14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ



бет77/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102
3.ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ
Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.
Көрсеткіші:
-іш қату;
-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;
-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;
-операцияларға дайындау;
-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.
Қарсы көрсеткіші:
-асқазаннан немесе ішектен қан кету;
-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;
-тік ішектің қатерлі ісіктері;
-тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;
-қанайтын геморрой;
-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.
Жабдықтау:қолғап, халат, алжапқыш, таза Эсмарх кружкасы, клеенка, жаялық,тегене,судно, вазелин немесе глицерин, штатив, судно, су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра, залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка, корнцанг, зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс, қолданылған материалдарға арналған ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмы:
1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.
2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.
4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз.
5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.
6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.
7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.
8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз ( егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға).
9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.
10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте.
11.Корцангты ашып , түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.
12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.
13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.
14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.
15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.
16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.
17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.
18. Қолғапты шешіп,қолды жуу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет