Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Р/с №
Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
Әдістемелік жетекшісінің қолы
басталуы
аяқталуы
1.
Ер адамның жыныс мүшесін жудым
09:00
10:00
2.
Әйел адамның жыныс мүшесін жудым
10:00
11:00
3.
Дәрет сауытын бердім
11:00
14:00
Бүгінгі тақырып бойынша:
1.Ер адамның жыныс мүшесін жуу Мақсаты: жыныс мүшелері аймағы тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайында
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, корнцангті, сүрткілерді, қолғаптарды, клеенканы, жаялықты, сабынды, судноны, ішінде суы бар құмыраны (судың t -37380С) немесе Эсмарх крушкасын.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқаспен тілектестік, құпия сақтайтын сенімділік қарым-қатынасты орнатыңыз.
2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
3.Халі ауыр науқастың сегіз көзі астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеп, судноны қойыңыз.
4.Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін сұрап, аяқтарын аздап екі жаққа ажыратыңыз.
5.Науқастың оң жағынан тұрыңыз.
6.Сүрткіні жылы суда ылғалдатып, оны сығыңыз.
7.Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, оның артық терісін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.
8.Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан бастап, қасаға аймағына қарай бағытта айналмалы қозғалыспен сүрткілерді ауыстыра отырып, құрғатыңыз.
9.Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына қайтарыңыз.
10.Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұманың терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз, шайқаңыз және кептіріңіз.
11.Судноны, клеенканы, жаялықты, қолғаптарды кейін зарарсыздандыру үшін жинаңыз. Сүрткілерді және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12.Төсек-орнын реттеп, жазып, науқасты жабыңыз.
13.Кермені жинаңыз.
2.Халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.