«МАНАС» ЖЫРЫНДАҒЫ АЛМАНБЕТ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ
ҚАЗАҚ ЖƏНЕ ҚЫРҒЫЗ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ
В статье рассматривается эволюция исследования создания образа Алманбета — одного из
героев духовного наследия киргизского народа эпоса «Манас». Анализируются мнения казах-
ских и киргизских учёных. Оцениваются труды, посвященные истории, типологии, эволюцион-
ному развитию этого эпического образа.
This aticle devotes the evolution of research of making the character of one of personage for moral
riching of Kyrghyz people – epose of “Manas” Almanbet.Have been analysed for scientific position
the opinions of Kazakh and Kyrghyz scientists. The works for history, typology, evolution of this ethi-
cal personage are marked.
Кең құлашты қырғыз халқының рухани мұрасы «Манас» жыры эпикалық көркемдік қуатымен
көптеген елдің ғалымдарын өзіне қызықтырып, назарын аудартып отырған. Бұл орайда олардың ең-
бектерін тізбектеп, санамалап шықсаң оның өзі көлемі жағынан ең ұзақ жыр болып саналатын жыр-
дың өзінен аспаса, кем соқпайды. Дегенмен, жырдың əртүрлі сипаттарын зерттеу нысанасы еткен өз-
ге халық ғалымдарының еңбектерінен зерттеу зерделілігі, таным-талғамы жағынан манастану ғылы-
мын қалыптастырып, дамытып отырған бауырлас қырғыз-қазақ ғалымдарының орнын ерекше атап
70
өту лəзім. Оның басты себебі қандас, бауырлас екі елдің бастан кешкен сан ғасырлық тарихи кезеңде-
рін көпқабатты эпикалық қуатымен қаусырып жатқан жырдың өзінде жатса керек.
«Манас» жырында қазақ-қырғыз тақырыбы бір-бірінен айыра алмастай аса құнарлы беріліп оты-
рады. Сол себепті қазақ ғалымдары манастану ілімінің қалыптасып дамуына көп еңбек сіңірді. Соның
бірі — жырдағы Алманбет образы. Жырдың халықтық сипатын анықтауда Алманбет образының
«Манас» жырындағы басты кейіпкер болуы жəне оған байланысты тақырыптарда жырдың алғашқы
көне стадиясына тəн мифтік-фантастикалық белгілердің мол кездесуі. Жырдағы назар аударарлық
осы құнды көркемдік ерекшелікті, əсіресе қазақ ғалымы Ə.Марғұланның өз еңбегінде терең қарасты-
руы бұл тақырыптың көп зерттелу шартын көрсетеді. Себебі Алманбет образы арқылы «Манас» эпо-
сының көп кезеңдік эволюциясын горизонталды, вертикалды бағытта зерделеуге мүмкіндік туындай-
ды. Сондықтан біз өзіміздің бұл шағын мақаламызда «Алманбет» образына тоқталған қазақ-қырғыз
ғалымдарының еңбектерін саралап өтпекпіз. Бұл орайда қырғыз ғалымдарының ішінен Алманбет об-
разына арнайы зерттеу жүргізген манастанушы-ғалым Р.Сарыпбековтың зерттеулерін басты нысана
етіп, оны қазақ ғалымдарының еңбектерімен салыстырып отыруды мақсат тұтпақпыз.
Қырғыз халқының манастанушы-ғалымы Р.Сарыпбеков өзінің ғылыми еңбегінде «Манас» жы-
рының негізгі қаһармандарының бірі — Алманбет образының эволюциясын типологиялық жəне та-
рихи-салыстырмалық əдістеме бойынша талдауды мақсат еткен. Бұл орайда ғылыми еңбектің авторы
эпостың сюжеттік құрылымының түзілуін, тарихи қалыптасып, дамуын, көп кезеңділігін зерттеудегі
əрбір проблемалық мəселелерді дұрыс қарастыра алғандығын атап өту керек. Себебі эпостық жырдың
эпикалық қуатын тану мəселесінде нақты бір тақырыппен жұмыс жасап, мотивтер мен деталдардың
пайда болу, қалыптасып-даму функциясын əдеби мұраны игерудегі жаңа деңгеймен талдау жасау əлі
күнге дейін өзекті.
Ғылыми еңбектің авторы «Манас» эпосының негізгі қаһармандарының бірі — Алманбет обра-
зын зерттеуде төмендегідей мақсатпен жұмыс жасайды. Біріншіден, Алманбет образы қай дəуірде,
қандай тарихи шартта пайда болды. Зерттеу нəтижесінде эпостағы сюжеттік мотивтердің генетика-
лық бұлақтарын ашу, алғашқы дəуірдегі экономикалық тұрмысын, салт-дəстүр сенімдерін, мифоло-
гиялық түсінігін, идеологиясын, тарихи байланысын анықтау. Екіншіден, Алманбет образы арқылы
эпостың жаңадан трансформациялануын, жаңаланып кірген мотивтерді талқылау. Үшіншіден, клас-
сикалық формадағы «Манас» эпосындағы Алманбет образының алатын орнын, көркемдік функция-
сын айқындау болмақ. Аталған мəселелердіе талдау барысында автор фольклорлық, тарихи-этногра-
фиялық, лингвистикалық материалдарды негізгі зерттеу нысанасы еткен.
Еңбек үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Алманбет оқиғасындағы матриархаттық дəуірдің
патриархаттық дəуірге өту мезгіліндегі əлеуметтік мəселелер қарастырылған. Аталған мəселелерге
анализ жасауда ғалым Алманбет биографиясының жырда өз алдына оқиға болып берілгенін, оның
мифологиялық туылуын, əке мен бала соғысын, оны əрқашан періштелердің қолдауын зерттейді.
Зерттеу барысында жырдағы Алманбеттің ана бойына бітудегі тылсым жоғарғы күштің ықпалы өзге
елдердің эпикалық жырларындағы сюжеттік мотивтермен салыстырылып, типологиялық жағынан
жақсы анықталған. Əрине, эпикалық қаһарманның тылсым жаратылысы түркі тектес халықтардың
эпостарында ғана емес, өзге елдердің батырлық жырларында да кездеседі. Мысалы, ғалым Дж. Том-
сенның «На Муррейских островах луну представляют в образе молодого мужчины, который насилует
женщин, вызывая у них таким образом кровотечения. На основании этих предпосылок можно пред-
пологать, что причиной беременности также должна считаться луна и, действительно, примитивная
мысль пришла к этому заключению. Настоящим мужем всех женщин, говорят маори, является луна»
1
деген пікірінен осыны аңғаруға болады. Мұндай эпикалық сюжеттік мотивтің «Манас» жырында да
кездесуі оның көнелілік сипатын танытады. Ол матриархат дəуірінің патриархат дəуіріне өтуі. Жыр-
дың эволюциялық процесіндегі бұл мəселеге байланысты автор: «Ал кездеги субъективдүү көз ка-
рашта гана эмес, объективдүү турмушта да атанын балага тиешеси болган эмес. Кийин гана баланын
жаралышы, бойго бүтүшү жалгыз енеге каз каранды деген матриархаттык түшүнүктүн үлгүсүнө са-
лып, бирон анын карама-каршысында, баланын бирдон-бир жаратучксу ата деп эсептөө менен тукум-
дун туугандык линиясы атаники боюнча болунушун талап кыла баштаган. Бирок бул күрөш өте узак
убакка созулуп, жеңиш өтө акырындык менен аталык уруу жанна оогог. Анын алгашкы учурунда
баштагы көз караш үстөмдүк кылып, бала реалдуу турмушта өзүнүн атасына төандык болуп, анык
уруусун улантуучу, атасынын атын, фамилиясын алып жүрүүчү өзүнүн атасы эмес, дагы эле жогорку
куч, матриархаттык кездеги культ болуп кала берип, бала экимектүү генеологияга ээ болгон»
2
, — де-
ген пікір айтады. Бұл ғылыми пікірді түрік-монғол елдеріндегі эпикалық жырлардың эволюциялық
процесін спецификалық жағынан дұрыс тану деп бағалауға тұрады. Əрі эпостардағы əке мен бала
71
арасындағы соғысты идеялық тұрғыда түсінуге жол ашады. Жырдағы Алманбетті манасшылардың
ислам дініне сай өзгерте алмауы да осындай тұрақты көне сипаттағы сенімінен екені даусыз.
Бірінші тараудың соңында автор «Алманбет оқиғасының» ескі дəуірде, аналық дəуір құлап ата-
лық дəуір билікке келген кезде, пайда болғанын айта келіп: «Биздин оюбузча бул сюжеттер алгач
учурда өз алдынча айтылган. Тема жагынан жакын болгондуктан булар кийин эпостун кайра курулуу
тезшменде көктиминацияланып бир сюжетке биригишкен»
2
, — деп жазады.
Ғалым еңбегінің екінші тарауында Алманбеттің образындағы мифтік-фантастикалық элемент-
тердің көріну мəселесі сөз болған. Эпикалық жырлардағы мұндай белгілер архаикалық сюжеттермен
мифологиялық элементтермен жаңғырығын өзгешелене жырлауына байланысты əдеби мұраны зерт-
теу ғылымында жырдың көнелілігі деп танылған. Жырдағы Манастан кейінгі Алманбеттің образында
осындай элементтердің көптігі көңіл бұрарлық. Оның «Қытайдан оқып келген» фантастикалық ілімге
ие екендігін манасшылар жеріне жеткізе жырлап сюжеттік оқиғаларда кеңірек суреттеген. Мұның өзі
Алманбет образының ескілігін, эстетикалық жағынан мəдени каһарманға жақын тұрғанын дəлелдей-
ді. Эпикалық жырдағы Алманбет образының осындай ерекшелігін таныған ғалым оның айналасынан
топталған мифологиялық-фантастикалық элементтерге көңіл аударып, оны орыс, түрік-монғол жыр-
ларымен типологиялық жағынан зерттеуді бағыт еткен.
Еңбектегі қарастырылған элементтің бірі — Алманбеттің туылысы. Жырдағы оқиға бойынша
Алманбет туылғанда Алатау қорыққанынан ойпат болып, ағын су қорыққанынан сай болып, жетпіс
күн жаңбыр жауып, жер дірілдеп қытай хандарын ғана емес, табиғатты да бағындырушы батыр бала-
ның дүниеге келгені хабарланады. Дəл осындай оқиғаны ғалым орыс жырының қаһарманы Волхтың
туылысымен салыстырады. Ол туылғанда да күн күркіреп, жер мен теңіз шайқалып, табиғаттың жа-
сырын сырын өзіне бағындырушы ұлы күрескердің дүниеге келгені суреттеледі. Эпикалық жырдағы
осы ұқсастықты автор былай түсіндіреді: «Бул эки образдын ортосунда типологиялық жалпылык
жаткандыгында. Алманбеттин образын абайлап караганыбызда андагы архаикалык белгилердин көп-
чүлүгү Волхтун образы менен өтө окшоштукка ээ. Мунун өзө эки образ тең адепки учурунда адамзат
коомунун өсүп-өнүгүүсүнүн бирдей баскычтарында жаралганын күмөндөндүрбойт, башкача айткан-
да Алманбеттин праобразы Волх сыяктуу эле адамзат табиятты өзүнө багындрууга улуу күрөш ача
баштаган алгачкы общиналык коомдун мезгилинде пайда болгон»
2
.
Əрине, Алманбет типіндегі қаһармандардың балалық шағында үйінен немесе туған жерінен əке-
сінің (немесе жақындарының) ықпалымен қуылып өзге жерде батырлық күшке ие болып, ескі дəуір-
лік кезеңге тəн сыйқырлық өнерге ие болуы эпостардағы тұрақты мотивтер. Бұл жағынан алғанда Ал-
манбет дүние жүзі елдерінің шығармаларындағы көптеген қаһармандармен типтес. Аталған мəселе
бойынша кезінде қазақ ғалымдары М.Əуезов пен Ə.Марғұлан да зерттеу жүргізген. Алманбет бойын-
дағы сиқырлы күшті М.Əуезов «Калевала» жырындағы Вейнемейненің образымен салыстырып «сы-
ңары»
3
деген пікір білдіреді де, жырдағы оқиғалармен «Шахнамадағы» сюжеттік мотивтерден ұқсас-
тық іздейді. Ал Ə.Марғұлан Алманбеттің туылысын Қорқытпен, Оғызбен салыстырып сюжет бірлігі
жағынан өте ұқсас болғандықтан, оларды «ерте заманғы бір аңыздан, бір тарихи оқиғадан шыққан»
4
деп бағалайды. «Тарихи дəйектер бойынша, өзінің ата тегін күн сəулесінен шығару ежелгі ғұндарда,
үйсіндерде, Орхон түріктерінде ерекше орын алған. Бұл монғол-түрік тайпаларының қария сөздерін-
де, тарихи аңыздарында жиі кездесіп отырады.
«Манас» жырындағы атақты қаһарман Алманбетті күн сəулесінен туғызу — оның қарапайым кі-
сіден тумай, бір кезде ел басқарған ханзада тұқымынан шыққанын көрсетеді»
4
, — деген пікірімен сю-
жеттік мотивтің шығу кезеңін де аңғартады. Дегенмен, аталған еңбекте бұл зерттеулер назардан тыс
қалып отырған. Мұны үлкен кемшілік дей алмаймыз. Бірақ бауырлас халық əдебиеттану ғылымы бір-
бірінің жетістіктерін əрдайым назарда ұстағаны жөн секілді. Оның үстіне зерттеулер «Манас» жыры-
на байланысты болған соң мұны ескеру қажет-ақ еді.
Автордың тағы бір көңіл аударған мəселесі — Алманбет атына байланысты оның этимология-
сын ашу. Бұл орайда ғалым Түстік Сібір аймағында жасаған түрік-моңғол елдерінің лексикасынан ал-
бан деген сөздің білдіретін мағынасына үңіледі. Ғылыми еңбекте бұл ұзақ баяндалғандықтан, біз қыс-
қа шолумен негізгі ұғымын беруді жөн көрдік. Албан деген сөз буряттар тілінде сыйқыршылық, құбы-
лып кетушілік, қайта туылуға қабілетті, жамандық, жын перісі деген мағынаны білдіреді екен.
Монғол тілінде илбен формасында осы мəнде кезіксе, тувалықша илби — фокус, илбичи — фокусник,
алтайлықша илби — көз байлау, сыйқырлау, якутша албан — епті, айлакер деген мəнде қолданылады.
Осы мысалды келтірген автор эпостың салтында (əсіресе алғашқы үлгісінде) қаһарманның атқарған
ісіне, кəсібіне байланысты болу мүмкін екендігін ескертіп: «Биздин көз карашыбызча Алманбеттин
аты ушул «Албан» менен этимологиялаш»
2
, — деген қорытынды пікір білдірген.
72
Жырдағы авторлық назарын аударған есімнің бірі — Байың. Ол Алманбеттің əйелі болған Ару-
кенің атасы, Қайыптың ханы. «Байың түрк-монгол элдеринин көпчулугунда аңчылыктын құдайы ка-
тары бүгүнгү күнга чейин белгилүү. Ырас, кийин монотестик мусулман динине кирген кыргыздар-
дын эпосунда, статусун өзгөртүп, Байың –Кайптың қудайы эмес, каны» деген автор жырдың мұсыл-
ман дініне дейінгі алтайлық дəуірде пайда болғанын дəлелдеп өтеді. Сонымен қатар жырдағы Алман-
беттің сыйқырлы өнерін өзінен кем иеленбеген Аруж бен Қожашаш образдарына да тоқталады.
Аруж — Қайыптың ханының қызы. Ол өте сыйқыршы қабілетке ие. Ол сыйқыршылық өнері бар Ал-
манбеттің өзінің көзін байлап тастайды.Бұл туралы М.Əуезов те өз еңбегінде атап кеткен
3
. Ал Қожа-
шаш жырда Алманбетпен бірге жер астында сыйқыршылық өнерді меңгерген кейіпкер есебінде су-
реттелген. «Шоқ ғазат» соғысында көрінген ол Алманбеттің дұшпаны есебінде баяндалып, ақыры
Манасты барлық досынан (Алманбет, Шұбақ, Сырғақ, Аққұла) сыйқырлы жебесімен қайырады. Жыр
соңында Қожашашты Манас өлтіреді.
Автор пікірінше, Қожашаштың образы шамандық діндегі буряттардың жауын-шашын құдайы
Хухередей мергенге жақын. Ол тоғыз қанатты көк боз ат мініп жүрсе, «Манаста» Қожашаш көк бай-
тал мінеді. Жоғарыдағы автор келтірген элементтер бойынша ой түйіндесек, Алманбет образы қыр-
ғыз елінің байырғы дəуіріндегі мифтік-фантастикалық түсініктерінің топырағында дүниеге келген.
Сондықтан ол «Манас» эпосындағы қаһармандық образдарының көпшілігінен ескі.
Еңбектің үшінші тарауында «Манас» эпосының батырлық эпос болып қайтадан жаралу мезгілін-
де Алманбет образына кірген жаңа белгілер деп аталады. Еңбекте Алманбет образына кірген жаңа
белгілер ретінде эпостағы əлеуметтік мотивтер көрсетілген. Автордың пайымы бойынша, бұл əлеу-
меттік мотивтер жырға ХVІ–ХІХ ғасырларда кіргізілген болуы мүмкін. Сонымен бірге жырдағы осы
əлеуметтік мотивке ешқандай діни қоспалар қосылмаған деп санайды
2
. Жырдағы Алманбет образы-
ның прототипі ұйғыр қолбасшысы Күлү Баганы атайды. Күлү Баган ұйғыр ханы Чжан-Синге қарсы
839 жылы көтеріліс жасап, кейін қырғыздарға өткендігі
5
ғалым А.Н.Бернштам еңбектерінде аталған.
Ал М.Əуезов Манас батырдың прототипін осы соғыстағы қолбасшы Яғлаһар бейнесінен іздеген
6
.
Бұл орайда ғалымның Алманбет бейнесінің прототипін іздеу бағыты дұрыс болғанымен, Алман-
беттің образына жаңадан кірген элемент діни түсінік екенін жоққа шығаруы ағаттық секілді. Себебі
жырда (Сағымбай, Саяқбай нұсқасы) Алманбеттің қытай ханымен араздасып кетуінің бір себебі дін
мəселесі болған. Ол ең алдымен Көкшеге келіп, оны мұсылман етеді жəне өзі де мұсылман болады.
Жырдағы осындай элементтерді Ə.Марғұлан «Оғызнаме» жырымен салыстырып тарихи шындықтар-
дың бетін ашады. Сондықтан Алманбет бейнесіндегі əлеуметтік мотивтермен бірге діни мотивтердің
де болғанын жасырмау қажет секілді. Жəне де бұл екі сюжеттік мотивтің де жырға кейін қосылу мүм-
кіндігін де əлі қарастыру аса қажет. Себебі олар жаңа түсінік болғанымен, жырдың шығу тарихының
алғашқы кезеңін де танытатын диалектикалық ұғым. Сондықтан Алманбет образына кіріктірілген
жоңғар-қалмақ дəуіріндегі əсерді басқа қырынан таныған дұрыс болмақ.
Шағын ізденісімізді қорытындылар болсақ, жырдағы Алманбет образының эволюциялық өсу
процесін анықтауға бағытталған ғалымның зерттеулерінде эпикалық образдың типтендірілуі, толы-
сып эпикалық дəстүрлі жолдан өткендігі типологиялық жағынан салыстырмалы-тарихи тəсіл негізін-
де қарастырылған. Зерттеу нəтижесінде Алманбетке байланысты оқиғалардың ең байырғы дəуірлер-
ден, яғни матриархат дəуірі құлап, патриархат дəуірі орнаған кезден басталып, кейін қоғамдық-идео-
логиялық өзгерістердің ықпалымен біраз өзгерістерге түскені анықталған. Анықтау барысында архаи-
калық формадан, мифтік-фантастикалық элементтерді қамтыған қаһарман бейнесінен кейінгі дəуірдің
реалды қаһарманға айналу процесі əлеуметтік конфликт нəтижесінде зерделенген. Шаманизмдік бел-
гілер, фантастикалық элементтер көп сақталған Алтай өңірі елдерінің жырларымен типологиялық, ге-
нетикалық жағынан салыстырулар жасалған. Бұл еңбектің ғылыми жетістіктері. Ал ғылыми еңбекте,
біздің ойымызша, төмендегідей кемшіліктер де жіберілген секілді, олар:
1. Эпикалық жырдың эволюциялық өсу процесін, көп стадиялығын бауырлас қазақ, өзбек, түрік
жырлармен де типологиялық, генетикалық жағынан қарастыру қажет еді. Себебі жырдың энциклопе-
диялық сипаты көшпелі қоғамдық дəуірдің салт-сана, əдеп-ғұрып дəстүрлері түсінігінде жасалып, іш-
кі құрылымы композициясындағы сюжеттік мотивтері соған сай құрылғандықтан, ортақ заңдылық-
тарға бағынады.
2. Зерттеу еңбекте манастану ғылымына үлес қосқан ғалымдар арасында Ш.Уəлиханов пен
М.Əуезов еңбектері аталған. Бірақ олардың еңбектері, ашқан ғылыми жаңалықтары тақырыпқа сай
қозғалатын тұста аталмай өтеді. Көбінше орыс ғалымдарының еңбектері негізге алынады. Осылардың
ішінде Алманбет образының тарихилығына типтелуіне, эволюциялық өсу жолына тереңдей барған
академик, ғалым Ə.Марғұлан еңбегінің аталмауы үлкен кемшілік секілді.
73
3. Ғылыми еңбекте Алманбет қытай адамы болып қарастырылады. Əрине, жырда да солай беріл-
генімен, ол кейбір версияларда Қытайдан қашып шыққан қолбасшы. Жақып пен оның баласы Манас-
пен аталас туыс та болып суреттеледі. Осыған орай ғалым Ə.Марғұлан Бесбалық қаласының Қытайға
қарап тұрған кезіндегі түрлі саяси оқиғалардың сырын ашып, Алманбетті ұзақ уақыт Қытаймен соғыс
жасаған қарахандар тұқымынан шығарады. Аталған пікірдің ғылыми мəні зор. Сондықтан жырдың
эволюциялық процесін анықтауда тарихи оқиғаларды байланыстыра қараудың еш əбестігі жоқ. Қайта
мұндай элементтер халықтық мұраның ұлы, қасиетті рухын тануда, идеологиялық, эстетикалық маз-
мұнын ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Қорыта келгенде, қазақ жəне қырғыз манастану ілімін бір-бірінен бөліп жарып қарастыруға бол-
майды. Ортақ рухани мұраны, ортақ ғылыми-зерттеушілік бағытта зерттеудің уақыт өткен сайын
өзекті болып келуі осының айқын дəлелі. Екі елдің де манастану ілімі жетістік пен кемшілікке ие.
Сондықтан бір-бірін қайталамай ортақ мүдделі еңбек ету — бүгінгі күн талабы. Сонда ғана ортақ ма-
настану ғылымында жаңарулар мен жаңғырулар болар еді.
Əдебиеттер тізімі
1. Томсен Дж. Исследования по истории древнегреческого общества. Доисторический эгейский мир. — М., 1958. —
С. 208.
2. Сарыпбеков Р. Алманбеттин образының эволюциясы: Автореф. — Бішкек, 1999. — 8–12-б.
3. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет. — Алматы, 1962. — 194-б.
4. Марғұлан Ə. Шоқан жəне «Манас». — Алматы, 1971. — 114, 69-б.
5. Бернштам А.Н. Эпоха возникновения киргизского эпоса «Манас» // «Манас» — героический эпос киргизского народа.
— Фрунзе, 1968. — С. 168.
6. Адамзаттың «Манасы». — Алматы: Рауан, 1995. — 241-б.
ƏОЖ 82.0:821.512.122
Р.Бейсенбаева
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫН ДƏУІРЛЕУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
В статье рассматривается научная концепция Б.Кенжебаева относительно проблем перио-
дизации казахской литературы. Доказывается научная значимость данной концепции как ос-
новного направления в национальной литературе.
This article derotes the scientific conception of B.Kengebaev, which asked about problem of peri-
oding of Kazakh literature. So, scientific mind of this conception like base course in national litera-
ture is facted.
Б.Кенжебаев қазақ əдебиетінің тарихын терең зерттеп жəне тарихты дəуірлеу мəселесіне де көп
көңіл бөлген ғалым. Қазақ кеңес əдебиеті — қазақ əдебиеті тарихының бір бөлшегі, сондықтан да ға-
лымның əдебиетті дəуірлеу жүйесін тағы да бір рет еске түсіріп кетсек артық болмас дейміз.
Зерттеушінің қазақ əдебиетінің тарихы жөнінде жазылған еңбектердің ішінде оқшау тұрған, əлі де
болса концепциясы мықты, ойы тегеурінді еңбегі — «Қазақ əдебиетінің тарихын дəуірлеу». Автор
өзінің еңбегін аяқтап, талдау түйіндерін жүйелеу барысында төмендегідей қорытындыға келеді: «Со-
нымен, жинақтап айтқанда, қазақ халқының бұрын-соңды əдебиетінің тарихын былай жүйелеген дұ-
рыс деп білеміз.
І. Бұрынғы əдебиет (V–ХV ғғ. арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дəуірлеріндегі
əдебиеті. Көбінше, сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ əдебиет.
ІІ. Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиет (ХV–ХІХ ғғ. арасы). Қазақтың өзіндік əдебиеті.
ІІІ. Қазақтың ХІХ ғ. жаңа сыншыл реалистік əдебиеті.
ІV. Қазақтың ХХ ғ. басындағы (1900–1920 жж.) əдебиеті.
74
V.Қазақ халқының Ұлы Октябрь Социалистік революциясынан кейінгі советтік əдебиеті»
1
деп жүйелеу тəртібін аяқтаған ғалым өз ойын былай деп түсіндіреді: «Біз қазақ халқы əдебиетінің та-
рихын дəл осы жүйелеумен жасауды, жоғары оқу орындарында осы тəртіппен оқытуды жөн көреміз».
Ең біріншіден, осы жүйелеу концепциясы əлі күнге дейін сақталып келе жатыр, бұл ғалым еңбегінің
дəлдігі, көзқарасының, ғылыми тұжырымының өміршеңдігі.
Одан кейінгі көзге түсетін бір жайт бар, ол мұндай қорытындыға бірден келе салған жоқ, əр
дəуірдің өзіндік ерекшелігін, сипатын, дəуірлеу принципін егжей-тегжейлі түсіндіріп отырған, ал бір
таңқаларлығы совет əдебиет туралы түсінікті небəрі үш сөйлеммен ғана былайша білдіреді: «Ал, Ұлы
Октябрь Социалистік революциясынан кейін қазақ халқы қоғамдық дамудың социалистік жолына
түсті. Оның жаңа, түрі ұлттық, мазмұны социалистік əдебиеті, мəдениеті жасалды. Ол күннен күнге
өсіп өркендеуде». Кеңестік дəуірде кеңес қазақ əдебиеті туралы берілген бұл анықтама, əрине, жеткі-
ліксіз. Көне дəуір əдебиетінде көсілетін немесе ояну дəуірінің əдебиетінде шабысқа шабыс қосатын
ғалым советтік əдебиеттік əдебиетке келгенде тым ресми, тұйық қорытынды жасаған.
Б.Кенжебаевтың қазақ əдебиетінің тарихын жүйелеудегі ролін белгілі ғалым А.Ісімақова былай-
ша бағалайды: «1973 жылы басылып шыққан кітабының беташары болып тұрған қазақ əдебиетінің
еншісін анықтайтын басты мақаласында əдебиеттанушы Б.Кенжебаев өзі өмір сүрген кеңес дəуірі ту-
ралы бір-ақ абзац береді жəне ол бірінен-бірі қысқа үш-ақ сөйлемнен тұрады»
2
. Сараланып отырған
мақаланың негізі кеңес кезіне дейінгі қазақ сөз өнерінің тарихын қамтиды.
Айтар ғылыми ойы бар, оны ұлттық мүддені қорғауға арнаған əдебиеттанушы-ғалым Б.Кенжеба-
ев кеңес кезінде жазылған бір мақаласында бізге бүгін қажетті дəлелденген ғылыми жоба ұсынып ке-
тіпті. Кеңес кезінде көлеңкесінен қорыққан, бірақ лауазымдары биік əдебиетшілерден бөлініп, ғалым-
дық парызын алға тартқан Б.Кенжебаевтың сол кезде қорықпай «Қазақ хандығы дəуіріндегі əдебиеті»
«қазақтың өзіндік əдебиеті» деп бөліп алуы, қазақтың ХІХ ғасырдағы əдебиетінің дəрежесін сыншыл,
реалистік деп көтеріп («младописьменный» дегенге қарсы), ХХ ғасырдың басындағы əдебиетті
жіктеуі (1900–1920 жж.) төңкеріске дейінгі қазақ əдебиетінің дəрежесі биік екендігін дəлелдеп кетті.
Олай болса, бүгін Б.Кенжебаевтың мұрасын жаңашыл тұрғыдан қарайтын кез келді». Сондай ба-
тыл, дəлдігі мол, ең бастысы туған əдебиетіміздің туын биік, асқақ көтерген бұл пікірмен əрқашан сана-
су керек, əркімге еліктемей, ықпалы демей өз əдебиетімізді танытуға игі ықпал, батыл қадам жасады.
Сонымен, «қазақ совет əдебиетінің қалыптасуы туралы ойымызды одан əрі өрбітейік. Жоғарыда
атап көрсеткендей, қазақ əдебиетінің тарихын бес дəуірге жіктеген ғалым енді жоғарыда аталған ең-
бекте қазақ совет əдебиетінің тарихын бірнеше дəуірге бөліп, жіктей қарастырады. Ғалымның дəуір-
леу жүйесі төмендегідей:
Бірінші дəуір — 1917–1930 жж. арасы (Ұлы Октябрь революциясы, Азамат соғысы мен шаруа-
шылықты қалпына келтіру жолдары»; екінші дəуір — 1930–1941 жж. арасы — елімізді индустриялан-
дыру, колхоздастыру дəуірі; үшінші дəуір — 1941–1946 жж. арасы (Ұлы Отан соғысы кезі); төртінші
дəуір — 1946 жылдан бергі, Отан соғысынан кейінгі кезі».
Мұқият көз жіберіп қарағанда еңбек дүниеге келген алпысыншы жылдардың өзінде бұл жүйе-
леудің логикалық жүйесі, ғылыми дəлдігі мықты екенін анық аңғаруға болады. Енді қазақ совет əде-
биеті туралы сол кезеңдерде, одан кейінірек жазылған кейбір еңбектердегі жүйелеулерге салыстыр-
малы түрде зер салғанда мына жайттарды аңғардық.
Ең алдымен Қазақ ССР Ғылым академиясының тіл мен əдебиет институты дайындап шығарған,
акция алқасы мүшелері академиктер М.Əуезов пен С.Мұқановтардың өздері болған «Қазақ совет əде-
биеті тарихының очеркі» атты (алғы сөз жазған М.Базарбаев) монографиялық еңбекті оқып отырған-
да кеңес əдебиеті туралы жоғарыдағыдай нақты жүйелеу жоқ, алайда «Қазақ совет əдебиеті дамуы-
ның алғашқы кезеңі» (13–36-б.), «Соғысқа дейінгі бесжылдықтар дəуіріндегі əдебиет» (36–70-б.),
«Ұлы Отан соғысы кезіндегі əдебиет» (70–87-б.) жəне «Соғыстан кейінгі жылдардағы əдебиет» (87–
139-б.) деп бөлінетін төрт тарау Б.Кенжебаев бөлген төрт дəуірмен толықтай сəйкес келеді деуге бо-
лады. Əр тараудың қамтыған мəселелері, сыр-сипаттары, тіпті жыл көрсеткіштері де Б.Кенжебаев
жүйелеуінен ауытқи қоймайды.
Дəуір əдебиетін сөз еткенде академиктер М.Қаратаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаев жазған, əлденеше
рет қайта басылып шыққан, мектеп жəне жоғары оқу орындарына оқулық ретінде қызмет еткен «Қа-
зақ совет əдебиетінің» де орны бөлек. Бұл еңбекте былайша жүйелейді:
1. Азамат соғысы мен халық шаруашылығы қалпына келтіру жылдарындағы қазақ совет əдебие-
ті (1917–1929 жж.)
2. Бесжылдықтар дəуіріндегі қазақ совет əдебиеті (1930–1941 жж.)
3. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ совет əдебиеті (1941–1945 жж.)
75
4. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дəуірдегі қазақ совет əдебиеті (1946–1955 жж.)
5. Қазіргі дəуірдегі қазақ совет əдебиеті (1956–1980 жж.)
Бұл жүйелеу де Б.Кенжебаев ұстанымдарымен толықтай сəйкес келеді деуге болады. Атап айтқан-
да, Кенжебаев көрсеткен 1917–1930 жж. арасы 1917–1929 жж. болып сəл ғана өзгерген, сонымен қатар
Ұлы Октябрь революциясы деген анықтама түсіп қалған, біздіңше, Б.Кенжебаев ұсынған «Ұлы Октябрь
революциясы» атауы да жайдан жай алына салған емес, революция 1917 ж. ғана өтіп кеткенмен, оның
қазақ жеріндегі жаңғырығы беріге дейін естіліп жатты, сан-алуан шығармалар жазылды.
Екінші дəуірдің жылдары толығымен сəйкес келеді, бірақ Бейсекең ұсынған елімізді индустрия-
ландыру, колхоздастыру деген нақты атау, дəлелдемелер бесжылдықтар дəуіріндегі болып, жалпы
атауға ауысқан, ал бесжылдықтар өте көп болды, оның шет-жағасы 80 жылдарға дейін жетті.
Қалған үшінші, төртінші дəуірлер кейбір жыл көрсеткіштері болмаса толығымен сəйкес келеді
деуге болады, сонымен қатар Бейсенбай Кенжебаевта көрсетілмеген бесінші — қазіргі дəуірдегі қазақ
совет əдебиеті (1956–1980 жж.) еңбектің беріректе жазылғанын айғақтайды.
Кеңес дəуірі əдебиеті жөнінде жаңа көзқарас, соны пікірлер соңғы жылдары жиі айтылып, жазы-
лып жүргені рас. Сондай зерттеулердің соңғы бірінде: «ХХ ғасыр адам баласының тарихында ең бір
күрделі, қайшылығы да, қалдырар ғибраты да мол дəуір болып табылады, — деп бір түйсе, одан əрі
тағы да. — Бұрын жазылған қазақ кеңес əдебиетінің тарихына арналған еңбектер («Қазақ совет əде-
биеті тарихының очеркі», 1949; «Қазақ совет əдебиеті тарихының очеркі», 1958; «Қазақ совет əдебие-
тінің тарихы» (3 томдық, алты кітап) 3 томы, 5–6 кітабы — 1967; тарихтың жеке проблемаларына ар-
налған көптеген авторлардың зерттеулері бұл күнде ескірді. Ең алдымен ол еңбектерде қазақ əдебие-
тінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес əдебиетінің бір бұтағы ретінде қарасты-
рылды. Тілінің бөлектігі ғана болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологияның ықпалына ба-
ғынды». Иə, ұлттық сипаты жоқ əдебиеттегі көп пікірлер ескірді, ең бастысы А.Байтұрсынов, М.Ду-
латов, М.Жұмабаев т.б. жоқ əдебиетті толыққанды төл əдебиет деуге де болмайды. Бұл зерттеуде
аталған дəуір əдебиеті, негізінен, үш кезеңге бөлініп қаралады. Олар — 20–30 жж. (1917–1940), 40–
50 жж. (1941–1955) жəне 60–80 жж. (1956–1990) əдебиеті арасын қамтиды».
Бұл салыстыруларды толығымен, бүге-шүгесіне дейін тиянақтап, дəлелдеп келтіріп жатқаны-
мыздың бірнеше себебі бар, олар: біріншіден, Б.Кенжебаев дəуірлерінің ғылыми дəлдігіне, логикалық
жүйесінің мықтылығына, дəуір атауларының дəлдігіне дейін көзімізді жеткізе түсу, екіншіден, Бей-
сенбай Кенжебаевқа дейін, одан кейін де жарық көрген монографиялық еңбектердің қай-қайсы болса
да Бейсекең дəуірлеуін басшылыққа алып отырғанын қазақ совет əдебиеті туралы еңбек еткен атақты
ғалымдардың рухтас, тілектес, көзқарастары тым алшақ болмағанын аңғарту болды, үшіншіден, қазақ
əдебиетінің тарихын көне дəуірден бастап зерттеп, дəуірлеп жүрген білгір ғалымның совет əдебиетіне
келгенде де жүрісінен жаңылыспай, қазақ совет əдебиетін дəуірлеу, жүйелеу барысында да талай рет
үлгі болғанын дəлелдеу болды.
Əрине, сол еңбектер жазылған кеңестік кезең, еңбектерде сөз болған кеңестік дəуір əдебиеті та-
рих беттері болып қалды, яғни əдебиет тарихына айналды, демек, бұл кезең туралы да топтап, түгел-
деп пікір айтатын азат ХХІ ғасырға өтіп кеттік. Осы орайда əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни-
верситеті ғалымдары дайындаған «Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихында» (жалпы редакциясын бас-
қарған проф. Т.Кəкішұлы) сол дəуір əдебиеті туралы жаңа концепция ұсынады. Ол концепция дəуір-
леу үлгісі төмендегідей: «Қазақ кеңес əдебиетінің тарихын жүйелей шолған уақытта үш дəуірдің ме-
жесі байқалады. Əдебиеттану ғылымында бұл күрделі мəселе талқыға түсіп, шешімі əлі табыла қой-
ған жоқ.
Біздің байқауымызша, 1917–1937 жж. аралығын бір дəуір деуге негіз бар. Бұл кезеңде қазақ əде-
биеті өзінің көркемдік дамуында профессионалдық əдебиетке тəн жанрларды қалыптастырып үлгер-
ді. Екінші дəуір — 1937–1956 жж. аралығы. …«құрсаулы əдебиет дəуірі» деп атаса да болғандай... Ал
үшінші дəуірі — 1957–1985 жж. аралығындағы тоқырау кезеңі». Бұл дəуір əдебиеті жөнінде мəселе
қойылып, талқыға түсіп жатқаны рас, ол келешектің ісі.
Осылайша, өз дəуірінде озық үлгіде жүйелеу жасаған Б.Кенжебаев тек қана бірінші дəуірге ғана
тоқталып талдау жасаған. 1927–1930 жж. қазақ совет əдебиетінің ең бір қиын, күрделі кезеңі еді, са-
налы түрде сол кезеңді ғана алған ғалым ерлігіне тəнті боласың. Бұл кезең жөнінде бүгінгі күннің жа-
ңаша, жаңғырыққа толы талдаулары да жазылып жатыр. Ойымызды дəлелдеу үшін бірер мысалға жү-
гінсек. Қазақ зиялылары 1925 ж. жария еткен «Алқа» деген ұйымның жарғысында былай депті: «Қа-
зақ əдебиеті тоғыз жолдың торабында тұр. Артында бір жол, алдында мың жол. Мың жолдың ішінде
өзен өрлегені де, шөлге улегені де, барса келері де, һəм барса келмесі де бар. Қазақ əдебиетін мынау
мың жолдың тарауына алып келіп, аңыратып тұрған тұрмыс». Ғасыр басындағы дүбірлі, дүрбелеңді
76
жылдар бір басылмай-ақ, қазақ халқын да, əдебиетін де аңыратып, мың жолдың қайсысымен жүрерін
білмей даң еткені тарихи шындық.
Осы «Алқа» ұйымының жарғысы туралы жаңаша бажайлауда былай деп түсінік береді: «Иə, бұл
дұрыс сөз, қатты ойланыстан шыққан. Қазіргі жайды алсақ, енді артымызда мың жол, алдымызда бір-
ақ жол бар деуге болады. Қиыр-шиыр өмір кешіп, енді тəуелсіздік алған сəтте бір-ақ жол, бір-ақ мақ-
сатқа жүгінсек керек. Ол — еркіндік, адам құқы, ұлт қамы, киелі, іргелі ел ретінде бостандықты,
тəуелсіздікті бекіту, нығайту. Сол себепті өткен кездердегі, мəселен, жиырмасыншы-отызыншы жыл-
дардағы қазақ əдебиетінің жайы бүгін жаңаша бажайлауды талап етеді»
3
.
Бұл келтірілген пікірдің зерттеушілерге ғана емес қалың көпшілікке де берер ғибраты мол, бір
жолдан мың жолға келіп, мың жолдан адаспай бір жолды, дұрыс жолды, тəуелсіздік жолын табу оңай
емес. Сондықтан да мың жол алдында тұрған əдебиет жөнінде жазылған зерттеуді бүгінгі күн тұрғы-
сынан қарап, жаңаша пайымдау жасау көкейкесті мəселе ретінде ғылыми тұрғыдан жалғаса бермек.
Əдебиеттер тізімі
1. Кенжебаев Б. Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. -Алматы: Ғылым, 1973. — 14-б.
2. Ісімақова А. Б.Кенжебаев жəне қазақ əдебиеттануының дəуірлеу мəселесі // Б.Кенжебаев жəне қазақ əдебиеті тарихы-
ның мəселелері. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2004. — 383-б.
3. 20–30-жылдардағы қазақ əдебиеті: Жаңаша бажайлау. — Алматы: Ғылым, 1997. — 33-б.
ƏОЖ 820:821.512.122
А.Б.Жұмағұлов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |