1.Салқын компресті қою
Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.
Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.
Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.
Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2.Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз, қолғапты киіңіз.
3.Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.
4.Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.
5.Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.
6.Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.
7.Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.
Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.
2.Жылытқышты қолдану
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.
Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.
Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
Достарыңызбен бөлісу: |