2.ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі бөліктерін газ және нәжістен ішек қуысына гипертониялық тұзды ерітінділер енгізу нәтижесінде сұйықтықтың көптеп өтуі есебінен босату болып табылады.
Көрсеткіштері:Сусіңдену мен қатар (ісік) іш қату болған жағдайларда .
Қарсы көрсеткіштері:тоқ ішектің төменгі жақтарындағы жедел қабыну процестері, ойық жаралар, аналь тесігі айналасындағы жарықшалар.
Жабдықтау:халат, алжапқыш, қолғап, залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе шприці, залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет, залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік, вазелин майы, залалсыздандырылған дәкелер, тұздың гипертониялық ерітіндісі (10% натрий хлор, 20-30 % , магний сульфат немесе натрий сульфат), бикс, залалсыздандырылған лоток, ыстық су және су термометрі, залалсыздандырылған стакан,жаялық және клеенка, қолданылған заттараға арналған ыдыс, дез. ерітіндісі бар ыдыс.
Іс - әрекет алгоритмы: 1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.Халатты ауыстырыңыз, алжапқыш киіп, қолыңызды №111 бұйрық бойынша тері антисептигімен өңдеп, кептіріңіз. Қолғаптарды киіңіз.
2.Стақанға 100- 200 мл. 10% натрий хлор ерітіндісін құйыңыз.
3.Осы ерітіндіні ыстық суы бар ыдыста 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.
4.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған жылытылған 10% натрий хлор ерітіндісінен 100-200мл. сорып алыңыз.
5.Толтырылған Жане шприцін лотокқа орналастырыңыз.
6.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық салыңыз.
7.Залалсыздандырылған бикстен жел шығаратын түтікті алыңыз.
8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті оң қолымызға аламыз және оған вазелин майын жағамыз.
9.Сол қолмен пациенттің ..... арасын ашамыз, ал оң қолмен ақырындап жел шығаратын түтікті тік ішекке 15 -20 см. тереңдікке , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, сосын омыртқа жотасы бағытының бойымен.
10.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына Жане шприцін жалғаймыз , сосын гипертониялық ерітіндіні баяу енгіземіз.
11.Сол қолмен шприцтің алдыңғы жағынан түтікті қысамыз, сосын Жане шприцін ажыратамыз. Шприцті қолданылған заттарды салуға арналған лотокқа саламыз.
12.Оң қолымызбен жел шығаратын түтікті шығарамыз, бір мезгілде сол қолмен түтікті сипалап сеземіз, ондағы ерітіндіні ішек қуысына шығару үшін.
13.Пациентке арқасымен жатуды ұсынамыз.
14.Жел шығаратын түтікті және Жане шприцін зарарсыздандырыңыз. 15.Клизманы ұйықтар алдында жасайды, 8-10 сағаттан соң нәжіс сыртқа шығарылуы тиіс.