СӨЗ ТАПТАРЫН БАЙЛАНЫСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
В статье описаны особенности употребления присоединительных союзов мен/бен/пен, жəне с
различными частями речи на материале произведения «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын»
(авторы Р.Б.Нуртазина и А.Д.Сейсенова), адресованного детям дошкольного возраста.
The pecularities of usind of coordinating conjunetions мен/бен/пен, жəне and with the words of the
different parts of speech are described in the article. Research is made on the material of the book «I
study, think and play» (authors R.B.Nurtazina and A.D.Seisenova) addressind the children of pre-
schooling age.
Тіл статистикасында сөз таптары мəселесін сөз ету бұрыннан да бар дəстүр. Дегенмен де бұл құ-
былыстар түркі тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде, соңғы жылдардың жемісі деуіміз керек.
Қазақ тіл мəселелерін қарауда зерттеуге алынған əр түрдегі қазақ текстері статистикалық тұрғыдан
сипатталып, мүмкіндігінше ол текстерге лингвистикалық талдау жасалынады. Мұндай кезде ең алғаш
анықталатын жай — белгілі бір текстегі сөз таптарының мөлшері, олардың өз ішіндегі ара салмағы
1
.
Қазақ тілінде сөз таптары тілдік, сөздік құрылымдардың теориялық та, практикалық та мəселеле-
рін терең зерттеп, жете білу үшін қажет. Лексикалық, грамматикалық мағыналары бар, ретіне қарай
100
үстеріне əрқилы қосымша реңктер жамап алып, өзге сөздермен əртүрлі қатынасқа түсе алатын атау-
шы есімдер іштей зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, есімше, еліктеуіш сөздер де-
ген сөз таптарына бөлінеді. Қазақ тілінде барлық сөздер семантикалық жəне морфологиялық белгіле-
ріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінсе, солардың бірі — көмекші сөздер. Сөйлемде өз алды-
на жұмсалмай, өзге сөздермен тіркесіп қана қолданылатындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөз-
дермен салыстыру арқасында ғана жеке-дара сөз есебінде бөліне алады. Мысалы: Қаламгерлер мен
ғалымдар, өнер адамдары мен мəдениет қайраткерлері өзінің жазу үстелінің үстінде əртүрлі əсем
статуэткалар, қыран құстың, айбатты аңның мүсіндері тұрғанын жақсы көреді деген сөйлемде
мен жалғаулық шылауы лексикалық мағыналары жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да
атаушы сөздерден өзгеше. Ал ерекшелігі — бұл сөздердің лексикалық та, грамматикалық та сипатта-
ры жеке-дара тұрғанда айқындалмайды, тек атаушы сөздермен тіркескенде ғана, солардың арқасында
анықталады.
Көмекші сөздер грамматикалық сипаттарына қарай ішінара үш жікке бөлінеді: жалғау-
лықтар, септеуліктер, демеуліктер. Осының ішінде біздің қарастырғалы отырғанымыз жалғаулық-
тар ең кемі өзара екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты. Мысалы: Көктем мен күзде өзеннің
буы бұрқырап жататын; Соңғы жылдарда мен Қазақ Совет энциклопедиясында, ол М.О.Əуезов
атындағы Əдебиет пен өнер институтында — академия шаңырағы астындағы қанаттас екі меке-
меде қатар қызмет істедік деген сөйлемдерде берілгендей мен/пен жалғаулығы бірыңғайласқан есім
сөздерді, қимыл атауларын жəне кейбір субстантивтенген сөздерді бір-бірімен байланыстырады.
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер синтаксистік теңдікпен қатар олардың арасында түрлі мағыналық қа-
тынас та болады, оны білдіретін амалдар жалғаулық шылаулар (мен/бен/пен, жəне) болып табылады.
Мен/бен/пен, жəне жалғаулық шылауы зат есімнен немесе субстантивтенген басқа сөздерден
болған бірыңғай мүшелі сөйлемдер байланысады жəне осы жалғаулық шылаулар арқылы байланыс-
қанда бірыңғай мүшелерге тəн септік формалар тек соңғы сөзге жалғануы арқылы екеуі бірдей ортақ-
тасып тұрады. Мен/бен/пен жалғаулық шылауы тек зат есім мен субстантивтенген сын есім, есімше
сөздерден болған мүшелерді ғана байланыстыруы жəне бірыңғай мүшелердің форма қабылдауына
ықпал етуі бұл жалғаулық шылаудың о баста септік жалғауынан дамып шыққандығына байланысты.
Жəне жалғаулық шылауы бұрыннан қолданылып жүрген жалғаулық шылау болғанмен, кез кел-
ген бірыңғай мүшелер арасына қойыла бермейді. Мен жалғаулық шылауы оның мағынасы дегенмен
əуендес болатындықтан, əдебиет тілінде ол екеуінің қолданылуында едəуір стильдік айырмашылық
бар. Мысалы, Асылан мен Жомарт қуаныса үйлеріне жүгіріп кетті деген сөйлемде мен жалғаулық
шылауының орнына жəне жалғаулығын қоюға болар еді, бірақ ол бірыңғай мүшелердің мағыналық
байланысы бірдей болмайды. Жəне жалғаулық шылауы да бір түрлі формадағы жалаң я күрделі зат
есім, сын есім, есімдік, етістік сияқты атаушы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы: Құ-
ныға оқығандарым француз, орыс жəне испан классиктерінің кітаптары. Сонымен қатар жəне жал-
ғаулығы салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жеке сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыс-
тыра береді. Мысалы: Соның жартысын жариялағанымыздың өзіне риза бол жəне аяқ астынан
мұндай шығарма туып қалғаны үшін бізге рахмет айт дескен болатын (Ə.Нұршайықов).
Сөзіміз дəлелді болу үшін Р.Б.Нұртазина, А.Д.Сейсеновалардың «Мен оқимын, ойлаймын, ой-
наймын» атты балалар əдебиетіндегі мен/бен/пен, жəне жалғаулық шылауларына сандық тəжірибе
жүргізілді. Аталған көмекші сөздердің мəтін ішіндегі сөз таптарын өзара байланыстырудағы сандық
нəтижесін шығардық. Мен/бен/пен, жəне жалғаулық шылауы мəтін ішінде көбіне зат есім мен зат
есімді, зат есім мен сын есім, сын есім мен сын есімді тіркестіру қабілеті басым екенін тəжірибе ба-
рысында байқадық. Сандық тəжірибеге алынған балалар əдебиеті 233 беттен, 45530 сөзден тұрады.
Оны төмендегі кесте бойынша көрсеттік.
К е с т е
Жалғаулық шылаулар
Сөз таптары
мен бен пен жəне
Барлығы
1 2
3
4
5
6
Зат есім+зат есім 113
4
40
29
186
Зат есім+сын есім 8
3
11
Зат есім+етістік
1
1
Зат есім+есімдік 3
2
5
Зат есім+еліктеуіш
1
1
Сын есім+сын есім 1 8 9
Сын есім+зат есім
7 7
Сан есім+сан есім
2 2
101
1 2
3
4
5
6
Сан есім+есімдік
1
1
Етістік+етістік
7
7
Етістік+зат есім
12
12
Етістік+сын есім
1
1
Етістік+есімдік
1
1
Есімдік+есімдік 1
3
4
Есімдік+сын есім
1 1
Үстеу+үстеу
3
3
Үстеу+сын есім
2
2
Шылау+зат есім
1
1
Шылау+есімдік
3
3
БАРЛЫҒЫ 127
4
43
84
258
Жүргізілген зерттеу нəтижесінде сөз таптары жағынан ең мол қолданылғаны зат есім екен. Тіл-
тілдердегі зат есім атаулары ретінде ең мол пайдаланылатыны, өздеріне тəн дербес толық лексикалық
мағыналары бар негізгі тірек сөздер екені белгілі. Сондықтан да зат есім сөздері адам қатынас құралы
тілдің негізгі қаңқасы іспетті болып келетіні аян. Мысалы, Ол түріктерде — қожа Насреддин, əзір-
байжан мен парсы халықтарында — молла Насреддин, өзбек пен тəжіктерде Насреддин əфенді де-
ген атқа ие. Бəріміз Жұлдыз бен бөбекті шығарып алуға перзентханаға бардық. Осылайша тез мə-
нерлеп оқудан жарыс өткізген Марат пен Азат минутына 120–130 сөз оқу жылдамдығына жетті.
Жоғарыдағы сандық тəжірибе кестесінен байқағанымыздай, 233 беттік балалар əдебиетінде көбі-
не зат есім + зат есім, зат есім + сын есімді байланыстыру арқылы мен/бен/пен жалғаулықтары
жалғануы арқылы жасалынса, ал жəне жалғаулық шылауы сөз таптарының көбін бір-бірімен жалғай
отырып, жай сөйлемнен күрделі сөйлемдер жасалатындығын кестеден көруге болады. Мысалы, Маз-
мұны бойынша қарасам, ертегілер мен əңгімелер, жаңылтпаштар мен мақал-мəтелдер, өлеңдер
мен жұмбақтар, ойындар мен ойланып шешімін табуға бағытталған тапсырмалар да бар екен.
Етістік пен зат есімнің байланысуы арқылы: Сағат тілінің қозғалуы мен жүрісіне қарап, уақыт-
тың қалайша өтетінін бақыла. Зат есім мен сын есімнің байланысуы арқылы: Келесі ойын жоғары
класс оқушысы мен үлкен кісінің (ағаң немесе апайың) арасында ойналуы мүмкін.
Сын есім сен есімнің байланысуы арқылы: Жақсы мен жаман.
Мен жалғаулық шылауы тек зат есімдерден не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден бол-
ған бірыңғай мүшелерді байланыстырады. Ал жəне жалғаулық шылауы барлық есімдерден үстеулер-
ден жəне етістіктерден болған бірыңғай мүшелерді біріктіреді. Онда да соңғы жалғаулық шылау си-
рек жұмсалады. Оның жиі қолданылатын орындары сөйлемде əлденеше бірыңғай мүшелер қатар кел-
генде олардың алдыңғылары не интонация, не мен жалғаулық шылауы арқылы байланысады да, тіз-
бектелген бірыңғайлардың ең соңғысынан бұрын жəне қойылады
2
.
Мысалы, Алақай, бұның бəрін өзім оқимын, содан кейін ойланамын жəне ойнаймын! — етістік +
етістіктің байланысуы арқылы. Келіпті қалай тұлымға, қалай шаш өріміне айналдыру тəсілін 2-ші
жəне 3-ші суреттерге қарап түсінесің — сан есім + сан есімнің байланысуы арқылы. Сеніңше, бұл
нақыл сөз дұрыс жəне дөп айтылған ба? — сын есім + үстеудің байланысуы арқылы. Ыстық жəне
суық деген анықтамаларды қалай түсіндіресің? — сын есім + сын есімнің байланысуы арқылы.
Бауырсақты кім жəне қалай пісірді? — есімдік + есімдіктің байланысуы арқылы. Алда саған зор ден-
саулық, талмас қайрат, қажымас талап, терең ой жəне ұмытылмас бақытты кезеңдер тілеуші кі-
тап авторлары — зат есім + етістіктің байланысуы арқылы. Аспан көрінісі жазда жəне күзде қандай
болады? — үстеу + үстеудің байланысуы арқылы.
Сөз таптарының ішкі жіктелген бөліктерінің түрлері тілде біреуі аз не көп қолдануы мүмкін.
Статистикалық зерттеу тəжірибесі бойынша олардың қолдану жиілігін анықтау үшін кейбір шаралар-
ды алдын ала белгілейтін бағдарламаларды іске қосу қажет. Сөз таптарының сөздерге тəн морфоло-
гиялық ерекшеліктері олардың өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай арнайы жалғау-
лық шылаулар арқылы сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қатынасқа түсіп отырады
3
.
Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, негізінен, біркелкі болған-
дарымен іштей нақтылық жəне абстрактілік, жалпылық жəне жалқылық сияқты семантикалық катего-
рияларды да қамтиды. Көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлықтай нақтылы заттармен байланыс-
ты ұғымдарды білдіретін сөздер — нақтылы (деректі) сөздер, мысалы: Ол өзінің кішкентай туфлиі
мен қысқа көйлегін кисе де өзін үлкен санайды. Ол сəнденбейді, моншақ пен сағат тақпайды. Аза-
мат, саған тəтті шоколад жəне науат ұнай ма?
102
Ойлау, топшылау қабілеттері арқылы танылатын сөздер — абстрактті (дерексіз) сөздер. Мыса-
лы: Сағат тілінің қозғалуы мен жүрісіне қарап, уақыттың қалайша өтетінін бақыла. Қожанасыр — мо-
мынның демеушісі, қорлық көргеннің жақтаушысы, ақиқат пен əділдіктің төрешісі.
А.Ысқақовтың айтуынша, нақты ұғымдардан абстрактті ұғымдар туа беретіні сияқты, адамның
ойлау қабілеті дами келе, керісінше, абстракт ұғымдардан конкретті ұғымдар да туа беретін болған.
Осыған сəйкес конкретті зат есімдерден абстрактті зат есімдер де, керісінше, абстракт зат есімдерден
конкретті зат есімдер де жасала береді. Осы себептен қазіргі тілдегі абстракті ұғымдармен түйісіп те
отырады. Сонымен қатар тілде бастапқы ақиқат нəрсенің атынан туғанымен, одан мүлдем қол үзіп,
тіпті алыстап кеткен абстрактті ұғымдарды білдіретін сөздер де көп. Керісінше, бастапқы абстракт
ұғымдардан туғанымен, мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздер де көп. Сөйтіп, сөз мағы-
насының конкреттену я абстрактану (деректену я дерексіздену) дəрежесі əрқилы жəне əртүрлі бола-
ды. Бұған оқу, оқушы, оқушылық, жүріс, құбылыс, құбылмалылық, білім, білімділік, ұйым, ұйымшыл-
дық, басқару, басқарушылық тəрізді зат есімдер толық айғақ бола алады
3
.
Қазақ тілінде адам атауларымен байланысты ұғымдардың аттары жəне кісі аттары семантикалық
ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері кім? деген сұраққа жауап берсе, не? деген грамматикалық сұ-
рау адамның өзге барлық жан-жануарлардың жəне күллі заттар мен нəрселердің атауларына қойыла-
ды. Кім?, не? деген сұраулардың жауап беруіне қарай зат есімдер семантикалық жəне грамматикалық
жағынан іштей жалқы жəне жалпы есімдер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Жалқы есімдер деп жал-
пы есімдерден ажырату үшін қойылатын арнаулы атауларды айтамыз. Жазу дəстүрімізде жалқы
есімдер (кім? деген сұраққа жауап береді) бас əріппен басталып жазылады да, жалпы есім (не? деген
сұраққа жауап береді) бірыңғай кіші əріппен жазылады. Тілімізде жалпы есімнен жалқы есім, жалқы
есімнен жалпы есім туа береді. Бірақ жалпы есімдердің жалпы есімдерге ауысуларынан гөрі жалпы
есімдерден жалқы есімдердің жасалуы көбірек кездеседі. Жоғарыда көрсетілген сандық тəжірибенің
нəтижесінен көріп отырғанымыздай, сын есім мен сын есімді тіркестіруде мен/пен, жəне жалғаулық
шылаулары өте аз қолданылса, ал бен жалғаулықты шылауы мүлде қолданылмайды екен.
Есім сөздердің ішінде зат есімнен кейін тұратын сөз табы — сын есім. Семантикалық жағынан зат
есім əр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім не-
ше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ре-
тінде ерекшеленеді. Мысалы: Сондықтан олар өзі бастан кешпеген ерлік пен батылдық, үрей мен қор-
қынышты соғысқа қатынасқан адам сенетіндей етіп суреттей алмайды (Ə.Нұршайықов).
Р.Б.Нұртазина мен А.Д.Сейсенованың «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын»
4
атты балалар əде-
биетінде мен/бен/пен, жəне жалғаулық шылаулар көбінесе зат есім мен зат есімдерді байланыстырып,
0,41 пайызын құрайды, бұл басқа сөз таптарының бір-бірімен байланысуына қарағанда жоғарғы көр-
сеткіш болып саналады.
Ал, жəне жалғаулық шылауын жеке алып қарар болсақ, сөз таптарының барлығын дерлік бір-бі-
рімен байланыстыратындығы жоғарыдағы кестеде анық көрсетілген. Қарастырып отырған мен/бен/
пен, жəне жалғаулық шылауларының ішінде ең көп қолданылатыны мен жалғаулық шылауы, одан
кейінгі орында жəне жалғаулық шылауы, ең аз қолданылатыны пен жалғаулық шылау, ал бүкіл əде-
биетте 4 сөйлем ішіндегі зат есім+зат есімді байланыстырып тұрған жалғаулық шылау — ол бен. Осы
үш жалғаулық шылауға қарағанда жəне жалғаулық шылауы күрделі қызмет атқарады, сөз таптары-
ның барлығын бір-бірімен еркін байланыстырып, орасан қызмет атқарады.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары мəселесі əлі де күн тəртібінен түсе қойған жоқ. Керісінше,
морфологияның əлі болса зерттеліне түсетін түйінді тақырыптарының біріне айналып отыр. Өйткені
«сөз таптары жайындағы мəселелер — тілдің грамматикалық құрылысының, сөздің грамматикалық
құрылымының əрі кіндік қазығы, əрі негізгі арқауы»
5
.
Қорыта келгенде, қолданылуы мен жұмсалуы жағынан зат есім мен зат есімді тіркестіруде жал-
ғаулық шылауларының атқаратын тілдік қызметтерінің молдығын толық дəлелдей түсіп отыр.
Əдебиеттер тізімі
1. Белботаев А.Б. Сөз формаларындағы сөз таптарының статистикалық сипаттамасы (қазақ текстерінен түзілген жиілік
сөздіктер негізінде). Қазақ тексінің статистикасы. – Алматы: Ғылым, 1990. — 139-б.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Білім, 2004. — 182-б.
3. Жұбанов А.Қ. Қолданбалы лингвистика: қазақ тілінің статистикасы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2004. —147-б.
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 132-б.
5. Нұртазина Р.Б., Сейсенова А.Д. Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын. — Алматы: Бауыр, 2003.
103
ƏОЖ 398.87.821.512.122
Ж.Б.Ахметжанова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ ЖІКТЕЛІСІ
В статье выявляются источники народных песен и анализируются их виды. Исследуется
жанровая система песенных текстов Х.Досмухамедова, С.Сейфуллина, М.Ауэзова, А.Мар-
гулана, Е.Исмаилова.
The J.B.Ahmetjanova’s article devotes to works of scientifists, who have showed to small volume
kinds of Kazakh poetry and the base of this work is showing to kinds and volumer of these verses. She
has been analysed the works of H.Dosmuhamedogln, S.Seyfullin, M.Auezov, A.Margulan, E.Jsmaylov
which written about this problem.
Қазақ халқы қай кезеңдерде болсын өрнекті сөзді жанындай сүйіп, қадір тұтып, қастерлеумен
келгендігін өткен өмір бел-белестерінен тануға болады. Бұған күні-бүгінге дейінгі қазақтың сөз өне-
рін зерттеушілердің əр кез, əр шақта жазып қалдырған бағалы пікірлері де жауап береді. Түйіндей ай-
тар болсақ, «ғалымдар қазақтың кестелі өлеңге, сазды əуенге құмар екенін, тіпті əрбір қазақтың бір-
неше шумақ өлең шығаруға құдіреті мен қабілеті толық жететінін атап көрсеткен»
1
. Сандаған ғасыр-
лардан бізге жеткен халық поэзиясы тұрмыс-салт жырлары, батырлық, ғашықтық, тарихи жырлар, ай-
тыстар т.б. деп жүйеленді. Бұл ежелден қалыптасқан жалпылама атаулар болса, халық поэзиясына қа-
тысты тексерулер нəтижесі əрбір түрдің шығу тегі мен дамуына дейін түбегейлі қарастыру қажеттігін
күн тəртібінде ұстады.
Қазақ халқының дарынды ғалымы Ш.Уəлихановтың рухани мұраны жинау, жариялау, зерттеу
ісімен айналысқаны мəлім. Соның ішінде халық поэзиясын алғашқы жүйелеп, тектер мен түрлерге
бөліп, жекелей анықтама жасаушы екендігі ғалымдар тарапынан орынды бағаланған. Ғалымның
«өлең» атауына қатысты пікірі былайша түйінделген. «Өлең» сөзінің қазақ даласына қолданылуға
кіргеніне елу-алпыс жылдан көп аса қойған жоқ»
2
, — дейді. Бұған қатысты қазақтың халық өлеңдерін
түбегейлі тексеріп, көлемді монографиялық еңбектер жазған белгілі ғалым Б.Уахатовтың мынадай пі-
кірі бар: «Шынында да, ХVІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген ақындардың жыр-тол-
ғауларында «өлең» терминінің көп кездесе бермейтіні рас. Оның орнына «жыр», «сөз», «толғау» де-
ген терминдер жиі ұшырасады. Демек, бір замандарда «өлең» терминінен бұрын «сөз», «жыр» деген
терминдер жиі аталған ба деп қаламыз»
3
, — деп жазады. Бұл мəселеге тым терең барып, түрлі пайым-
даулар жасаған ғалымдар болған. Мəселен, Қ.Жұбанов көне дəуірден жеткен Əбдіқадыр Мұрағидың
ХІV ғасырдағы жазылған «Зүбдəтел Əдуар» деген кітабына сүйене отырып, ерте кездегі эпос, музы-
ка, би бір-бірінен айырылмай араласып келгенін, тек кейіндері ғана бөлініп шыққандығын тұжырым-
даған
4
. Бұл тұжырымның қисынсыз еместігін өнер зерттеушілері дəйектеп, əсіресе фольклортанушы-
лар жан-жақты дəлелдей түскендігін ғылыми еңбектердің кез келгенінен кездестіреміз. Анықтай ай-
тсақ, берітінде жазылған Е.Ысмайылов, Е.Тұрсыновтың халық ауыз əдебиетін жасаушылардың
байырғы өкілдеріне қатысты еңбектерінен де, халық поэзиясының бастаулары əмбебап негізде қалып-
тасқанын анықтай түскен
5
. Асылы, бізде «қазақ халқы өлеңге бай», «қазақтың əрбір күні өлеңсіз өтпе-
ген» деген жалпылама өлеңге қатысты ұғым-түсініктер түрлі дəуірлерге қатысты өзгерістерден туған.
Ұлы ақын Абайдың өзі «өлең — сөздің патшасы» деуінде бүкіл поэзияға қатысты толық түсінік тұр.
Əйгілі Шоқан өзінің қазақ поэзиясына қатысты еңбегінде «өлең» ұғымын кең мағынада алған
2
. Соны-
мен қоса дарынды ғалым «Өлеңді айтушы кімдер?» деген сауалға да жауап берген. «Белгілі өлеңші-
лер шығарған я бұрыннан бар өлеңдерді домбыраның, қобыздың, болмаса қимыл-қозғалыстың сүйе-
мелдеуімен айтып берушілерді өлеңшілер дейміз»
6
, — деп жазғанының өзінде де өлеңге қатысты аса
кең танымдық мəн-мағына тұр.
Жоғарыда айтылған Əбдіқадір Мұрағи еңбегінде қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы ата-баба-
ларының бəрі сөз арқылы дауыспен айтылатын өнерді «ыр» жəне «дола» деп атағандығын Қ.Жұбанов
ескерткен. Көршілес қырғыз күні бүгінге дейін «ыр» дегенді қолданады. Ғалым Б.Уахатов бұл мəсе-
лелерге айырықша назар аудара отырып, мынадай тұжырымдар жасаған: «Мысалы, қырғыздарда осы
күнге дейін «ыр» деген сөз бар. Бұл біздің «жыр» дегенімізден гөрі «өлең» деген сөзімізге жақын.
Сол сияқты татарлардың «жыр» деген сөзінің мағынасы біздің «өлең» деген сөздің мағынасын бере-
ді
7
. Соған қарағанда татар мен қырғыздың атауларында сонау көне дəуірден келе жатқан ұқсастық
104
бар сияқты. Алайда қарақалпақ, өзбек, алтай, құмық секілді халықтарда біздің өлең дегенімізді əрқай-
сысы əртүрлі атайды. Қарақалпақтарда — қосық, өзбектерде — қушиқ, алтайлықтар — қожоң, құ-
мықтар улан дейді. Бұл бұрынғы бар халыққа ортақ ыр (жыр), дола (толғау) сияқты атаулардан бір-
жола бөлініп шыққан, өз алдына тың, соны сөздер»
8
, — деп жазады. Шындығына жүгінсек, бұл мəсе-
ле Махмұд Қашқаридың «Дивани лұғат-ат түрік» еңбегі мен «Кодекс Куманикус» секілді ертедегі жа-
зылған еңбектерде көне қыпшақ тілінде «ула» деген сөзге мəн беруге жетелейді. Себебі, бұл сөздің
мағынасы бірін-бірін қиюластыру немесе əлде нені жалғау болып шығатындығын түркі сөздігімен ай-
налысып жүрген ғалым өз еңбегінде ескерткен
9
. Керек десеңіз, көне қыпшақ тіліндегі «ула» сөзінің
өлеңге қатысты қолданылатынын ескерсек, осы атау құмық тілінде де, қарақалпақ тілінде де «улан»
деп қолданылып отырған. Қазақ тіліндегі қазіргі қолданысы — «өлең». Сөздің ауысу мəселесінде
əртүрлі транскрипцияға түсетіндігі ғылымда орынды айтылып келе жатқандығы мəлім. Олай болса,
қыпшақ тіліндегі лесикологиядағы «ула», «улағұл» сөздері якуттерде «олонго» (өлең айту) сөзімен
тамырлас
7
, басқа халықтарда қандай өзгерістерге түскендігін жоғарыда атап кеттік. Жалпы, біздегі
қолданылатын «өлең» сөзінің түп төркіні көне қыпшақ тілінен пайда болғанын мойындау орынды.
Оның қаншалықты қисындылығын қазіргі түркі тектес халықтарындағы поэзияға қатысты көне та-
ным-түсінік түрлі сөз өнеріне қатысты атаулардың шығу тегі мен қалыптасуы аңғартады.
Ал, өлеңге бай қазақ халқының өнері тек пен түрлерге ерекшелеуді қажет ететіндігі белгілі. Бұл
мəселе төңірегінде ХІХ ғасырдағы В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаев т.б. қазақ
халық өлеңдерін бірнеше түрлерге бөлгендігі фольклортану ғылымында орынды аталып келеді. Ха-
лық өлеңдерін тікелей эпикалық көлемді жыр, дастан, толғаулардан бөлектеп, оның айтушылары
«ақын» екендігін нақтылауда ғылымда қисынды дəйектелген. Ол үшін төмендегі пікірлерді айта кету-
дің қисыны бар. Мысалы, қазақтың ақындары қолына домбыра алып, ауыл-ауылды аралайтындығын
айта отырып, халық өлеңдерін жинастырып, азды-көпті пікір айтқан М.В.Готовицкий былай дейді:
«Қазақ халқы — əн құмар халық. Олардың бəрі бұрыннан белгілі я табан аузында туған бір əуенге са-
лып өз ойларын немесе алған əсерлерін өлеңмен хикаялауға барынша құмар-ақ. Белгілі ақын я өлеңші
домбыраға қосып, өлең айтқан кезде қазақтар оны бар жанын салып, сүйсініп тыңдайды. Бірде-бір
жиын, бірде-бір ойын-сауық өлеңсіз өтпейді»
8
, — деп жазуы, жалпы ақындарға қатысты айтылғанын
аңғару қиын емес. Пікіріміздің қисынсыз еместігін Г.Н.Потаниннің пайымдаулары нақтылай түседі.
Ол былай дейді: «Қазақтардың поэзиясы мен музыкасы тығыз байланысты, өлең шығарушы, бір жа-
ғынан, композитор, ол шығармасына əуенді де, ырғақты да өзі табады, — дей келіп, — қазақтар ара-
сында ақындық творчество аса дамулы, ақын деген сахараға сыймайды»
9
, — деп жазуынан халық
поэзиясының əмбебап көрінісін, ауызша айтылудағы табиғатын танимыз. Ауызша шығармашылықта-
ғы сазгерлік, əншілік, ақындықты бір өзі арқалаған таланттар аз ба еді? Оған дəлел ретінде мыңдаған
мысал келтіре де беруге əбден болады. Алайда əншілік, сазгерлік, ақындық өнерлердің бір-бірінен бө-
ліне бастауы да болатындығын жоққа шығара алмаймыз. Айталық, ақын есімі тікелей айтысқа қатыс-
ты екендігі анықталған. Оның ерекшелігі суырыпсалмалылығы мен тапқырлығына байланысты. Əн-
шіні ерекшелейтін қасиеті — үні, даусының əсемдігі. Бұл ретте қазақ айтысының шығу тегі мен да-
муына қатысты ұзақ жылдар тексерулер жүргізген М.Жармұхамедұлының төмендегі түйіндеуі орын-
ды айтылған: «Əдебиетіміздегі суырыпсалма дəстүрінің айқын көрінісі ақындық жəне жыраулық поэ-
зияның алғашқы негізі бір, екеуі халықтың сонау көне замандардағы тұрмыс-салт жырларынан бас-
тау алатыны мəлім»
10
, — деуі де өлеңді жасаушының қызметін айқындай алатындай. Сонымен, өлең-
нің иесі кім екендігіне көз жеткізсек, ендігі мəселе сол өлеңдердің тектеріне фольклорлық тұрғыдан
назар аударуға тура келеді. Бұл істе ХХ ғ. басында А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев,
С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Əуезов, Ə.Марғұлан, Ə.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев т.б.
ғалымдардың зерттеулері нəтижелері ғылымда орынды бағаланып келеді. Жалпы халық өлеңдері ту-
расындағы ертелі-кеш айтылған пікірлерді екшеп, жан-жақты тексеру арқылы күрделі монография-
лық тұрғыдан Е.Ысмайылов пен Б.Уахатовтың жазған еңбектері ғылымда айрықша бағаланатыны біз
ашқан жаңалық та емес. Халық поэзиясына қатысты жанрлық жүйелеуші А.Байтұрсынов бүгінгі тұр-
мыс-салт өлеңдерін негізінен салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі деп бөліп, оларды ортақ сарындама де-
ген атаумен берген.
Қазақ халық өлеңдеріне қатысты Х.Досмұхамедұлы жүйелеуінде мақтау өлең, жоқтау, үгіт өлең,
болжал өлең, үйлену тойы жырлары, емшілік өлең, өтірік өлең, діни өлеңдер, боғауыз өлеңдер деп
жіктеген
11
. Бұладың бəрі қазақ өлеңдерінің жекелей жанрлық түрлері. Бұл тұрғыда Е.Ысмайыловтың
жинақтай айтуының мəні бар. Ол былай деп жазады: «Өлең қазақ поэзиясының негізгі түрі: көне салт,
əдет-ғұрып поэзиясы да, əндердің текстері де, айтыс, ғашықтық жырлардың көпшілігі де, кейінгі поэ-
зияның негізі де осы өлеңмен жазылған. Өлең қазақ əдебиетінде əн — өлең (песня) ұғымында да,
105
өлең — жыр (стих) ұғымында да жүреді. Өлең қазақтың барлық тарихи өмірінде біте қайнасып ара-
ласқан. Ойын-сауығын да, əзіл-қалжыңын да, қайғы-қасіретін де, жорық-соғысын да, өлім-азасын да,
той астарын да, мерекелерін де бəрінде өлеңмен бейнелеген жəне қазақтың бірер ауыз өлең айтпайты-
ны сирек»
12
, — деп жазуының өзінен-ақ ғалымның өзінің алдындағы халық мұрасына қатысты пікір-
лер қозғаушылар еңбегімен хабардар болған деген түйінге келеміз. Халық поэзиясына қатысты қазақ
өлеңдерінің негізгі бастаулары тұрмыс-салтқа қатыстылығы ғылымда мойындалған. Бұл орайда қазақ
халық өлеңдерін кең көлемде зерттеуші Бекмұрат Уахатов халық өлеңдерін былайша жіктеуді ұсынған:
− еңбек-кəсіппен байланысты өлеңдер (аңшылық, төрт-түлік, наурыз);
− наным-сенім өлеңдері (бақсылар сарыны, арбау-байлау өлеңдері);
− əдеп-ғұрыппен байланысты өлеңдер (балалар өлеңдері, үйлену салт өлеңдері, мұң-шер өлеңдері);
− лирикалық өлеңдер (қара өлең, тарихи өлеңдер)
13
.
Ғалымның жоғарыдағы жіктеулеріне дейін аталған А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сей-
фуллин, М.Əуезов, М.Сильченколар жүйелеулері болса, бұдан кейін С.Қасқабасов, Б.Əбілқасымов,
Ш.Ыбыраев, Г.Болатовалардың тұрмыс-салтқа қатысты өлеңдерді жанрлық жағынан болып қарауы
ғылымда орын алған еді. Бұнымен қатар кейінгі К.Матыжанов зерттеуінде «қазақтың отбасылық ғұ-
рып фольклоры» атты жаңа атау қалыптасып, онда əлпештеу фольклоры, үйлену ғұрып фольклоры,
азалау фольклоры деп бөлініп, оған қандай өлең-жырлар жататындығы көрсетілді
14
.
Қазақ фольклортану ғылымында тұрмыс-салт жырлары, əдеп-ғұрып немесе отбасылық ғұрып
поэзиясының түрлері біршама орнығып, жан-жақты ертелі-кеш зерттеліп жатқаны мəлім екендігін
атап кеттік. Халық өлеңдері саласының ендігі бір маңызы лирикалық өлеңдер екені белгілі. Бұл тұр-
ғыдан жоғарыдағы аталған ғалымдар пікірлері əр кез, əр шақта айтылып келді. Бұл мəселеде А.Сей-
дімбек, М.Тілеужанов зерттеулерінде назар аударылып, қара өлең табиғатына байланысты тексерулер
жүргізілді
15
. Жанрлық тұрғыдан тұжырымдар жасалды. Негізінен лирикалық өлеңдерді төмендегідей
түрде жіктеу қажетті назар аударарлық:
− қара өлең;
− əн-өлең;
− тарихи өлең;
− хат-өлең.
Еліміздің тəуелсіздік алуына байланысты мəдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның
ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тиым салынған Кеңес дəуіріндегі тақырыптар қайта қа-
рауға мүмкіндік туды. Мəселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде
танылуға тиісті қазақтың тархи жырлары жан-жақты тексеріле бастады. Бұл мақсатта қазақ тарихи
жырларына қатысты З.Сейтжанұлы, Б.С.Рақымов, С.Сəкенов, Г.Рымбаевалардың ғылыми зерттеулері
лайықты бағаланды
16
. Қазақтың лирикалық өлеңдері қатарынан орын алатын, рухани құндылықтар-
дың бірі — тарихи өлеңдер. Тарихи жырды зерттеуші-ғалымдар бұл мəселеге шолу түрінде назар
аударып, тарихи өлеңдердің тексерілуі қажет екендігіне байланысты орынды ескертулер жасап келді.
Жанрлық ерекшелігіне қатысты ғылыми бағалы пікірлер айтыла бастады.
Қазақ халқының басынан кешкен ірілі-ұсақты оқиғалар көптігі бүгінгі таңда жан-жақты бағасын
ала бастады. Міне, соның нағыз шынайы көрінісі, халықтың түрлі оқиғаларға деген ашу-ыза, көңіл-
күйі шағын тарихи өлеңдерде сəулесін қалдырған. Айтылу барысында тарихи өлеңдегі арман-тілек,
мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық жырлар туғызуға ықпал еткен.
Оның нақты сыр-сипатын ашу, поэтикалық болмыс-бітімін саралау ең бір күрделі тақырып бола ала-
тындығын осыдан аңғаруға болады. Себебі, шағын тарихи өлеңдегі түйін елдің тағдыр-талайы, бас-
тан кешкен тар жол тайғақ кешуі екені анық. Жалпы, шағын көлемдегі халық поэзиясының түрлерін
танудың негізі — қазақ халқының əдеп-ғұрып, салт-дəстүрін, тарихын тану болмақ.
Əдебиеттер тізімі
1. Қасқабасов С. Фольклорлық мұра жəне қазіргі мəдениет // Халық поэзиясы жəне бүгінгі өмір. — Алматы: Ғылым,
1976. — 119-б.
2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. — Т. І. — Алма-Ата, 1961. — С. 200.
3. Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. — Алматы: Ғылым, 1974. — 33-б.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы, 1966. — 310–318-б.
5. Ысмайылов Е. Ақындар. — Алматы, 1956; Тұрсынов Е. Қазақ ауыз əдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. — Ал-
маты, 1976.
6. Курышжанов А. Исследование по лексике «Тюркско-арабского словаря». — Алма-Ата, 1970. — С. 209.
106
7. Уахатов Б. Этнографическое обозрение. — Кн. ІІІ. — 1889. — С. 77; Сонда, 74-б.
8. Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. — Алматы: Мұраттас, 2001. — 11-б.
9. Байтұрсынов А. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1989. — 246–261-б.
10. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 14–35-б.
11. Сейфуллин С. Шығармалары. — Алматы, 1964. — Т. 6. — 455-б.
12. Əуезов М. Əдебиет тарихы. — Алматы, 1991. — 240-б.
13. Қазақ əдебиеті тарихы. — Т. І. — І кітап. — Алматы, 1960.
14. Тілеужанов М. Ел əдебиеті. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 96–103-б.
15. Рахымбаева Г.Қ. Шығыс Қазақстан өңіріндегі тарихи жырлар: Канд. дис. автореф. — Алматы, 2005. — 27-б.
16. Рақымов Б.С. Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшелігі // Жанрово-стилевые процессы в фольклоре и литературе: Сб.
науч. тр. — Караганда: Изд-во КарГУ, 1995. — С. 45–53.
ƏОЖ 821–512–122
Г.К.Дүйсеке
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Достарыңызбен бөлісу: |