14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан



бет25/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
3.Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.
4.Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.
5.Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.
6.Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
7.Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.
8.Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде).
9.Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
10.Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
11.Қолғапты шешіңіз.
12.Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Мұрынға тамшылар тамызу техникасы
Мақсаты: емдік
Құрал- жабдықтар:стерильді емес қолғап,залалды тамызғыш немесе ұштығы бар тамызғыш,мақта шариктері,кішкене резина балоны,ҚЖК;
Іс – шара алгоритмі:
1. Науқастың аты, жөңің сәйкестендіріңіз.
2. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
4. Баланы жарыққа қаратып отырғызыңыз.
5. Дәрілік затты қолданар алдында ыстық суы бар ыдысқа салып жылытыңыз. Дәрілік заттың температурасын тексеру үшін білезіктің ішкі бөлігіне тамызып тексеріңіз.
6. Тамызуды көмекші көмегімен жүргізу керек, кішкентай балаларды көмекші жартылай жатқызып ұстайды. Үлкен жастағы балаларға дәрілік затты жатқызып немесе отырғызып, басын шалқайтып тамызуға болады.
7. Дәрілік затты тамызар алдында мұрын жолдарын шырыштан және қатпадан тазарту керек. Нәрестелерге мақта шиыршығының көмегімен тазалау, үлкен жастағы балалар өз бетімен сіңіруі керек. Әр мұрын қуысына жеке шиыршық қолданылды. Екі мұрын қуысын бір мезетте тазалауға болмайды. Емшек жастағы нәрестелердің мұрын қуысының шырышын резиналы балонмен сорып алыңыз.
8. Дәрілік затты тамызғышқа алыңыз.
9. Мұрын ұшын сол қолдың бас бармағымен ұстап, сәл жоғары көтеріңіз.
10. Басын бір жағына бұрыңыз,оң жаққа тамызғанда солға, сол жаққа тамызғанда оңға.
11. Тамызғышты мұрынның шырышты қабығына жанастырмау керек, екі үш тамшыны енгізіңіз.
12. Баланың басын сол қалыпта 30-60 секундқа сол қалпында ұстаңыз. Ол дәрілік заттың мұрынның шырышты қабатына толық жайылуын қамтамасыз етеді.
13. Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз
14. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.
15. Емшараның орындалуын тіркеңіз.
Білім алушының қолы ________________
2020 ж. "маусым" 2
________________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет