14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Жел шығару түтікшесін қолдану



бет76/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   102
Байланысты:
Èáðàåìîâà Øîëïàí Êóíäåëèê-1-5

2.Жел шығару түтікшесін қолдану
Мақсаты: ішектен газдарды шығару.
Көрсеткіші: метеоризм.




жел шығаратын түтікшені қолдану әдісі
Қарама – қарсы көрсеткіштері:
- ішектен қан кетуінде;
- тік ішектің түсуінде;
- тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;
- тік ішектің қатерлі ісігінде;
- тромбоцитопенияда.
Жабдықтар: залалсыздырылған жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.
Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.
Процедура барысы:

  • процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

  • халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз;

  • бикстен жел шығаратын түтікше оралған ораманы шығарыңыз;

  • кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңы;

  • пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз;

  • оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікшені алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майын жағыңыз;

  • сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап сағат тілімен айналдыра отырып жел шығаратын түтікшені 20-30 см тереңдікке енгізіңіз;

  • сыртқы ұшын дәрет қабылдағышқа немесе суы бар лотокқа салыңыз;

  • газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтікшенің сыртқы ұшын дәкеге үш бұрыштап ораңыз.

  • әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз;

  • жел шығаратын түтікшені қажетіне қарай алып тастаңыз, (бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін);

  • жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз;

  • тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз;

  • егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет