15-билет. Осанка. Осанканың бұзылуына әсер ететін факторлар



бет2/7
Дата19.06.2023
өлшемі434,88 Kb.
#102437
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15,16,17,18 билеттер

Гетерохрония— ағза ұрпағының денесіндегі бір тканьнің, немесе мүшенің күні бұрын немесе кешігіп жетілуі. Гетерохронияға сүтқоректі жануарлардың жаңа туған балаларының аузындағы емуге икемделген тіл еттерінің күні бұрын жақсы жетілуі мысал бола алады.


3. Сенсорлық жүйелер гигиенасы
Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну). Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі — тіл. Солардың бірінің гигиенасына тоқталсам.
Көру гигиенасының талаптары:
1.Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см;
2.Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында.
3.Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек.
4.Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
5.Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған жөн.
6.Баланың жасына лайық жазу,оқу еңбектерініңтеледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
7.Баланың жасына лайық кітпа оқу ұзақтығын сақтау:
16-билет
1. Жыныстық мүшелер және оның жас ерекшеліктері.
Жыныстық жетілу деңгейі немесе жыныстық даму оның пайда болу ретінің мерзімі, сондай-ақ қосымша жыныстық белгілердің даму дәрежесі бойынша анықталады; пубертат алды («пубертат жанындағы») кезеңде, яғни 7–8 жастан 16–17-ге дейін тиімді қолданылады, жаппай антропологиялық зерттеулер кезінде биологиялық жастың критерийі ретінде пайдаланылады. Пубертатты кезең оқиғалары мерзімінде орын алады да, оның серпіні кезінде жеке кезеңіне қол жеткізу туралы куәландыратын жеке кезеңдерді бөліп жарып көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ олардың реті тұрақты болып қала береді. Ұлдардың жыныстық жетілуінің бірінші белгілері – аталық ұрық безінің үлкейе бастауы. Орта есеппен бұл 11–12 жаста болады, нормадан жеке ауытқулар 9 жарым жастан 15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Дамудың максималды қарқынының уақытқа арақатынасы пубертатты кезең оқиғалары келесі ретпен көрінеді: аталық ұрық безінің өсуі – жыныстық мүшенің өсуі – көмейдің үлкеюі – ұмайдың түктенуі – қолтық астындағы шұқырдың түктенуі – бой спурты (дене ұзындығының кенет өсуі) – бет пен денеде шаштың өсуі. Қыздарда пубертаттың алғашқы белгілері – жыныстық бездерінің – аналық бездерінің, бой спурты (дене ұзындығының кенеттен өсуінен) бұрын болатын сүт бездерінің үлкеюі, ол 9–13 жаста басталып, 12–18 жаста аяқталады. Қыздардың жыныстық жетілуінің ең маңызды белгісі етеккірдің (менархенің) басталуы. Берілген ақпарат жыныстық жетілудің ерекшеліктерінің маңызды аспектісін: физикалық және психологиялық жетілуідің сәйкессіздігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет