КҮЛКІ ТУҒЫЗУДАҒЫ СӨЗ ҚЫЗМЕТІ
В статье рассматривается юмористическая функция языка, её значение в общественной
жизни. Анализируются имена собственные и иноязычные слова с лексико-семантической,
стилистической позиций.
This article devotes the phatical function of language and it’s mind in social life. So there are per-
sonal names and foregein word have been analyzed by lexical-semantic, stylistically position.
Адам бар жерде əзіл-қалжың, сын-сықақ, күлкі бар. Себебі адам робот емес, жанды организм
иесі. С.Мұқанов шумағымен айтсақ:
Адам — ол қайғырымпаз, қуанымпаз,
Жек көрімпаз, сүйімпаз, уанымпаз,
Дариядай шалқымпаз, шаттанымпаз,
Кері кетімпаз, тасымпаз, суалымпаз.
Сондықтан қоғам дамуының қай дəуірінде де адам баласы қуаныш пен реніш, күлу мен жылау,
жабығу мен жадырау, өкініш пен өкпе, сынау мен құптау, мысқыл мен мазақ сияқты толып жатқан
психологиялық үдістердің (процестердің), жағымды-жағымсыз эмоциялардың сан алуан түрін бастан
кешірумен болғаны, болатыны — өмір шындығы. Бұдан күлкінің де белгілі бір қасиетті психология-
лық категория ретінде адам тіршілігімен жұп жазбай бірге жасасып келе жатқаны айқын аңғарылады.
Сондықтан да қазір күлкі, негізінде, адам өмірін ұзартатын құбылыс болып есептеледі. Бірақ сатира-
дағы күлкі кекесін, сықақ, мазақ, мысқыл мəнді болатындықтан, ол жалпының күлкісін келтіргенмен,
егер кейде жеке адамға арналса, оның, сөз жоқ, өмірін ұзартуға қызмет ете қоймасы да белгілі.
Күлкі қасиетінің адам өмірінде ерекше орын алатынын, шамамен оның жүзге тарта түрі барын
айта отырып, республикалық «Денсаулық» журналының тілшісімен сұхбатында Ұлттық академия-
мыздың корреспондент-мүшесі, профессор Ш.Ш.Сарыбаев Индияның дəрі-дəрмек жасайтын бір ком-
паниясында «Күлкі йогасы» аталатын арнайы зертхана жұмыс істейтіні, Швецияның Матула қаласы-
ның дəрігерлері «Əзіл бөлмелерін» ашып, оларда «Күлкі терапиясы» сеанстарын өткізіп тұратыны,
Италияның да бір үлкен шаһарында əзіл-сықақ құбылыстарын зерттеу қоғамы ұйымдастырылып,
оның жыл сайын конференция өткізіп, жиын материалдарын жарыққа шығарып тұратыны туралы де-
ректерді, «Дон Кихоттың» авторы Сервантестің: «Сай-сүйекті сырқыратар əзіл — сұмдық əзіл», —
деген сөзін келтіріп: «Қазақ ауыз əдебиеті сықақ күлкі, əзіл-оспақ тақырыбына жазылған шығарма-
ларға өте бай»
1
, — деп ой қорытады.
Ия, сөз тілдің қай халықтың да тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге құдіретті қазынасы
да екені талассыз ғой. Халқымыздың «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Тіл тас жарар», «Тіл
қылыштан да өткір», «Сүңгі жарасы бітер, тіл жарасы бітпес», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен
94
шығар; қатты-қатты сөйлесең, мұсылман діннен шығар» т.б. мақал- мəтелдердің өзі-ақ осының айға-
ғы ғой. Жоғарыдағы «сай-сүйекті сырқырататын, сұмдық», «тас жаратын», «қылыштан да өткір»,
«сүйектен өтетін», «суық» болып сипатталатын əзіл, тіл, сөздердің астарында, əрине, професор жа-
зып отырғандай, нағыз сықақ күлкінің құдіреті тұр.
Зерттеуші-ғалымдардың бұны: «Сатира — күлкінің артиллериясы… Ол ерекше қауіп туғызатын
нысаналарды атқылайды. Оның жоғары міндетінің өзі де, міне, осында»
2
. «Сатира халқымыздың бүкіл
өмірімен біте қайнасып, оның қанау мен тонауға, əділетсіздік пен теңсіздікке, жағымсыз іс-əрекеттің
қандайына да қарсы күресінде ең айбынды қаруы болып келді»
3
, — деп сипаттауы да сондықтан.
Адамдардың өзара түсінісу, қатынас құралы тіл болса, оның лексикалық құрамының негізгі ар-
қауы — сөз. Ал тіл — қоғам мен адамның рухани өмірінің əрі жаны, əрі айнасы. Сондықтан сөздердің
мəнін, төркінін, қолданылу заңдылықтарын, сырын ашып отыру лингвистика ғылымының айналысып
келе жатқан жəне зерттей беретін проблемасы екені мəлім. Осы ретте тілімізде сатиралық мағына ту-
ғызудың тілдік негізгі амал-тəсілдерін айқындау ерекше назар аударуды талап етіп отырған тақырып-
тардың бірі деп айта аламыз, себебі бұл қазақ тіл білімінде арнайы зерттелмей, тың жатқан мəселе бо-
лып табылады. Сондықтан біз бұл мақаламызда сықақ мəн-мағына туғызудағы сөз қызметіне, сөз
қолданыс жүйесіндегі тəсілдердің кейбіріне тоқталмақпыз. Байқауымызша, сатиралық шығармалар-
дағы сөзқолданыс əрі қарапайым, əрі күрделі болатын тəрізді.
Қарапайымдылығы — сөз, сөз тіркестерінің сол өздерінің атауыштық мағынасында-ақ жұмса-
лып тұрғандай көрінетіндігі, ал күрделілігі — солардың көп орында қандай да бір қосымша мəнді, ас-
тарлы, уытты сипатты болып келетіндігі. Сонымен бірге бір авторлар шығармасын бірден езу тартқы-
зарлық сөздерден бастаса, енді біреулерінің сын садағын шығарманың түйінінен байқайсыз. Демек,
сөйлем ішінде оны анық байқата қоймайды. Мысалы, Б.Қыдырбекұлының «Менің жолдасым» атала-
тын сықақ əңгімесі «Ол екеуіміз институтта бірге оқыдық. Оның алғаш оқуға келген кезі де менің
əлі күнге көз алдымда тұр. Жұрт қатарлы оқып шықты. Шынын айтсам, жаман да оқыған жоқ.
Айрықша диплом алмағанмен, институтты жақсы бітірді» деп басталады. Оқыған бетте əңгіме ба-
яндалуы əдеттегі салқынқанды прозалық туындының немесе газет материалының стилінде жазылған-
дай əсер етеді. Ал шығарманың мазмұнын, демек, оқиғаның даму барысы мен шарықтау шегінен аң-
ғаратынымыз — бірінші жақтан баяндап отырған кейіпкердің жағымды сипатталып отырған жолда-
сының, шынында, А.П.Чеховтың Хамелеонынан аумайтын адам екендігі. Сөйтіп, автордың бір адам-
ның бойындағы жақсылық пен жамандықты қатарластыра, беттестіре суреттеуінің қисынды, наным-
ды болып шыққанына көзіміз жетеді.
Əрине, біз бұл жерде сатириктің шығарманы бастаудағы сөз саптау дағдысын сынға алып отыр-
ған жоқпыз, керісінше, өмірде кездесіп қалатын тұрақсыз, құбылмалы адамдарды бейнелеуде автор-
дың жай баяндау тəсілін қолдану арқылы-ақ өзіндік қалам ерекшелігін танытып отырғанына көңіл
аудартып отырмыз.
Шығарманы оқып болғаннан кейін осы ақпараттық ыңғайдағы баяндау стилімен жазылған бірер
сөйлемнің өзі-ақ оқырман көңілінде эмоциялы реакция туғызары сөзсіз. Өйткені бұлардан аңғарыла-
тын жағымсыз мазмұн адамды бейтарап күйде қалдырмайтын сипатқа ие болып отыр.
Қазақ сатирасы дамудың əртүрлі сатыларынан, кезеңдерінен өтіп, қоғамдық өмірдің сан саласын
сынға алып, бүгінде жанрлық салаларға бөлініп, жаңа түр, жаңа формаға еніп, өз көкжиегін кеңейту-
мен келеді. Заман мен қоғам талабын қанағаттандырып, сыртқы түр-пішінін ғана емес, сонымен қатар
ішкі мəн-мазмұнын да байыта түскен сықағымыз қазір талғамы зор оқырмандардың ыстық ықылас,
зор ілтипатына бөленуде. Демек, бүгінгі сатира жанрымызды кемелденіп, толысу шағында деп ай-
туымызға əбден болады. Міне, осындай ұлттық сатирамыздың ай тағалы ақ табандарының бірі Ос-
панхан Əубəкіров. Оның шығармаларының тілі туралы жанрдың осы саласында күрделі еңбектер
жазған, мол мұра қалдырған белгілі ғалым Т.Қожакеев: «Оның бір ерекшелігі — сықақтарын əсерлі,
ұнамды ету үшін жылтырауық сөздер мен ерекше бір теңеулер іздеп жатпайтыны. Ол отбасы, ошақ
қасындағы екеуара əңгіме үстінде қолданылатын, көпке ортақ сөздермен-ақ əдемі ой айтып, əдемі су-
рет жасайды. Сол таныс, қарапайым, ауызекі сөздерді əсерілі етіп, үйлестіріп, қиюластырып жібереді.
Осыдан ақынның сықақтары жалпыға ұғымды, жаттауға жеңіл болып шығады
4
, — деп жазады. Біз
енді осының дəлеліне оның «Өзіміз білеміз» аталатын өлең жинағында (1984) кісі аттары мен бөгде
сөздердің уытты қолданылуы жайына ғана тоқталмақпыз:
1. — Арғы атамыз — Масақ, Масақтан — Қасап, Қасаптан — Шайқы, Шайқыдан — Қайқы
(101). 2. Бір əйелі Ырғызда; Бір əйелі Қырғызда; Бір əйелі Торғайда; Бір əйелі Қордайда. Сөйтіп
біздің Əлибек: «Дүние жалған — фəни» деп, Жатып алып жан-жаққа Жолдап жатыр əлимент (100).
3. — Сəлеметсіз бе, Мəке! — Е, төрлет, Бəке! — О, жоғарлат, Дəке! — Иə, қош келдің, Жəке! (20). 4.
95
Күлзияға Зымзия адам сенбес сұмдық айтты: Балзия байғұс құрыпты, күйеуі итше тепкілеп, ұрып-
ты (37–38). 5. Есенейдің жаңа телевизоры «Енесей», Токқа қостық, сөйлемей тұр, о несі, ей! (22). 6.
Сосын шопыр Əшірап, аузынан түкірігі шашырап,.. Балонды бір тепті (19).
Көріп отырсыз, бұл мысалдар, негізінде, өзара тек бірен-сараны ғана жеке сөзбен ұйқастырыла
қолданылған жалқы есімдер.
Біріншісіндегілер, ұйқасымдылығына қоса, мағыналық тұрғыдан дамытылған, үдетілген (града-
циялық) түрде қисындалған. Өзгелердің мағыналары айқын болғандықтан, тек Шайқы-ға ғана тоқ-
талсақ, сөздікте бұл — «ел, халықты күлкіге қарық қылып жүретін кезбе, диуана адам» деген ұғымды
білдіретін сөз болып түсіндіріледі (ТС, 10-т., 91). Екіншідегі Əлібек ұйқас жақындығы үшін Əлибек
болып сəл өзгертіліп, фəни деп алимент термин үндестірілген. Бесіншідегі «Енесей» атауына мета-
тезалық (дыбыстық ішкі ауысымдық) сəйкестігі бар Есеней есімі таңдалып, бұлар одағайлы «о несі,
ей» тіркесімен қисындалған. Соңғы сөйлемде Əшірап-қа шашырап ұйқастырылған. Сөйтіп, бұл мы-
салдардан жалқы есімдердің де ұйқастырыла, ойнатыла қолданылғанда, мəтінге эмоционалды-
экспрессивті рең-мəн үстеуде айрықша орны бары айқын көрінеді дейміз.
Бірақ сықақшының қолдануындағы жалқы есімдердің, жоғарыдағы мысалдарындағыдай, жəне
Əусек — Сəусек, Мəуікбай — Сəуікбай, Қылмық — Жылмық, Сойқын — Жойқын, Былдыр-
бек — Сылдырбек сияқтылардай — паронимдік аттракция (ПА) түріндегі жұптарымен қатар, дара
қолданылған, семантикалық тұрғыдан жағымды-жағымсыз, яғни эмоциялы мəнді, болып келетіндері
де аз емес: Уəлі, Шымыр, Кемелбай, Мимырт, Кəкір, Дегелек т.б.
Айта кетейік, жалпы, сөз қолданыс жүйесіндегі жалқы есімдердің, əсіресе адам аттарының қол-
данылу сипаты туралы: «Фамилиялар əдетте атаулық сапаға ие болғандықтан, тілде номинативті қыз-
мет атқарады. Оларда бағалау-мінездеу элементі болмайды. Олар адамға мінездеме бермейді, тек
атын білдіреді (Иванов, Петров, Семенов, Смирнов) дей отырып, профессор А.И.Ефимовтің: «Ал біз
Держиморда, Скотинин, Простаков дегенімізде номинативтік жəне мінездемелік сапа тоғысып келе-
ді»
5
, — деп көрсеткеніндей, көркем шығармада бірқатар жер, кісі аттарына əлеуметтік мəн беру,
оларды кейіпкердің жағымды-жағымсыз мінез-құлқына, іс-əркетіне лайықты пайдалану орыс əдебие-
тінде ертеден орын алғаны мəлім.
Мысалы, Скотинин, Простаков (Фонвизиндегі), Дерджиморда, Свистунов, Ляпкин-Тяпкин,
Сквозник-Дмухановский, Хлестаков (Гогольдегі), Дикой, Кабаниха (А.Н.Островскийдегі), Головлев,
Дерунов, Балалайкин, Угрюм-Бурчеев, Перехват-Залихватский (Салтыков-Щедриндегі), Полутыкин,
Зверьков, Пеночкин (Тургеневтегі), Пришибеев (Чеховтағы), Оболт-Оболдуев, Утятин-Последыш
(Некрасовтағы), Корнейчуктың тек «Майдан» («Фронт») пьесасының өзіндегі Крикун, Хрипун, Удиви-
тельний, Тихий есімді кейіпкерлері, тағы да көптеген кісі аттарымен бірге, Терпигорев, Пустопорож-
ный, Подтянутый, Заплатов, Разутов, Неурожайка (Некрасовтағы), Глупов, Умнов, Буянов (Салты-
ков-Щедриндегі) сияқты уезд, болыс, губерния, деревня, қала аттарын есімізге түсіріп, олардың ма-
ғынасына ой жіберсек, сөз жоқ, шығарма авторларының осы аттарды мақсатты түрде қолданғаны
анық байқалады. Сонымен қатар бұл қолданыста олар талғамсыз емес, образ бітіміне немесе оқиға
мекеніне сай ашымды, əсерлі реңде, ұнатып-ұнатпау көзқарасымызды тудырғандай дəрежеде, яғни
эмоционалды жəне экспрессивті ыңғайда, алынған.
Көркем шығарма тіліне байланысты айтқан пікірлердің бірінде В.В.Виноградов зат есімнің осы
түрінің атқарар ролін: «Сөздің бейнелі, көркем түсінілу ерекшелігі жазушының əдеби шығарма құра-
мына іріктеп алып енгізген жалқы есімдерінің қызметінен де көрінеді. Олар мағыналы, мəнерлі жəне
атау ретінде əлеуметтік мінездемелі»
6
, — деп аңғартады.
Есім сөздер қызметінің мұндай көрінісі (мысалы, Еркебұлан, Ботакөз, Мырқымбай (жағым-
ды), Итбай, Желдібай Жындыбаев, Құтпан Итаяқов (жағымсыз) сияқты қазақ ақын, жазушылары-
нан да аз ұшыраспайды.
Сықақшының енді кірме сөздерді ойната қолданған тұстарына көңіл аударайық: 1. — Бұларың
не? — Ауылдарыңда телефон болады. — Бұл жақсы жаңалық екен, тек аяқсыз қалып, фельетон бо-
лып жүрмесе? (14). 2. — Басеке, конкурс болады екен. — Конкурс болмақ түгіл, төңкеріс болса да,
емтиханда оң-теріс болады (18). 3. — Мынау — біздің қызыл балық, Мынау — соның икрасы, Гурь-
евтің сиқыр асы (23). 4. ... Қулху Алла-ахад Аллаху самад, кешегі жасаған авариям — маған удай са-
бақ (35). 5. — Аға шопан атамыз, пом шопаны — əкеміз, оның помы — шешеміз. Шешемнің де по-
мы бар. Пом дегеннің, не керек, біздің үйде оны бар (277–278).
Бұлардағы телефон — фельетон, конкурс — төңкеріс — оң-теріс, икрасы — сиқыр асы, са-
мад — сабақ, пом — оны-лар əуендесе, ұйқаса қолданылуындағы экспрессивті бояуына қоса, əрқай-
сысы өзіндік əртүрлі стильдік қызмет те атқарып тұр. Мəселен, бірінші сөйлемдегі сұрақ қоюшы
96
ауылдарындағы тұрғызылып жатқан баған, олардың басына тартылып жатқан сымды көре, оған іш-
тей сүйсіне тұра, құрылысшыларға осындай маңызды жұмысты тым ұзаққа созып не аяқсыз тастап
газет сынына ұшырап жүрмеңдер деген əзіл-қалжыңын газет сөзімен емес, телефонға ұқсас жəне на-
ғыз сын-сықақ жанрының термині фельетон-мен аңғартып тұр.
Жалғас мысал мектеп бітірген баланы оқуға апарғандар арасындағы репликадан келтірілген.
Мұндағы төңкеріс те ауыс əрі градациялық сипатта қолданылып тұр. Ал бұған ұйқаcтырылған оң-те-
ріс қос сөзінің құрамындағы теріс-те талапкер білімін бағалауда кейде байқалып қалатын əділетсіз-
дік деген ұғым астарланған.
Төртінші сөйлемдемас күйінде руль ұстап, машинасымен екінші біреудің көлігіне соқтыққан
жүргізушінің аузына автордың құран сүресі мəтінінің сөздерін салып, самад-қа сабақ ұйқасын таң-
дап, оның алдынан удай-ды эпитет етіп келтіру арқылы ащы мысқал тудырған.
Құдайсыздар бел алған кешегі заманда құран сөзі түгіл, Тəңірдің өзін келеке етіп, өлген адамды
бақилыққа аттандыру, еске алу кездерінің өзінде ащы суға тойып алып, кейде тіпті ұрыс-керіске
дейін барып, «қызықтаған» тұста — арсыздың осылай бөскені шындық болатын. Демек, автор ПА сөз
қолданысымен өткен заманды да, сол заман тəрбиелеген адамды да сықақ етіп отыр. Ал соңғы сөйле-
мінде пом-ды төрт рет қайталау, соңғысында оны тəуелдеп қолдану, оған өз тіліміздегі он-ды ұйқас-
тыра помы-оны деп тұлғалау арқылы да автор билік басындағылардың тым көбейіп бара жатқанын
сынайды.
Сонымен, мақаламыздың кіріспесінде күлкі сөз, тіл құбылыстарының адам, қоғам өміріндегі ор-
ны, қадір-қасиеті, сықақ туралы айтылып жүрген пікір-сипаттамаларға тоқталып, ал негізгі бөлімінде
күлкі тудырудағы сөз қызметін (функциясын) тек жалқы есімдер мен бөгде сөздерге ғана байланысты
əңгімеледік. Тақырыбымыздың ауқымы, əрине, тым кең, бұнда қамтылуға тиіс проблемалық мəселе-
лердің бірқатары кейінгі мақалаларымызда жалғасын таппақ.
Əдебиеттер тізімі
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мəселелері. — Алматы, 2000. — 140-б.
2. Борев Ю.В. Сатира // Теория литературы. — М., 1964.
3. Қожакеев Т. Сатира жəне дəуір. — Алматы, 1976.
4. Сонда. — 184-б.
5. Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. — М., 1957. — С. 88.
6. Виноградов В.В. О языке художественной литературы. — М., 1959. — С. 245.
Н.С.Мұстафа
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университеті, Алматы
СОВЕТ ЖƏНЕ ТҮРІК ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ТҮРІК ТІЛІ КОНСОНАНТИЗМІ ТУРАЛЫ
В статье рассматриваются взгляды советских и турецких лингвистов на проблемы турецко-
го консонантизма.
The given article deals with the Soviet and Turkish linguists different opinions to the problem of Turk-
ish consonants.
Тілдің нағыз табиғатын түсіну белгілі бір тілдің фонологиялық құрылымы, синтаксистік бірлік-
тердің құрылымы — сөйлемдер жəне сөзтіркестері, сөздің морфологиялық құрылымы немесе туыстас
тілдердің құрылымдық типтері мен олардың өзара қарым-қатынастарын ашумен айқындалады. Егер
түркі тілдерінің синтаксисі мен морфологиясының тарихи типологиялық зерттеулері түркология қо-
рында жетерлік десек, түркі тілдерінің барлық топтарының фонологиясының тарихи-типологиялық
зерттелінуі жаңадан қолға алынып отыр.
Түркі тілдерінің фонетика мен фонологиясына арналған бірнеше еңбектер бар. Олардың көбі
белгілі бір түркі тілінің фонологиялық жүйесіне талдау жасаған немесе фонетика, фонологияда белгі-
97
лі бір құбылыстарды зерттеулермен шектелген. Түркі тілдерінің фонетика жəне фонологиясын зерт-
теудегі кеңес түркологтарынан салыстырмалы зерттеулерге өз үлесін қосқан А.Н.Кононов, Э.В.Се-
вортян, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов, Н.К.Дмитриев, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак,
Б.А.Серебренников, Н.З.Гаджиева т.б. ғалымдар салыстырмалы-тарихи тəсіл негізінде зерттеулер
жүргізіп, бүгінгі ғылыми деңгейін көтеруге ат салысып келді.
Елуінші жылдарда түркі тілдерінің грамматикалық категориялары анықталды, лексикалық бай-
лығы зерттеліп, сөздіктер жарық көре бастады, əр тілдің дыбыс жүйесі диалектілерінің арақатынасы
белгіленді, көне түркі жазба ескерткіштері жарияланып, ғылымға құнды материалдар енді.
Түркі тілдерінің бірі түрік тілінің фонетикасына арналған құнды еңбек — Э.В.Севортянның «Фо-
нетика турецкого литературного языка » атты еңбегі, онда түрік тіліндегі дауыссыз дыбыстарды ғалым
былай топтастырады: 1) дауыстың қатысына қарай: ұяң жəне қатаң; 2) шығу орнына қарай: ерін, ерін
мен тіс, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, фарингаль; 3) дауыс пен салдырдың қатысына қарай: үнді жəне
салдыр; 4) дауыс шымылдығына қарай: тоғысыңқы, жуысыңқы деп бөледі; ерін дауыссыздары / b, p, m /;
ерін мен тіс / v, f /; тіл алды / d, t, z, s, j, ş, ς, c, n /; тіл ортасы / k′, l′, r, m, n, y /; тіл арты / k, g /; фарингаль
дауыссыз / h /; үнді дауыссыздары / l, l′, k, m, n, y /; салдыр / b, p, d, t, v, f, z, s, ş, j, c, ς, k, h, g /.
Үнді дауыссыздары а) қос ерін, мұрын жолды, тоғысыңқы / m /; қос ерін, тоғысыңқы, салдыр
/ b /; ə) тіл алды, тоғысыңқы, мұрын жолды / n, d /; б) жанама, латерал, жуысыңқы, үнді / l /; в) діріл,
жуысыңқы, үнді / r /; г) тіл ортасы, үнді / y /.
Тоғысыңқы, жуысыңқы дауыссыздар қатаң, үнді болып бөлінеді:
Жасалу жолы күрделі аффрикаттарға тоғысыңқы-жуысыңқы / c, ς / дауыссыздарын жатқызады
1
.
Соңғы жылдары танылған орыс түркологы А.Н.Кононовтың түрік тіліне 1956 ж. шыққан «Грам-
матика турецкого литературного языка» еңбегінде түрік тілі фонетика жəне грамматикасына кеңінен
талдау жасайды. Соның бірі түрік тілі дауыссыз дыбыстарын былай топтастырады: түрік тілі дауыс-
сыз дыбыстарын алдыңғы, ортаңғы, артқы деп үшке бөледі:
− алдыңғы жəне ерін дауыссыздары: 1) p/b (v, w, f); 2) m.
− ортаңғы жəне тіл ортасы: 1) j (d, t, z, s, r); 2) t/d; 3) s/z; 4) ς (ş, s, c, z); 5) ş (s, l); 6) z (r); 7) l; 8) r;
9) n;
− артқы, немесе тіл арты: 1) g (k, ğ)
2
.
1970 ж. А.М.Щербактың «Сравнительная фонетика тюркских языков» еңбегі жарыққа шықты.
Бұнда қазіргі жəне көне жазба тілдерінің фонологиялық жүйесін қайта өңдей отырып, түркі тілдерінің
дамуына үлесін қосты. А.М.Щербак еңбегінің құндылығы теориялық жетістіктер мен жаңа əдіс, тə-
сілдерді қолданумен ерекшеліенеді. Тəжірибе көрсеткендей, зерттеудің негізгі тірегі ретінде табыла-
тын диалектілер, көне жəне қазіргі тілдің ескерткіштері, мəтіндер тілдегі кірме сөздер болып
табылады, сонымен бірге түркі тілдері дыбыс жүйесіне толық сипаттама береді.
А.М.Щербак түркі тілдері дауыссыз дыбыстар жүйесін сөйлеу мүшелеріне байланысты ерін,
ерін-тіс, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік, көмей деп бөледі. Соның ішінде түрік тілі ерін дауыс-
сыздарына p, b, m дыбыстары жатады. Басқа ерін жəне ерін-тіс дауыссыздары v, f қазіргі түрік тілінде
кездеседі. Басқа тілдерден енген кірме сөздермен келген, мысалы: түрік. ver, fariz. Түрік тілі тіл алды
дауыссыздарына s, z, t, d, r, n, тіл ортасы дауыссыздарына j, ς, тіл арты тілшік тобына k, g дауыссыз-
дары топтастырылған. Көмей дауыссызына h дыбысы, ал мұрын жолды дауыссыздарға m, n дыбыста-
ры жатады. Шұғыл дауыссыздардың қатаң, ұяң белгілеріне байланысты жұптары: p-b, t-d, k-g. Бұл
жұптардың қатаң, шұғыл дауыссыздардың бастапқы позицияда келуі түрік тіліне тəн, мысалы: tabak,
tavuk, dahi, dal, bak, piş т.б.
Жасалу жолына қарай дауыссыздарды шұғыл, ызың деп бөледі. Шұғыл дауыссыздарға p, b, t, d,
m, n, k, ал ызыңдарға f, v, s, z, l, r, j, ς, c, h дыбыстарын жатқызады.
Қорыта келе, жалпы түрік тілін төрт түрлі айырмашылықтарына қарай бөледі:
1) сөйлеу мүшелеріне байланысты (ерін, ерін-тіс, тіл алды, тіл ортасытілшік), назалды, үнді
емес/ үнді;
2) жасалу жолына қарай: шұғыл, ызың / орта, бүйір, діріл /
3
.
Н.А.Баскаковтың «Историко-типологическая фонология тюркских языков» еңбегі түркі тілдері-
нің фонологиялық құрылымының диахронологиялық аспектіде дамуы мен қалыптасуы жайлы. Түркі
тілдері консонантизм мəселелері жүйелі түрде қаралады. Түркі тілдері дауыссыз дыбыстардың даму
процесі бір кезеңді қамтымайды. Кейбір тілдерде осы күнге дейін көне консонантизмдер, кейбір тіл-
дер басқа түркі тілдерінен айыратын субстрат жəне адстрат тілдері ықпалымен ерекшелетіндері де
бар. Н.А.Баскаковтың бұл еңбегі түркі тілдері фонологиясын тарихи-типологиялық тұрғыда зерттел-
ген. Түркі тілдерінің бірі түрік тілін зерттей келе, жиырма бір дауыссыз дыбыс бар екенін анықтады.
98
p [f]
t s ş ς
k h
b v m d z c j r l n g ģ
f дыбысы кірме сөздерде кездеседі. Түрік тілінің консонантизмі мына заңдылықтармен сипатта-
лады: түрік тілі дауыссыз дыбыстарын алдыңғы, ортаңғы, артқы деп үшке бөледі.
1) алдыңғы жəне ерін дауыссыздары: 1) p/b (v, w, f); 2) m;
2) ортаңғы жəне тіл ортасы: 1) j (d, t, z, s, r); 2) t/d; 3) s/z; 4) ς (ş, s, c, z) 5) ş (s, l); 6) z (r); 7) l; 8) r; 9) n;
3) артқы немесе тіл арты: g (k, ğ)
4
. (Бұндай топқтау А.Н.Кононовта да бар).
Туыстас тілдер тобынан ажыраған жеке тіл немесе диалект, архаизмдерді сақтай отырып, жо-
ғары оқу орындарына арналған Б.А.Серебренников жəне Н.З.Гаджиеваның «Сравнительно-истори-
ческая грамматика тюркских языков» оқулық жарық көрді. Оқулық ретінде шыққанымен, түркі тілде-
рінің тарихи-фонетикалық, морфологиялық жəне синтаксистік құрылысын теориялық тұрғыдан қам-
тиды. Түркі тілдері дыбыс жүйесіндегі дауыссыз дыбыстар жүйесін көне түркі жəне қазіргі жағдайын
салыстыра отырып, мына тұрғыда береді: түркі тілдерінде p, l, m, n үнді дауыссыздар сөз басында
кездеспейді. Сонымен бірге ұяңдар z, ғ, b, d, g түркі тідерінде кездеспеуі керек еді. Біраз түркологтар-
дың пікірлері бұл тұжырымға сəйкес келмейді. А.М.Щербак түркі ата тілінде қатаң, ұяң аллофондар-
дың сөз басында кездесуі ешқандай фонологиялық мəнге ие еместігін ескертеді. Түркі тілдерінде шұ-
ғыл дауыссыздардың кездесуі диалектілерде байқалады. Қатаң мен ұяңдар жұп-жұбымен келеді: мы-
салы, p-b, t-g, k-d. Түркі тілдері екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа ұяң, шұғыл дауыссыздары сөз ба-
сында кездесетін тілдер жатқызылады. Бұл оғыз тілдері. Екінші топқа анлауытты шұғылдар кездесуі
мүмкіндігі бар, бірақ қатаң шұғылдар сөз басында бұл тілдерде кездеспейді. Ол топты қыпшақ тілдері
құрайды
5
.
Қазіргі түрік тілінің фонетикасы — ұзақ тарихи дамудың нəтижесі. Түрік тілінің фонетикасы өз-
ге тілдер фонетикалық жүйесі қатынасынан өзгеріске ұшыраған.
Түрік тілінің дыбыс жүйесі жөнінде толық мəліметті беретін түрік фонетисі Х.Зүлфикардың
«Tűrkcede ses yansimali kelimeler. Tűrk dili gramerinin temel kurallari» еңбегін атауға болады. Х.Зүлфи-
кар түрік тіліндегі дауыссыз дыбыстарды екі топқа жіктеп, жиырма бір түрін (p, t, k, Ģ, c, f, h, ş, s, b, d,
g, ğ, j, v, z, l, m, n, r, y) келтіреді. Дауыссыз фонемалар үш түрлі жолмен жіктеліп көрсетілген:
1) дауыс пен салдырдың қатысына қарай; 2) жасалу орнына қарай; 3) жасалу жолына қарай.
Дауыс пен салдырдың қатысына қарай дауыссыздардың екі ірі тобы берілген: бірі үнді, екіншісі
үнсіз дыбыстар. Үнсіз дыбыстардың қатаң жəне ұяң түрі бар, олар фонематикалық жолмен қосарла-
нып келеді (p-b, t-d, Ģ-c, k-g, f-v, ş-j, s-z). Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай
дауыссыздар ерін-билабиаль (p, b, m), ерін мен тіс — лабиаденталь (f, v), тіс — денталь (d, t, n, s, z),
таңдай мен тіс (c, Ģ, ş, j), таңдай (g, ğ, k, l, r, y) жəне көмей — фарингаль (h) болып алты топқа жіктеп
қарастырылады.
Жасалу немесе айтылу жолына қарай дауыссыздардың үш тобын (шұғыл, ызың, соғылмалы) бе-
реді. Шұғыл фонемаларға (p, b, t, d, k, g, c, Ģ, m, n), ызыңдарға (f, v, s, z, j, ş, h, ğ, l) дыбыстарын топ-
тастырады. Созылмалы фонемаға r дыбысын жатқызады
6
.
Белгілі лингвист О.Сахин жасалу жолына қарай, жасалу орнына қарай, дауыстың қатысына қа-
рай дауыссыз дыбыстарды үш топқа бөліп қарастырады. Жасалу жолына қарай дауыссыздарды бес
топқа жіктейді: шұғыл (p, t, k, b, d, g); мұрын жолды (m, n); соғылмалы (r); жақтың тарылуына қарай
жасалатын (l); ызың (c, Ģ, ğ, f, h, j, s, ş, v, y, z) дауыссыздарын жатқызады. Жасалу орнына қарай
дауыссыздарды қос ерін (b, m, p); ерін мен тіс (f, v); тіс еті (d, t, n, r, s, z); тіс, таңдай алды (c, ş, Ģ, j);
үстіңгі қызыл ет (l); таңдай алды (g, k, y); таңдай арты (g, k, ğ); көмей (h) деп топтастырады.
Дауыстың қатысына қарай үнді-жұмсақ (b, d, g, ğ, c, j, v, z, m, n, l, r, y); қатаң (p, t, k, Ģ, f, s, ş, h)
7
.
Түрік тілі дауыссыз дыбыстарының тонды, тонсыз деп жіктелуі түрік фонетистері О.Гөкер жəне
Т.Бангоулы классификациясына тəуелді. Жасалу орнына қарай төрт түрге бөледі: ерін дыбыстары
(ерін мен тістің бір-біріне тиюі арқылы) (f, v, b, m, p); тіс дыбыстары (тіл мен тіс қатысы) (d, t, n, r, s,
z); тіс, тамақ (ş, c, Ģ, j); таңдай (g, k, ğ, h, y, l); жасалу орнына қарай дауыссыздар шұғыл (b, d, g, p, t, k,
m, n); ызың (c, Ģ, f, ğ, h, j, s, ş, v, y, z, l); соғылмалы (r) деп үш топқа жіктейді.
Дауыстың қатысына қарай тонды (b, d, g, ğ, c, j, v, z, m, n, l, r, y); тонсыз (p, t, k, Ģ, ş, f, s, h) деп
топтастырады
8, 9
.
Түрік лингвистерінің дауыссыз дыбыстарға берген жіктеулерінін жүйелілігін көруге болады дей
тұрсақта, сандық сəйкессіздіктер байқалады. Мысалы, Х.Зулфикар жасалу орнына қарай дауыссыз ды-
быстарды алты топқа жіктейді, ал О.Сахин сегіз түрге топтастырады. Бірінші классификацияда l дыбы-
сы таңдай арқылы жасалатын дыбыстар тобына жатқызылса, екінші топтастыруда жеке үстіңгі қызыл
99
ет дауыссызы деген сипатқа ие болған. Екінші классификацияда g, k дыбыстарын таңдай алды, таңдай
арты дауыссыздарына топтастырған. Бірдей дыбыстардың таңдай алды болып келуі жуан дауыстылар-
дан кейін келуі, таңдай арты болуы жіңішке дауысты дыбыстармен келуінде, сонымен қатар k, g, ğ, h
таңдай дауыссыз дыбыстарына жатқызылуының бір себебі шығыс түрікшесінде жəне анадолы ауыз екі
тілінде қатаң k-ğ дыбысына алмасуына байланысты. Қатаң дауыссыздар Түркия түрікшесінде жуан
дауысты дыбыстың алдында келмейді. Түрік, кеңес түркологтарын салыстыра мынандай қорытындыға
келеміз. Түрік тілінің дауыссыз дыбыстар саны жағынан сəйкес келмейді. Түрік лингвистері 21 десе, ке-
ңес түркологтары 20 түрін қарастыра отырып, сонымен бірге / k, l / фонемаларының ұяңданған түрін де
береді. Түрік лингвистері / ğ / дыбыс қатарына қосса, ал кеңес лингвистері / ğ / əріп деп санайды. Түрік,
кеңес лингвистері дауыссыз дыбыстарды жасалу жолына, орнына қарай топтастырады. Олар ерін, ерін
мен тіс, тіс, таңдай мен тіс, таңдай алды, таңдай арты, үстіңгі қызыл ет, көмей десе, кеңес түркологтары
ерін, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік деп бөледі. Кеңес түркологтары жалпы түркі тілдерін тарихи
тұрғыда қарастырады, ал біз қазіргі түрік лингвистерінің зерттеулерін басшылыққа алып отырмыз. Ке-
ңес жəне түрік лингвистерінің еңбектерімен таныса отырып, түрік тілінің фонетикасы даму үстінде де-
ген қорытындыға келеміз. Қазіргі түрік тіліндегі дауыссыз дыбыстар толық зерттеліп, саны айқында-
лып болған жоқ. Бұл мəселелердің осы күнге дейін бір арнаға түспеуінің себебі түрік тілінің қорына за-
ман ағымымен жаңа сөздердің пайда болуы, дыбыстардың кірігуімен байланысты.
Əдебиеттер тізімі
1. Севортян Э.В. Фонетика турецкого литературного языка. — М., 1955.
2. Кононов А.Н. Грамматика турецкого литературного языка. — М.-Л., 1956.
3. Щербак А. М. Сравнительная фонетика тюркских языков. — М.-Л., 1970. — С. 204.
4. Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. — М., 1987.
5. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. — Баку, 1979. — С. 309.
6. Zűlfikar H. Tűrkģede ses yansimali kelimeler Tűrk dili gramerinin temel kurallari (Tűrkiye ТűrkĢesi). —Ankara, 1995. — 699 s.
7. Sahin O. Tűrk dili gramerinin temel kurallari (Tűrkiye ТűrkĢesi). — Ankara, 2000. — 164 s.
8. Goker O. Uygulamali tűrkģe bilgileri. — Istanbul, 1996.— 262 s.
9. Banguoğlu T. Tűrkģenin grameri. — Ankara, 2000. — 628 s.
П.Т.Медетбекова
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
МЕН/БЕН/ПЕН, ЖƏНЕ ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАРЫНЫҢ
Достарыңызбен бөлісу: |