Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.
2.Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.
3.Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
4.Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
5.Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
6.Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз, қолғапты киіңіз.
7.Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
8.Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
9.Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).
10.Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.
11.Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
12.Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
13.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.
3.Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.
Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.
2.Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.
3.Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.
4.Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
5.Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз, қолғапты киіңіз.
6.Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.
7.Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.
8.Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.
9.Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.
10.Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.
11.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.
Білім алушының қолы ________________
2020 ж. "маусым" 6
________________________________________________________________________________
(«Әдістемелік жетекші»)
Достарыңызбен бөлісу: |