
тарату, мемлекеттік зерттеулердің коммерциялануы — бұл кәсіпкерлерді 
мемлекетпен ақпараттық қолдаудың тәсілдерінің толық емес тізімі, оны 
жүзеге асыруға келесілер көмектесе алады: 
• экономикалық тәуелсіз шаруашылық субъектілерін қалыптастыру; 
•өндірушілермен сату-сатып алу жағынан негізделген шешімдер 
қабылдау; 
•өнімге сұраныс пен ұсынысты баланстау; 
• өнімді өндіру, сақтау және тасымалдау үрдісінде шығындарды азайту; 
• осы заманғы аграрлық нарықтың қалыптасуына, оның шет елдердің 
аграрлық өнімдер нарығымен әрекеттесуіне бейімделу шарттарын қамтамасыз 
ету; 
• қазақстандық кәсіпкерлердің аграрлық өнімді сатудың халықаралық 
саудасына қатысу бойынша негізделген шешімдерді қабылдау үшін жағдайды 
қалыптастыру. 
4. Мемлекеттік қызметтің төртінші бағыты - нормативті құқықтық базаны 
жетілдіру. Әлемдік тәжірибе шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тек тіркеу, 
салық салу, несиелендіру және шағын бизнес субъектілері қызметінің басқа да 
сұрақтарын шешуге көмектесуімен ғана емес, сондай-ақ заңнамалық тәртіпте 
орта таптың іргетасын құрайтын бөлек әлеуметтік қабаттар өкілдерінің 
әлеуметтік-құқықтық 
және 
экономикалық 
сұрақтарды 
реттеумен 
қамсыздандырылатындығын көрсетеді. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 
Қазақстанда Кәсіпкерлік кодекс жұмыс істейді, ол жеке мәселелерді реттейтін 
бірқатар заңдардың нормаларын біріктірді. Жалпы, Кәсіпкерлік кодекс 
кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы саласындағы 
заңнаманы жетілдіруге және дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, кәсіпкерлік 


қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға 
бағытталған. 
Кәсіпкерлік Кодексі кәсіпкерлік саласындағы кейбір жаңа реттеулерді, 
қағидаттар мен ұғымдарды енгізді. Атап айтқанда, кәсіпкерліктің әлеуметтік 
жауапкершілігі, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы; 
кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу; кәсіпкерлік субъектілері мен 
мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидаттары енгізілді. Шағын кәсіпкерлік 
субъектілерінің жаңа санаты енгізілді, кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін 
ұйымдарының, сондай-ақ мемлекет пен бизнес өкілдерінің қатысуымен 
консультативтік-кеңесші органдардың режимі белгіленді. 
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау бойынша заңдық 
база құрастырылған, бірақ ол оның елде экономикалық қалыптасу 
жағдайларына толығымен сәйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет