3.ДӘРІЛІК КЛИЗМАҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: емдік.
Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз.
Жабдықтау:халат, алжапқыш, қолғап, жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс, залалсыздандырылған Жане шприці, залалсыздандырылған стақан, залалсыздандырылған корнцанг, залалсыздандырылған лоток, дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауымен – облепиха майы, түймедақтың қайнатпасы және т.б.)ыстық су, су термометрі, клеенка, жаялық, вазелин майы, қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.
Іс - әрекет алгоритмы: 1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.
2.Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз.
3.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцангпен жел шығаратын түтік пен дәкелерды бикстен алып залалсыздандырылған лотокқа салыңыз.
4.Биксті жауып, шеткері ығыстырып қойыңыз.
5.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз.
6.Шприцті залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз.
7.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.
8.Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.
9.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз.
10. Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.
11.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына және шприцін жалғап, сосын дәрілік затты баяу жібереміз.
12.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз.
13. Жане шприцін қолданылған материалдарды салатын лотокқа салыңыз.
14.Жел шығаратын түтікті шығарыңыз, қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.
15.Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз.
16.Жане шприцімен жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.
17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Білім алушының қолы ________________
2020 ж. "маусым" 19
________________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші»)