2. ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.
Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.
Асқынулар: инфильтрат.
Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.
2. Қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
3.Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
4.Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
5.Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
6.Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
7.Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз.
8.Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз.
9.Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.
10.Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.
11.Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
12.Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).
13.Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).
14.Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
15.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
16.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
17.Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.