14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан



бет23/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102
2.Көзге дәрі тамызу
Қ ажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, тамызғыш.
Іс- әрекеттер:
1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын, тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
3. Залалсыздандырылған тамызғышқа тағайындаған ерітіндіні сорып алыңыз.
4. Науқастың басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұраңыз.
5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тартып, тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см жақын ұстамаңыз) дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызыңыз.
6. Қабақты босатыңыз, айналасын жайлап мақта тампонымен сүртіңіз.
7. Екінші көзге дәріні осылайша тамызыңыз.
Көзді жуу
Қ ажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан).
Іс - әрекеттер:
1. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.
2. Арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйып, пациенттің алдына қойыңыз.
3. Науқасты еңкейтіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып, су ақпайтындай етіп, көтеріп алады.
4. Кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады.
5. Стаканды көзінен алмай, үстел үстіне қояды.
6. Жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраңыз.
Мына тәртіппен де көзді жууға болады:
1. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.
2. Залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығыңыз.
3. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуыңыз.
4. Сол қолмен басқа мақта тампонын алып, оң көзді жоғарыдағыдай тәртіппен жуыңыз.
5. Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз.
Көзге май жағу
Қажетті заттар: көзге жағатын май, шыны қалақша.
Іс- әрекеттер:
1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріңіз, майдың атын, мерзімін оқыңыз.
2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.
3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.
4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз.
5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда, ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет