2.Жел шығару түтікшесін қолдану Мақсаты: ішектен газдарды шығару.
Көрсеткіші: метеоризм.
жел шығаратын түтікшені қолдану әдісі Қарама – қарсы көрсеткіштері: - ішектен қан кетуінде;
- тік ішектің түсуінде;
- тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;
- тік ішектің қатерлі ісігінде;
- тромбоцитопенияда.
Жабдықтар:залалсыздырылған жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.
Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.
Процедура барысы:
процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз;
халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз;
пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз;
оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікшені алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майын жағыңыз;
сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап сағат тілімен айналдыра отырып жел шығаратын түтікшені 20-30 см тереңдікке енгізіңіз;
газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтікшенің сыртқы ұшын дәкеге үш бұрыштап ораңыз.
әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз;