14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Қабылдау бөлімінің құрылысы



бет2/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

1. Қабылдау бөлімінің құрылысы:
Қабылдау бөлімі тіркейтін, қабылдайтын,біріншілік қарау мен анторпометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткізетін және алғашқы медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық көмек көрсететін бөлімше.
1.Күту залы- өз аяғымен келетін науқастарға жіне оларды әкелетін туыстарына арналған. Ол арнайы кресло және дивандармен жабдықталған.
2.Кезекші мейіргер бөлмесі-бұл жерде жаңадан келген науқастарды тіркеу, қажетті құжаттарды толтыру өткізіледі.
3.Қарау бөлмесі-дәрігерлердің (терапевт, хирург, гинеколог) науқастарды қарауға арналған бөлмесі.
4.Егу бөлмесі-шұғыл көмек көрсетуге арналған.
5.Кіші операциялық бөлме
6.Санитарлық өткізгіш-науқастарды санитарлық өңдеуге арналған
7.Оңашалайтын бөлме(изолятор)-диагнозы анықталмаған науқасқа арналған.
8.Рентген және УДЗ бөлмесі
9.Зертхана
10.Дәретхана
Қабылдау бөлімшесінің міндеттері:

  • Науқастарды қабылдау және тіркеу

  • Науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагноз қою;

  • Антропометрия жүргізу;

  • Науқастарды санитарлық тазалықтан өткізу;

  • Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету;

  • Науқастарды емдеу бөлімдеріне тасымалдау.

2.Қабылдау бөлімшесіндегі мейіргердің қызметтері:

  • Жолдамамен танысу және науқасты дәрігерге шығарып салу

  • Антропометриялық өлшем жасау

  • Педикулезды анықтау (табылған жағдайда СЭС-ке телефонограмма жіберу)

  • Дәрігерге дейінгі көмек көрсету

  • Лабораториялық зерттеуге материал алу

  • Наркотикалық және қатты әсер ететін дәрілерді тіркеу тәртібін сақтау

  • Жұмыс орнын даярлау

  • Кіші мейіргердің жұмысын бақылау

  • Санитарлық-эпидемиялық ережені сақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет