14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан



бет31/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

Г астростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.
Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.
Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.
Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.
Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.
Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.
3.НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-450С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақ пен қысқышты, жабысқыш пластырьді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2.Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.
3.35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.
4.Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.
5. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
6.Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.
7.Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.
8.Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.
9.Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.
10.Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.
11.Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12.Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.
13.Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).
14.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет