15-билет. Осанка. Осанканың бұзылуына әсер ететін факторлар


Дәм, иіс сезімдері анализаторлары



бет4/7
Дата19.06.2023
өлшемі434,88 Kb.
#102437
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15,16,17,18 билеттер

3. Дәм, иіс сезімдері анализаторлары
Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан.
Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кезкелген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.
Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.
Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдай бөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады.
Адамның иіс анализаторы басқа жануарға қарағанда нашар дамыған.
17-билет.
1. Ыстыққа және күнге күю, күйік жағдайында алғашқы медициналық көмек
Шағын зақымдану кезінде, алғашқы медициналық көмекті үй жағдайында көрсетуге болады, бірақ, III-ші және IV-ші дәрежелі күйік орын алса, тез арада жедел жәрдемге қоңырау шалған дұрыс. Егер күйген аймақ өте терең болса, қолыңызды тигізбей, медицина қызметкерлерінің келуін күтіңіз. Зақымданған жерге күнбағыс майын жағуға, крахмал себуге, йодпен немесе спиртпен өңдеуге тыйым салынады. Осы қателіктердің барлығы ауырсынуды күшейтіп, жараның жазылуына кедергі келтіреді. Дәрігерге дейінгі көмек күйікті тудырған қоздырғыштан құтылыңыз; зақымдалған аймақты суыту қажет. Бірінші және екінші дәрежеде теріні салқын ағын сумен салқындатады. Бұл процедураны 15 минуттан асырмау керек. Үшінші және төртінші дәрежеде жарақаттанған орынға дымқыл таңғыш байлап, таза салқын суға 10-15 минутқа салып қойыңыз. Таңғышты шешпеңіз; жәбірленушіден сағаттарды, білезіктерді, белдіктерді және сақиналарды шешіп алыңыз, өйткені, ісіну пайда болған соң, оларды алып тастау өте қиын болады; теріге жабысқан киімді ешқашан шешпеңіз; мұз, май және лосьондарды қолданбаңыз; жедел жәрдем келгенше жәбірленушінің тыныштығын қамтамасыз етіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет