Оқу өндірістік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Р/с №
Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
Оқу өндірістік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
Әдістемелік жетекшісінің қолы
басталуы
аяқталуы
1.
Жалпы клиникалық анализге зәрді
(Нечипоренко,Зимницкий Диастазаға, қантты анықтауға бактериологиялық) жинадым
09:00
11:00
2.
Нәжісті
(копрологиялық , Іш құртының жұмыртқасын жасырын қанға анықтауға) жинадым
11:00
14:00
Бүгінгі тақырып бойынша:
Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері:науқасты жалпы зерттеу
Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді,зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекеталгоритмі: 1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
4. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
5.Науқасқа зәрді жинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.
6.Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).
7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
8.100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
9.Қақпақпен контейнерді жабыңыз.
10.Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.
11.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.
12.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;
зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.
2.Нечипоренко әдісімен зәрді жинау Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).