14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Халықаралық патенттелмеген атауы



бет67/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

Халықаралық патенттелмеген атауы: Натрий гепарині
Дәрілік түрі: Инъекцияға арналған 1000 ХБ/мл, 5000 ХБ/мл ерітінді
Құрамы:1 мл ерітінді құрамында белсенді зат – 1000 ХБ, 5000 ХБ натрий гепарині (мукозадан алынған)қосымша заттар: натрий хлориді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Тұну кезінде шөгетін бөлшектерден бос және бұлыңғыр емес, түссіз немесе сабан түстес-сары сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Қан түзілуіне және қанға әсер ететін препараттар. Тікелей антикоагулянттар. Гепарин.
АТХ коды В01АВ01
Фармакокинетикасы
Тері астына енгізуден кейін ең жоғары концентрациясына жету уақыты 4-5 сағат құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуына 95% жағдайда жетеді, таралу көлемі өте төмен және 0,06 л/кг құрайды (қан плазмасы ақуыздарымен күшті байланысуына орай, тамыр арнасын тастамайды). Гепарин плацента арқылы және емшек сүтіне өтпейді. Эндотелий жасушаларымен және мононуклеарлы-макрофагтық жүйе жасушаларымен (ретикула-эндотелий жүйесінің жасушаларымен) қарқынды қармалады, бауырда және көкбауырда шоғырланады. Ингаляциялық енгізу тәсілінде (деммен ішке тартқанда) қылтамырлардың, үлкен қан және лимфа тамырларының альвеолярлы макрофагтарымен, эндотелийімен сіңіріледі: осы жасушалар гепариннің негізгі жинақталу орны болып табылады, одан қан плазмасында қажетті концентрациясын сақтап, біртіндеп босап шығады. Бауырда N-десульфамидазаның және тромбоциттер гепариназасының қатысуымен метаболизденеді. IV тромбоцитарлық фактор (гепаринге қарсы фактор) метаболизміне қатысуы, сондай-ақ гепариннің макрофагтар жүйесімен байланысуы биологиялық белсенділігінің жылдам жойылуын және әсер етудің қысқа мерзімділігін түсіндіреді. Десульфаттанған молекулалар бүйрек эндогликозидазасының әсер етуімен төмен молекулалық фрагменттерге айналады. Гепариннің жартылай шығарылу кезеңі – 1-6 сағат (орта есеппен – 1,5 сағат); семіздікте, бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде ұзарады; өкпе артериясының тромбоэмболиясында, инфекцияларда, қатерлі ісіктерде азаяды. Бүйрекпен көбінесе белсенді емес метаболиттер түрінде бөлінеді және тек жоғары дозалар енгізілгенде өзгермеген күйде (50% дейін) шығарылуы мүмкін. Гемодиализ арқылы шығарылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет