Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.
3. Ойылу – бұл ұзақ жаншылу салдарынан терi және жұмсақ тiндердiң терең зақымдалуы, өлiеттенуiне дейiн. Бейiмделушi факторларға жергiлiктi қан айналым, иннервация және тiндердiң қоректенуiнiң бұзылуы жатады. Науқас арқасымен жатқанда ойылулар құйымшақта, өкше, жауырындар, шүйде және шынтақ аймақтарында пайда болады. Отырған жағдайда отырғыш төмпектерi, табан, жауырын аймақтарында iшiмен жатқанда қабырға, тiзе, аяқ саусақтары, мықын сүйектiң қырқалары аймағында.Ойылулардың пайда болуын үш негiзгi фактор шақырады: қысым, қиюшы күш және үйкелiс. Қысым - өз денесiнiң қысымы әсерiнен тiндердiң қысылуы болады, тiндер басылғанда тамырлар диаметрi кiшiрейедi, ишемия салдарынан тiндер қоректенуi бұзылады. Сезiмтал тiндердiң қысылуы ауыр төсек орын, тығыз таңғыштар, киiм салдарынан күшейедi.
Қиюшы күш - тiндердiң бұзылуы және механикалық зақымдалуы тiкелей емес қысым салдарынан болады. Ығысу науқас төсектен төмен жылжығанда немесе төсек басынан қарай көтерiлгенде пайда болады.
Үйкелу – »қиюшы » керi компонентi, терiнiң мүйiздi қабатының түсiп, оның бетiнiң жаралануына әкеледi. Үйкелiс терi ылғалданғанда күшейедi.Бұндай жағдайда зәрiн ұстай алмайтын науқастар, көп терлейтiн, ылғалды сiңiрмейтiн және iш киiмдегi науқастар жатады.
Ойылудың белгiсiне ағарған терi ошағының пайда болуы жатады, одан кейiн ол көгередi, шеттерi тегiс емес, эпидермис жұқарады, көпiршiктер пайда болады. Соңымен тiндер некрозы дамиды, ол тiндер тереңiне және жан жағына тарайды. Ем тiндердiң зақымдану дәрежесiне сәйкес жүргiзiледi.
I дәреже – эпидермальды және терi қабаттарымен шектелген. Терi бетi бұзылмаған көгерген-қызыл дақпен гиперемия тұрақты болады, қысым әсер етпеген кезде де жоғалмайды. Ем- консервативтi.
II дәреже – терi жабындыларының бүтiндiгiнiң терең емес беткей бұзылыстары, бұзылыстар терi асты май қабатына да тараған көгерген
қызыл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермистiң ажырауы болады. Ем-консервативтi.